7.8 сурет.
1:1 000 000 масштабты картаның номенклатурасы жеке
беттерге бөлудің сызбасы
Халықаралық 1:1 000 000 масштабты картаның бұрыш-
тамаларына сəйкес меридиандары 6° бөлінетін
каллоннадан
,
268
параллельдері 4° бөлінетін
қатардан
тұрады. Екі меридианның
аралығындағы 6° меридиандар жолағын
калонна
деп атай-
ды. Каллонналар жолағын санмен белгілеу 180° шығыс
бойлықтан басталады. Батыстан шығысқа қарай араб санымен
белгіленетін калонналардың жалпы саны 60. Бірінші калонна
180° б.б пен 174° б.б аралығымен шектеледі. 60 калонна 174°
ш.б 180° ш.б аяқталады 4° параллеьдер жолағы
қатар
деп ата-
лады. Ол латынның бас əріптерімен белгіленеді. Катарларды
белгілеу экватордан солтүстік жəне оңтүстік полюстерге қарай
жүргізіледі. А қатары экватормен 4°, В қатары 4°-8° шектеледі.
Екі жарты шардағы толық қатардың саны 22 ден 44-ке дейін.
1:1 000 000 масштабты картаның атауы номенклатурасын
белгілеу 4° параллельдер жолағы қатардың əрпі мен 6° ме-
ридиандар доғасының жолағы калоннаның санынан тұрады.
Мысалы, 44°-48° с.е аралығын қамтитын 4° параллельдер
жолағы L қатары мен 78
0
-84
0
ш.б 6° меридиандар жолағы 44
калоннадағы Талдықорған қаласы орналасқан 1:1000000 мас-
штабты картаның бетінің номенклатурасы L-44 [7.8-сурет].
Полюске жақындаған сайын трапециялар біршама
жіңішкеретіндіктен 60-76° ендіктерде карталардың беттерін
4° параллельдер жолағымен меридиандар жолағы екі есе-
ленген 12° қосарланған трапецияларды құрайды. Ал 76-90°
ендіктерде картаның беттері 4° параллельдер жолағы мен ме-
ридиандар жолағы төрт еселенген 24° трапецияны құрайды.
Бұрынғы КСРО карталарының масштабтық қатарлары 1:10
000, 1:25 000, 1:50 000, 1:100 000, 1:200 000, 1:500 000, 1:1
000 000 тұрды. Экономиканның даму қарқынына байланысты
болашақта карталардың масштабы іріленіп, жаңарып отырады
[7.2-кесте].
Егер санайтын болсақ, тек бұрынғы КСРО да ғана
барлық масштаб қатарларының бір-бір бетінің саны 1 790 000
немесе 80 м
3
құрайды.
|