Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53



Pdf көрінісі
бет134/292
Дата06.10.2023
өлшемі11,51 Mb.
#113253
түріОқулық
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   292
Байланысты:
tokpanov-kartografia

224
6 - т а р а у. 
КАРТОГРАФИЯНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ 
6.1. Картографияның Ежелгі өркениет орталықтары мен 
орта ғасырда дамуы
Картографияның Ежелгі Грекия мен Ежелгі Римде да-
муы. 
Адамзат қоғамы мен мəдениеттің даму тарихымен байла-
нысты картография тарихының зерттейтін пəні картографияның 
қалыптасу кезеңдері мен дамуындағы заңдылықтарын жəне оның 
ең жоғарғы сатысы КСРО кезеңі мен Қазқстандық картография-
ны оқып-үйрену болып табылады. 
География мен картография ежелгі өркениет орталықтары 
Ассирияда, Вавилонда, Ежелгі Мысырда, Ежелгі Қытай мен 
Үндістанда біздің жыл санауымыздан бірнеше мың жыл бұрын 
пайда бола бастады. Сол кезеңдегі картографиялқ шығарма саз 
тақтайша мен папирусқа бейне түрінде салынған. Біздің жыл 
санауымызға дейінгі ІІ ғасырда Египетте география мен халық-
тану жəне геометрия жақсы дамыды. Қазіргі Мексикада мекен-
деген ежелгі үндістерде топографиялық карталар, теңіз жəне 
кадастрлық сұлбалар (пландар) болды. 
Қытайлықтар түсбағдармен таныс болып, нивелирлей білді. 
Біздің жыл санауымызға дейінгі ІІ ғасырда Қытайда картогра-
фиялық жұмыстарды орталықтан басқаруды жүзеге асыратын 
картографиялық бюро болған.
Ежелгі Грекиядағы картографияның негізгі даму кезеңдерін 
сол замандағы əдебиеттерден оқып білуге болады. Гомердің 
«Илиадасында» (б.ж.с.д. IX-VIII ғасырлар) Гефест құдайы түсті 
метал лдан жасалған тақта Ахилесте сызылған картографиялық 
сурет туралы жазылады. Тақтада қазіргі топографиялық сұлбаны 
(планды) еске түсіретін өзен мен екі қала, сонымен қатар оның 
маңын дағы бақ пен шалғын кескінделген. 
Б.ж.с.д. IV ғасырдан бастап Милеттік Анаксимандрдың 
«географиялық тақтасы» белгілі. Грекияның бірінші картасын 
құрушы ретінде Эротосфенді атап өтеді. 


225
Тарихшы Геродод (б.ж.с.д.V ғасыр) өз еңбектерінде сол 
кезеңдегі дипломатиялық келіс сөздерде мыс табақлардағы 
карталардың маңызы туралы жазады. 
Б.ж.с.д. ІV ғасырда Жердің шар тəріздес екені туралы 
Аристотольдің ілімі пайда болды . Аристотольдың ізбасары 
Мессиндік Дикеарх (б.ж.с.д ІІІ ғасыр) өз картасында Геркулес 
бағаналары (Гибралтар бұғазы) мен ірі порт пен биік маяк бар 
Родос аралының аралығын қосатын тірек сызығы диафрагма 
жүргізді. Кейінірек Родос арқылы диафрагмаға перпендикуляр 
тірек сызық жүргізе бастады. Бұл сызықтар қазіргі координаттық 
тордың бастамасы болып саналады. 
Б.ж.с.д. ІІІ ғасырда атақты Александрия кітапханасын 
басқарған ғалым Эротосфен Египетте Аристотельдің есептеуі 
бойынша шеңберінің ұзындығы 400 000 стадий болған Жердің 
өлшемін есептеп шығарды. Эротосфеннің есептеуі бойынша жер 
шеңберінің өлшемі 252 000 стадий. 
Б.ж.с.д. ІІ ғасырда астрономияның дамуы карталарды, со-
ның ішінде Эротосфенніңде картасын нақтылауға мүмкіндік 
бер ді. 
Гипарх аспан денелерінің картасы үшін жаңа проекция-
ны қолданып шеңберді 360 бөлікке (градусқа) бөледі. Б.ж.с.д. 
ІІ ғасырда глобус пайда болды Алғаш рет құрылған Картестің 
глобусы шар тəріздес болып, онда бірі экваторды, екіншісі мери-
дианды бойлай орналасқан екі мұхит жəне олардың аралығында 
төрт құрылық бейнеленді.
Картографиялық жəне географиялық ғылыми деректер ІІ 
ғасырда өмір сүрген Александрияның математик, астроном 
жəне картограф ғалымы Клавдий Птоломейдің (90-168 жж) 
еңбектерінде жан-жақты берілген. Ғалымның «Географияға 
басшылық» атты еңбегі мен онда берілген 27 карта он төрт ғасыр 
бойы қолданылды [6.1-сурет]. Птоломей Жерді картографиялық 
кескіндеудің басты географиялық міндетін (бүкіл жер бетін бір 
суретте кескіндеу) орындады.
15–1171




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   292




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет