1 4 - к е с т е . Д а у ы ст ы ды бы стар ды ң ы қ ш а м ү н д е с ім ж ік т е л ім і (А. Б ай түр сы н қисы ны ) Сонда дауысты дыбыстардың жуан-жіңішке
үндесім түрлері бір дауысты дыбыс деп қарас-
тырылады:
1) А тірек дауысты дыбысы екі үндесім ды-
быстан (А ж әне Ә);
2) Ы тірек дауысты дыбысы екі үндесім ды-
быстан (Ы және I);
3) Е тірек дауысты дыбысы бір үндесім ды-
быстан (жуан сыңары жоқ);
4) Ұ тірек дауысты дыбысы екі үндесім ды-
быстан (Ұ және Ү);
5) О тірек дауысты дыбысы екі үндесім ды-
быстан (О және Ө) тұрады.
Егер дауысты дыбыстардың еріндік-езулік
үндесім белгілерін е с к ер с е к , қ а за қ тіліндегі
дауысты дыбыстардың құрамы одан әрі ықшам-
дала түседі. Сөйтіп, дауыстылар құрамы 3 ды-
быстан құралады (15-кесте).
жаса-
тіл алды
тіл ортасы
тіл арты
қүрамы
лымы
езу|ерін
езу | ерін
езу ерін
жалаң
қысаң
Ы
аш ы қ
А
құранды
0
1 5 - к е с т е . Д ауы сты ды бы стар ды ң тір ек (ж уан ) ү н д е с ім ж ік т е л ім і Үндесім фонологиясы тұрғысынан қарағанда
дауысты дыбыстардың ж уан-ж іңіш ке, еріндік-
езулік үндесім түрлері бір дауысты дыбыс бо-
лып табылады. Сонда:
1) А тірек дауысты дыбысы екі үндесім ды-
быстан (А және Ә);
2) Ы тірек дауысты дыбысы төрт үндесім
дыбыстан (Ы, I, Ұ және Ү);
3) О тірек дауысты дыбысы үш үндесім ды-
быстан (О, О және Е) тұрады.
Бірінші топқа ашық дауыстылар, екінші топқа
қысаң дауыстылар, үшінші топқа құранды (диф-
тонг) дауыстылар ж инақталған. Сонымен қазақ
тілінде үш дауысты дыбыс бар болып шығады:
аш ы қдауы сты (немесе А дауысты); қы саңдау-
ысты (немесе Ы дауысты); құранды дауысты
Қ азақ фонологиясы - үндесім (сингармо-
низм) фонологиясы. Ендеше, қазақ тіліндегі тірек
дауыстыларды “ үндесім ф онем а” деп, ал олар-
дың үндесім варианттарын “ үндесім ал лоф он ”
деп атауға болады. Сонда қазақ тілінде 3 тірек
дауысты (фонема) бар. Олар 9 үндесім аллофон
ретінде тарайды.
А (немесе, аш ық) тірек дауысты екі үндесім
аллоф оннан (А - негізгі үндесім аллофон, Ә -
жай үндесім аллофон) құралады.
Ы үндесім (немесе, қы саң) тірек дауысты
төрт үндесім аллоф оннан (Ы - негізгі үндесім
аллоф он, I, Ұ, Ү - жай үндесім аллофондар)
құралады.
О (нем есе, құранды ) тірек дауысты үш
үндесім аллоф оннан (О - негізгі үндесім алло-
фон, О, Е - жай үндесім аллофондар) құралады.
Негізгі жэне жай үндесім аллофондарды бел-
гілеудің шартты екенін ескеру керек. Ш ынды-
ғында, үндесім аллофондардың ф онологиялы қ
мәртебесі бір-бірімен тепе-тең.