206
аумақтық
бөлінуіне, географиялық атауларға тікелей қатысы бар
анықтамалар мен статистикалық деректер;
– əдеби-сипаттау материалдары, ғылыми-техникалық есеп-
тер, кітаптар, журналдар т.б.
Бастапқы карталар мен тірек нүктелерінің тізбелері негізінен
картографиялық материалдарға, қалғандары
картографиялық ма-
териалдарды толықтыратын дерек көздеріне жатады. Қатаң та-
лаптар негізгі бастапқы материалдарға қойылады.
Олар картаның масштабына, мазмұнының толықтығына,
дəлдігіне, заманауилығына, сапалы рəсімделуіне қойылатын
техникалық талаптарға сəйкес келуі тиіс.
Картаның шыққан жылымен бекітілетін дерек көздері мен
ондағы картографиялық материалдар заманауи болуы тиіс.
Дерек көздерінің заманауилығын дəлелдеу үшін
кезекші кар-
талар
қолданылады. Олар уақыттың қазіргі кезеңінде əкімшілік-
аумақтық
бөлінуде, елді мекендерде, қатынас жолдарында,
гидрографиялық элементтерде тағы басқаларда болған барлық
өзгерістер кестеалық дəлдікпен түсірілген карта болып табылады.
Карта бойынша кезекшілікті картографиялық кəсіпорындардағы
арнайы ақпараттық қызмет тұрақты түрде жүзеге асырады.
Картографиялық материалдарды жинақтап бағалағаннан кейін
картаның сарапшысы мазмұны, атқаратын қызметі,
пайдалану
дəрежесі мен əдістері, техникалық өлшемдері (құруға негіз бо-
латын пішімі, кесінді карталары мен дерек көздері, жаңа картаға
қажетті бастыратын бояу саны тағы басқалар) жазылған картаны
құру туралы нұсқау жазылды. Мұнда математикалық элементтері
мен оны құру əдістері, тақырыптық мазмұнының құрамдас
бөліктері жіктеліп, оларды құру барысында
жинақтау туралы
нақты нұсқаулар беріледі. Шартты белгілері жобаланып, түсінік
сөздері жасалады. Картаның жеке бөліктерінің экспериметтік
үлгілері құрылады.
Достарыңызбен бөлісу: