Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53



Pdf көрінісі
бет15/292
Дата06.10.2023
өлшемі11,51 Mb.
#113253
түріОқулық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   292
Байланысты:
tokpanov-kartografia

1.2 сурет.
Жердің физикалық жəне теориялық беті
Астрономиялық-геодезиялық жəне гравиметриялық 
жұмыстардың нəтижелеріне негізделіп, əр түрлі елдердің 


25
ғалымдары ат салысып жер эллипсойдының өлшемін есеп-
теп шығарды. Көптеген елдерде геодезиялық координатты 
анықтаудың негізгі əдістерінің бірі болып табылатын өздерінің 
триангуляцияларын құру үшін əр түрлі эллипсойдты қолданды. 
Мысалы, 1886 жылы АҚШ Кларктың, 1910 жылы Финляндияда 
Хейфордтың, 1942 жылға дейін КСРО Бессельдің эллипсойдын 
қолданды. 
1930 жылдары қазіргі Ресейдің геодезия, аэрофотокескіндеу 
жəне картографияның орталық ғылыми зерттеу институтында 
Ф. Н. Красовскийдің жетекшілігімен жұмыс істеген ғалымдар 
тобы кеңестік жəне шет елдер триангуляцияларына талдау жасау 
негізінде эллипсойдтың біршама нақты өлшемін есептеп шығару 
мақсатында зерттеу жұмыстарын жүргізді. Олар КСРО-дағы 
астрономиялық-геодезиялық өлшеу жұмыстары мен ауырлық 
күштері анықтамалары деректерінің нəтижелерін, сонымен қатар, 
АҚШ пен Батыс Еуропа елдеріндегі жұмыстар нəтижелерін 
пайдаланып эллипсойдтың жаңа өлшемін 1940 жылы есеп-
теп шығарды. КСРО-дағы барлық геодезиялық жұмыстарды 
жүргізуге қолданылатын жаңа эллипсойдқа 1946 жылы Ф. Н. 
Красовскийдің эллипсойды деген ат берілді. 
Эллипсойдтың өлшемдерін халықаралық астрономиялық-
геодезиялық ұйым ХХ ғасырдың 60-жылдары Аустралияда жəне 
Оңтүстік Америкада қабылданды. GRS-67 (
Geodetic Refernce 
Sustem, 1967) жəне 
WGS-72 
World Geodetic Sustem, 1972) 
жүйесіндегі эллипсойдтың қазіргі геодезиялық өлшемдерінің 
біршама ертеректегі нұсқалары болды [2.1-кесте]. 
1.1-кесте.
Жер эллипсойдының өлшемдері туралы тарихи деректер
Мемлекеттер (ғалымдар) жылы Үлкен жарты 
білігінің ұзындығы, 
м
Полярлық 
сығылу
(α)
Франция (Делабр)
1800 6 375 653
1: 334,0
Германия (Бессель)
1841 6 377 397
1:299,2
Ұлыбритания (Кларк)
1866 6 378 206
1: 295,0
Ресей (Жданов)
1893 6 377 717
1: 299,0
АҚШ (Хейфорд)
1910 6 378 388 
1: 297,0


26
Ресей (Красовский)
1940 6 378 245
1:298,3 
GRS-67 
1967 6 378 160
1:298,247167247
WGS-72
1972 6 378 135
1:298,26
GRS-80
1979 6 378 137
1:298,257222101
WGS-84
1984 6 378 137
1:298,257223563
ПЗ-90
1990 6 378 136
1:298,39303
2.1 кестенің деректеріне сүйенсек жер эллипсойдының 
сығылуы мен үлкен жартыбілігі өлшемдерінің дəлдігі артқан. 
Американың ортаорбиталық жерсеріктік GPS навигациялық 
жүйесінің арқасында Аустралия, Еуропа, Солтүстік жəне Орталық 
Америка елдерінде қолданылатын координаттар жүйесіне 
негіз болатын қазіргі кездегі GRS-80 (
Geodetic Refernce Sustem, 
1980) 
жəне WGS-84 (
Geodetic Refernce Sustem, 1984)
, сонымен 
қатар,
 
Ресейлік ПЗ-90
 (Жердің өлшемдері, 1990) 
жүйесіндегі 
эллипсойдтың дəлдігі дүниежүзіне кеңінен таралды. 
Ғаламдық картографиялық-геодезиялық міндеттерді шешу-
ге ыңғайлы Жалпығаламдық эллипсойд жəне жекелеген аймақ-
тар мен елдерде қолданылатын референц-эллипсойд болады. 
Айналу эллипсойдының экваторлық жарты білік (
а
) жəне поляр-
лық сығылу (α) өлшемдерінің болуымен сипатталады.Соны-
мен қатар, есептеуде полярлық жарты білік (
b
) жəне меридиа-
нальды эллипсойдтың бірінші эксцентритеті (
е
) өлшемдері де 
қолданы лады. Олардың өзара байланысы төменде көрсетілген 
формулалар мен өрнектеледі: 
α=(
а
-
b
)


е
2
=(
а
2
-
b
2
)

2
;
b
=
а(1-
α) =
а
2
1
е

;
α=1-
2
1
е

;
е
2
= α (2-α)

2
.
Бұл өлшемдер, сонымен қатар, 2.2 кестеде берілген 
WGS-
84

ПЗ-90 
жəне Красовскийдің элипсойдтарының беткі аудан-
дары Қазақстан Республикасындағы картографиялық жəне 
геолезиялық жұмыстар үшін маңызы зор [2.2-кесте].
Жер эллипсоидындағы кез-келген нүктенің орны ендік пен 
бойлық арқылы анықталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   292




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет