157
Картада кескінделген барлық елдімекеннің аты жазылады, тек
қала маңындағы жекелеген қала текті кенттердің ғана аттарын жаз-
бай қалдыруға болады. Жербедері горизонтальмен кескінделеді.
Негізгі басылым үшін таулы физикалық карталардағы таулы ау-
дандар мен, гипсометриялық карталардла биіктік сатыларына
қарай қабатты бояулармен бояу əдісі қолданылады. Құрлықтағы
жер бедерін кескіндеу үшін 100 ден – 400 м-ге дейінгі аралық
100 метрден; 1000 метрден биіктеген сайын - 200 метрден
жүргізілетін қима биіктіктердің шкаласы қолданылады.
Қабатты бояулар горизонтальдықтар арасындағы – 100метрлік
көрсткіш, 50, 100, 200, 400, 600, 800, 1000, 1400, 2000, 3000, 4000,
5000, 6000 метр аралықтарында жүргізіледі. Негізгі нүктелер мен
орфографиялық сызықтардың ойыс тальвега, етегі жарлардың
жер бедерін кескіндеу дəлдігі 0,5 қимадан төмен болуы тиіс.
Жер бедерінің басқа пішіндерінің кескіні аздап беріледі.
Кескіннің мөлшері мен пішініне, географиялық орнына
тікелей тəуелді. Қосымша талап ретінде картографиялық торлары
жəне басқа жағдайлары ескеріледі.
Достарыңызбен бөлісу: