220
жіктеледі: 1. жазық немесе екі өлшемді; 2. көлемді немесе үш
өлшемді; 3. динамикалық немесе үш, төрт өлшемді.
Бірінші топқа жататын фотосуреттік, телеарналық, сканерлік
машинакестеалық сыяқты жазық немесе екі өлшемді геобейнелер
əлі күнгедейін біршама кең таралған.
Екінші топты блоктық, голографиялық жəне стереоскопиялық
геобейнелер сыяқты көлемді немесе үш өлшемді үлгілер
құрайды. Бүгінгі таңда голограммалар картографияда кеңінен
қолданысқа ие болмай отырғанымен голлограмма-геобейнелерді
құру болашақтың ісі болып табылады. Ол мұхит табанының
көрінбейтін бөліктерін экранда көрсетуге мүмкіндік берер еді.
Үшінші топқа Жер туралы ғылымға біршама жылдам еніп
келе жатқан динамикалық геобейнелер жатады. Ол динамикалық
құбылыстарды оқып-үйрену, сонымен қатар, мониторинг жасау
үдерісіне пайдалану ауқымын кеңейтуде.
Болашақта динамикалық бейнелер карталар мен аэро- жəне
ғарыштық түсірілімдер сыяқты қоршаған ортаны танудың
үйрен шікті құралдарының біріне айналады. Үшінші топқа карта-
дан немесе түсірілімдерден құрылған мультиплекациялық жəне
киномотографиялық геобейнелерде жатады.
Əртүрлі кластардың түйлісінде жоғарыда аталған үш топтың
да қасиеттері үйлескен көптеген құрамдасқан геобейнелер де бар.
Геобейнелердің біртұтас теориясы геокеңістіктің əртүрлі
үлгілерін бір-бірімен беттестіріп, ғаламшардың көптеген кестетік
бейнелерін жүйелеуге, сонымен қарар, геоақпараттану мен
геоақпараттық жүйенлердің дамуына мүмкіндік береді. Геобейне-
лер – (кестетенген географиялық кеңістік) ГАЖ пайдаланушыға
ақпарат ұсынудың негізгі нышаны, ал геобейнелерді автоматты
түрде дайындау ГАЖ атқаратын ең басты қызыметіне айналған.
Достарыңызбен бөлісу: