330
жəне сапалық айырмашылықтары негізгі шартты белгілерге
аздаған өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы құрылады.
Мысалы, жолдар еске түсіруге оңай сызық түрінде беріледі.
Ірі жəне орта масштабты топографиялық
карталарда мас-
штаб
тық, масштабтан тыс жəне түсіндірмелі шартты белгілер
қол да ны лады.
Картаның масштабына сай қажетті нысандар мен құбылыстар-
дың ауданын, созылған бағыты мен пішінін, ұзындығын,
басқа
нысандарға қатысты орнын анықтауға мүмкіндік беретін шарт-
ты белгілер
масштабтық
шартты белгілер деп аталады. Олар
аудандық (кескіндік) жəне сызықтық деп екіге бөлінеді.
Аудандық немесе кескіндік
шартты белгілер изосызықтармен
немесе нүктелермен белгіленген сыртқы кескінінен жəне
қабатты
бояулармен немесе сапалық түс əдісімен боялған ішкі бөлігінен
тұрады. Оларға топографиялық картаның масштабтына сүйеніп
ауданын, созылған бағытын анықтауға мүмкіндік беретін жер
бедері, көл, орман алқаптары, батпақ сияқты көлемді нысандар
жатады. Қажетті нысандардың ұзындығын анықтауға мүмкіндік
беретін
масштабтық шартты
белгілер
сызықтық
шартты
белгілер деп аталады.
Оларды пайдаланып, ірі масштабты карта-
лардан өзеннің, жолдардың, құбырлардың ұзындығын, созылған
бағытын анықтауға болады [9.1-сурет].
Достарыңызбен бөлісу: