201
– картаның негізгі бөліктерінің картографиялық кескінделуін,
жабдықтаушы элементтерін, қосмша карталарды, көлденең қима-
сызбалар мен диаграммалардың өзара орналасуын көрсететін
құрастыру макеті;
– маңызды репрезентивті телімдердегі картаның үлгілері;
– əртүрлі аудандар үшін географиялық аудандастыру тəсілдері
мен жинақтау үлгілері;
– картаның мазмұнының барлық элементтеріне арналған
шартты белгілердің үлгілері;
– барлық элементтерінің жазу үлгілері.
Бағдарламада бұдан басқа картаның мазмұнын ашуды
қолдайтын пайдаланылатын барлық картографилық материал-
дар мен дерек көздерінің, географиялық нысандардың (өзен, көл,
елдімекендер жəне тағы да басқалар), тізімі беріледі.
Тақырыптық карталарды құру бағдарламасын жасауға карто-
графтар мен қатар картаның тақырыбы мен түсірілетін аумаққа
сəйкес географтар мен басқада мамандар қатысады. Мұндай
мазмұн бағдарлама сапасының жоғары болуын, сонымен қатар,
картаның дұрыс құрылып іс жүзінде кеңінен қолданысқа берілуін
қамтамасыз етеді. Жетекші инженер-картограф бағдарламаны
жүзеге асырудың барлық үдерістеріне жəне оның мазмұнының
картада дұрыс енгізілуіне жауап беретін саралаушы болып
табылады.
Достарыңызбен бөлісу: