380
Топографтың міндетіне жергілікті жердің сұлбасында (пла-
нында) жергілікті нысандардың сандық жəне сапалық сипатта-
рын белгілеуіде кіреді. Ағаштардың, бағаналардың, көпірлердің
өтетін бөлігінің биіктігін сызғышпен де анықтауға болады.
Нысанның биіктігі (Н)
;
Lh
H
l
=
мұндағы
h
– сызғыш бойынша алынған санның мəні,
l -
сызғыштан
көзге дейінгі қашықтық,
L – нысанға дейінгі жергілікті жердегі
метр есебімен алынған арақашықтық. Осы формуламен адамның
бойы, ағаштың, электр желілерінің бағаналары сияқты биіктігі
алдын-ала белгілі жақын алыстан жақсы көрінетін нысанның
арақашықтығын да өлшеуге болады.
Ашық күндері биіктігі белгілі нысанның көлеңкесін пайдала-
нып нысанның биіктігін де өлшеуге болады. Мысалы, адамның
бойы 1,8 м ал оның көлеңкесі 1,2 м болса көлеңкенің транс-
формациялану коэффициентін есептеп оны басқа нысанның
биіктігін өлшеуге қолдпануға болады. Кітап, таяқ, сіріңке қорабы
сияқты шағын затты пайдалануға да болады. Оның басты шарты
көлеңкенің ұзындығын нысанның биіктігін өлшер алдында есеп-
теу болып табылады.
Геометрияның ережелерін басшылыққа ала отырып бір жаға-
лауында тұрып онша күрделі өлшеулермен өзеннің енін анық-
тауға болады. Өзеннің бір жағасында тұрып екінші жағалау дағы
бір-біріне жақын орналасқан екі бағдарлық нысанды таланады.
Қолды созып, көз алдына бұтаның бір бөлігін ұстайды да,
сол арқылы екі нысанды да бағдарлайды, екі ұшы арқылы ны-
сандар көрінетіндей қашықтыққа бұрын бұтамен өлшенгендей
қашықтықтың жартысындай болғанға дейін жағалаудан артқа
жылжиды. Екі жағдайда да бұтаны көзден бірдей қашықтықта
ұстайды. Жүріп өткен жолдың жұп адымға сəйкес келетін
ұзындығын метрге айналдырады [10.11-сурет].
Достарыңызбен бөлісу: