217
дардан тұрады. Жазулардың үйлесуі қарапайым ДБ түзеді. Кез-
келген деректер базасы берілген өлшемдер бойынша сұранысты
іздеу қабілетіне ие болады. Таңдау нəтижелері картада көрініс
тауып талдау үшін негіз болуы немесе басқа қабатқа көшірілуі
мүмкін. ДБ жолдарымен жұмыс істеу қызметі
жолдың аты мен
оның маңызын, құрылуын, саралануы мен жолды жоюды, каль-
куляцияны, жіктеуді, деректерді қайта топтастыруды немесе
топтардың жалпы мəні негізінде жаңа мəнді алуды қамтиды.
Калкуляция – бұл енгізілген формула бойынша ДБ жинақтау
немесе оның жаңа мəнін алу (мысалы, картаның масштабы
бойынша жер телімінің ауданын өлшеу). Жіктеу-бұл жіктеу
ережесі бойынша жолдың жаңа мəндерін алып əртүрлі
типтегі
нысандарға сапалық бірлігі бойынша сандық кодтар беру. Нысан-
дарды мұндай топтастыру
жіктеу кестесі
деп аталады.
ДБ утелиттері мен ГАЖ кестетік утелиттері əртүрлі тал-
дау қызыметтерін атқаруға жағдай тудырады. Зондлау картада
болмаған аймақтарды (мысалы, нүктелі ластаушылардың əсерету
аймағы). Белгілі бір өлшемдер бойынша ДБ көмегімен нысандар-
ды бөліп алу нысаннан белгілі бір өлшемдер немесе өлшемдер
тобын қанағаттандыратын жаңа қабат түзуге,
сонымен қатар,
қажет болған жағдайда ескісін жаңартып түрлендіруге мүмкіндік
береді. Желілік талдау жақын немесе біршама қолайлы жолды
таңдау; қандайда бір нысандар торының
нысанға ықпал ететін
аймағын; қажетті мекен-жайды тағы басқаларды анықтау үшін
қолданылады. Біршама ірі ГАЖ-де (ArcInfo, InterGraf) де растрлы
бейнелерді талдау, беттердің үлгілерін жасау, арнайы талдау тағы
басқа қызметтері бар.
ГАЖ деректер базасын, электронды карталарды, навигациялық
жəне іздеу жүйелерін құруға қолданылатын əмбебап жүйе бо-
лып табылады. Бірақ онда картаны толық қанды рəсімдеп басып,
дəстүрлі əдіспен басып шығаруға дайындауға мүмкіндік беретін
бағдарламалар жоқ. ГАЖ кемшіліктеріне төменде көрсетілгендер
жатады:
– сызықтарды қисық безьемен ұсынатын сызықтардың (қи-
сық тар сынық сызықтарға аппрексимияланатындықтан,
бейне-
нің сапасы жоғалатындықтан, сандау кезінде жұмыс пен файлдың
көлемдері ұлғаяды) жоқ болуы;
218
– күрделі шартты белгілерді жасау мүмкіндігінің болмауы;
– бір ғана жүйе (RGB) түсті ұсына алады;
– дизайнерлік нəтиженің жоқтығы;
– фототеру құралуын ұсыну мүмкіндігінің болмауы.
ГАЖ-де карталарды бастырып шығаруға дайындау қатты
көшірмені принтер мен плоторда шығару арқылы жүзргізілуі же-
дел міндеттерді шешуге жеткілікті. Бірақ аталған қондырғының
деректерді өткізу шегінің (300-600 dpi) төмендігі, сонымен қатар,
сапасы мен қымбаттығы карталарды тираждауға қолдануға
мүмкіндік бермейді. Түс бөлетін үлдірлерді фототеретін автомат-
тарға енгізу, деректерді өткізу шегін 2500 dip жəне одан да
жоғарыға арттырады.
Бастапқыда ГАЖ картографиялық өнімнің барлық түрлерін
құруды көздейтін əмбебап құрал болу мақсатын көздеген жоқ.
Басымдық оның талдау мүмкіндігі мен ДББЖ байланысының бо-
луына байланысты берілді.
Картографиялық мақсат та қолдануға ГАЖ-САЖ (немесе
тек САЖ) қолайлы. Жоғарыда аталған əдістердің үйлесуінің
артықшылықтарын көрсететін ГАЖ-САЖ технологиясының
болашағы зор.
САЖ-ды пайдалану картаны құрудың технологиялық тізбегін
ең төменгі шегіне дейін қарапайым етуге мүмкіндік береді.
Деректерді ГАЖ нен САЖ-не конвертациялауды, қайта рəсімдеуді,
сызықтарды жойуды тағы басқаларды болдырмайды.
Барлық
қабаттар бойынша сандау, рəсімдеу, саралау жəне ескертулерге
түзету енгізу тек САЖ жүргізіледі жəне қатар орындалады.
Қазіргі кезде ГАЖ мен баспа бағдарламаларын бір-бірімен
жақындау үдерісі байқалуда. ГАЖ-дің кестетік мүмкіндіктері
біршама кеңейуде жəне деректерді экспорттау САЖ классикалық
(ai, eps тағыда басқа) пішімінда жүргізілуде. ГАЖ бірқатар
қызметтері САЖ-не енгізілуіне байланысты біршама танымал
ГАЖ-форматтар мен ДБ қолдайтын модульдер екіншісіне икем-
делуде. Мысалы, MapPablisher
деректерді ГАЖ ден конверта-
циялайды да олардың нысандарын ДБ-мен байланыстырады, 50
астам проекциямен байланысты қолдайды. Түсірулерге коор-
динатты дəл байланыстырады. Бірақ ол ақпараттарды танымал
ГАЖ-ден САЖ ортасына экспорттау үшін жиі қолданылады.
219
Қазіргі кезеңдегі компьютерлік технологиялар дəстүрлі
карталардың электронды нұсқаларын құрумен қатар карто-
графиялық шығармалардың жаңа заманауи түрлерін қалып тас-
тыруға мүмкіндік береді. Егер электронды картаға дыбыстық, бей-
не немесе анимациялық нəтиже берілсе онда олар мультимедиялық
қосымша түріне көшеді. Ақпараттар жан-жақты əрі нақты
берілген картографиялық шығармалар
энциклопедияларға жақын
болады. Мұндай өнімдерде сезім мүшелерімен байланысқан
əртүрлі ақпараттық орталар қолданы
ла
ды. Мультимедиялық
картографиялық өнімнің негізгі түріне көрінетін электронды кар-
талар жүйесінен тұратын электронды атластар жатады.
Достарыңызбен бөлісу: