72
(ап) түбірлі сөздер.
Мұндағы
абыс, ап
сөзінің мағынасы:
сиқыр, сиқырлық,
тылсым, көз байлағыштық, еліктірушілік.
Моңғол мен қырғыздың көне жазу
ескерткіштерінде бұл сөз аңды алдау жолымен ұстау, тор құру дегенді білдіреді
[110, 89 б.]. Бұл фактілер абыз сөзінің алғашқы түбірі
ап
болғандығын
дәлелдейді,
-ыз, -із
зат есім тудыратын көне жұрнақ.
Ап
түбіріне
-ыз
жұрнағы
қосылғанда кейінгі ықпалдың әсерінен (дауысты ы)
п
-
ның
б-
ға айналып кетуі −
түркі тіліне, соның ішінде қазақ тіліне тән құбылыс.
Ертеде есімге жалғанып,
жаңа есім тудыратын
-ыз, -із
жұрнағының болғанына ешқандай күмән жоқ. Бұл
пікірлерді қазақ тіліндегі
жауыз
сөзі толық дәлелдей алады.
Жау
сөзіне
–ыз
жұрнағы жалғану арқылы
жауыз
ұғымының жасалғаны белгілі.
Сол сияқты
Нұртуған шығармаларында
«байрақ»
сөзі молынан
ұшырасады:
Сен болсаң бұлбұл бақтағы,
Мен едім ашық қызғалдақ!
Сен болсаң асыл арғымақ,
Бәйгеде тұрған мен
байрақ
[Н.К.Іт].
Тарихи деректерге қарағанда мұндағы
байрақ
сөзінің көне түрі
«батрақ»
болса керек. Кейінгі кезде
Достарыңызбен бөлісу: