31
Бұл үш мəннің орташа мəні 6371шақырым. Радиусы мұндай
шар өлшемі, ауданы мен көлемі жағынан жер элдипсоидына өте
жақын. Бұл шарда экватор мен полюстың аралығындағы мериди-
андар доғасы 5,5шақырым (0,05%) ұзын, ал экватордың төрттен
бір доғасы элипсоидқа қарағанда 11,2шақырым (1%) қысқа. Элип-
соидты шармен ауыстыруға байланысты туындайтын жоғарыда
аталған қателіктер ұсақ масштабты карталарда байқалмайды.
Бұрмаланудың мөлшерін ең төменгі деңгейге дейін төмендету
үшін алдымен элипсоид шарда, содан соң шар жазықтықта жо-
баланатын екі рет (қосарланған) жобалау əдісі қолданылады.
Ол үшін меридиан жазықтықтары сəйкес келетіндей жағдайға
келтіріліп, шар мен элипсоид бір-бірімен үйлестіріледі. Бұл
жағдайда сфералық бойлық (λ) пен элипсоидтың бойлығы (L) тең
болады. Сфералық ендіктің мəні мен шардың радиусын таңдау
элипсоидты шарда кескіндеу əдісіне тəуелді болады.
Достарыңызбен бөлісу: