Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53


Аэрофототүсіру материалдарын пайдаланып



Pdf көрінісі
бет123/292
Дата06.10.2023
өлшемі11,51 Mb.
#113253
түріОқулық
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   292
Байланысты:
tokpanov-kartografia

Аэрофототүсіру материалдарын пайдаланып, 
топографиялық карталарды құру жəне жаңарту қағидалары. 
Топографиялық карталар уақыт өте келе ескіреді, табиғи жəне 
анторпогендік факторлардың əсерінен жергілікті жерге сəйкес 
келуден қалады. Қазақстан Республикасының барлық аумағы 
əртүрлі масштабты топографиялық карталармен жабылған 
жағдайда оларды жаңарту басты міндеттің бірі болуда. Олар-
ды жаңарту мемлекеттік шекара өзгергенде, жаңа елдімекендер 
салынғанда, ірі шаруашылық нысандардың салынуына байла-
нысты аумақ түрленген тағы басқа жағдайда жүргізіледі. Карта-
ны жаңғырту масштабы біршама ірі, содан соң, барлық масштаб 
қатарын қамтиды. 
Топографиялық карталарды құру жəне оларды жаңарту 
төмендегі кезеңдерді қамтиды: 


202
- техникалық жобасын құру;
- аэрофототүсіру;
- дайындық жұмыстары;
- жоспарлы жəне биіктіктік жаңарту, геодезиялық жұмыстар;
- аэрофотосуреттерді фотограмметриялық өңдеу;
- изосызықтар жүргізу үшін картаның негіздерін дайындау;
- аэрофотосуреттерді камералық дешифрлеу, фотограмметрия-
лық əдіспен жергілікті жердің бедерін құру;
- аумақта далалық зерттеу жұмыстарын жүргізу; 
- картаның далалық түпнұсқасын рəсімдеу жəне оларды 
картаның басқа беттерімен үйлестіру;
- картаның түпнұсқасын басып шығаруға дайындау;
- картаның түпнұсқасын тексеріп саралау;
- картаны типографияда басып шығару сатысы.
Дайындық жұмыстары бұрын басылған карталар мен 
аэрофототүсірулерді жинап жүйелеуді, жергілікті жердің 
өзгеруін мұқият талдауды, жүргізілген жұмыстардың көлемі 
мен олардың бағасын анықтауды қамтиды. 1:10 000 масштаб-
ты карта үшін (1:12 000 жəне 1:14 000); 1:25 000 масштабты 
карталар үшін (1:20 000, 1:25 000 жəне 1:40 000) 1:50 000
масштабты карталар үшін (1:32 000, 1:35 000 жəне 1:64 000); 
маэрофототүсірілімдерді құрылатын немесе жаңартылатын 
картаның масштабына жақын етіп алады. Кейде екі масштаб-
ты суретке түсіруді қатар жүргізеді де біршама ірі масштабты 
түсірілімдер фотограмметриялық əдіспен өңделеді, ал ұсақтары 
далалық зерттеулерге қолданылады. Фотограмметриялық 
приборлар жергілікті жердегі түсіру жағдайларын жоспар-
лы жəне биіктіктік негіздермен байланыстыруға, немесе 
түсірілімдерден бағдарлайтын тірек нүктелерін анықтауға 
қолданылады.
Тірек нүктелері қызметін жаңартылатын карталардағы 
өзгеріске ұшырамаған, жаңартылмайтын телімдерінде жазылған
геодезиялық негіздеу нүктелері мен жер бедерінің биіктіктік 
белгілері атқарады. Тірек нүктелерін анықтау дəлдігі 0,1 мм 
құрайды. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   292




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет