Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53


Жергілікті жерде теодолиттік жүрістерді жүргізу



Pdf көрінісі
бет236/292
Дата06.10.2023
өлшемі11,51 Mb.
#113253
түріОқулық
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   292
Байланысты:
tokpanov-kartografia

Жергілікті жерде теодолиттік жүрістерді жүргізу. 
Теодо-
лит пен əртүрлі қашықтық өлшегіш құралдарды пайдаланып 
жергілікті жер сұлбасының (планының) далалық түпнұсқасын 
құруды 
теодолиттік түсіру
дейміз. Теодолит жергілікті жердегі 
көлденең жəне тік бұрыштарды өлшеуге арналған казіргі кездегі 
жетілдірілген оптикалық құралдардың бірі болып табылады.
Теодолиттік түсіру көбнесе көлбеулігі 6° аспайтын жазық жер-
лерде жүргізіліп, жерді орналастыру, орман шаруашылығында, 
елдімекендердің жоспарын құру барысында кеңінен қолданылады. 
Теодолиттік түсіру торы жергілікті жерде теодолиттік жүрістер 
арқылы құрылады. Бұрылу нүктелері жергілікті жерде бекітілген 
сынық сызықты желіні 
Теодолиттік жүру
дейміз.
Ол тұйықталған тұйықталмаған жəне бір жағы тұйықталған
көп бұрыш түрінде болады. Тұйықталмаған жүрістер басы 


395
мен аяғында геодезиялық негіздеудің координаттары белгілі 
қосындарына байланыстырылады. Бір шеті геодеодезиялық 
негіздеудің қосынына байланыстырылып, екінші шеті еркін қала-
тын жүріс 
бір жағы байланыстырылған жүріс
деп аталады. 
Теодолиттік жүрістерді атқару кезінде төменде көрсетілген 
жұмыстар жүргізіледі:
– теодолиттік жүрістердің бұрылу нүктелерін қазықпен, ше-
гемен металл құбырмен жəне бағаналармен бекітеді. Олардың 
жанындағы белгілерде нүктенің реттік саны, жұмысты жүргізген 
мекеме аты мен жүргізген жылы көрсетіледі;
– бұрыштарды Т-15, Т-30, 2-Т-30 техникалық теодолиттерінің 
көмегімен бір толық тəсілдер жолымен 30’’ дəлдікпен өлшейді. 
Нүктенің үстіне 5-10 мм дəлдікпен орталықтандырып теодолитті 
орнатады. Нысаналау кезінде дүрбіні (нысаналау түтігі) 
қаданың көрініп тұрған ең төменгі бөлігіне бағыттайды. Көлбеу 
бұрыштары υ
≥ 
±2° болса, онда олардың көлденең ұзындықтарын 
есептеп шығарады. 
– Көлденең бұрыштары бір толық тəсілдер жолымен өлшенеді 
де жартылай тəсілдер арасында лимбаның орнын 90° ауыстырады;
– сызықтың ұзындықтарын 20 м өлшегіш таспамен немесе ру-
леткамен өлшейді. Өлшемнің екі нəтижесін жəне олардың ортақ 
мəнін арнайы даярланған далалық өлшеу кітапшасына жазады. 
Əрбір қабырғаның екі рет өлшенген ұзындығының арасындағы 
айырмашылығы бірінші дəрежелі жүрістерде 1:2000, ал 2 дəре-
желі жүрістерде 1:1000 аспауы тиіс.
Теодолиттік түсірудің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   292




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет