Қазақ және түрік тілдеріндегі жаңа қолданыстардың лингво-когнитивтік даму жүйесі


 Tereddüt devresi (Күмәнді кезең)



Pdf көрінісі
бет31/100
Дата14.10.2023
өлшемі2,66 Mb.
#114878
түріДиссертация
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   100
Байланысты:
Бисенгали диссертация

2. Tereddüt devresi (Күмәнді кезең)
.
1934 жылы «Диалектологиялық журнал» шыққан күннен бастап 1936 
жылдың 24 тамызында «Күн тілі теориясы» жарияланғанға дейінгі кезең. 
Бұл кезеңде Ататүрік тілді таза түрікшелендіру ойынан бас тартып, тілде бар 
сөздер шығу тегіне қарамастан, тілдік қорда сақталып, тілдік қолданыста қалу 
керек деген пікірге тоқталды.
Оны Ататүріктің 1934 жылы жазушы Фалих Рыфкы Атайға айтқан мына 
сөзінен аңғаруға болады: «Түрік тілі ешбір шет елдік сөзге мұқтаж емес 
дегендердің айтқанын істеп көрдік. Тілді тығырыққа тіреппіз. Ой-пікірімізді 
жеткізе алмайтын халге жеттік. Тілді осы күйде тастап кетеміз бе? Жоқ! Одан да 
оны тезірек құтқарудың амалын ойластырайық!» [127, Б. 451-452].
3. Güneş Dil Teorisi (Күн тілі теориясы)
.
Таза түрікшелендіруден бас тартып, жанды тілге оралу кезеңі. Бұл – 1936 
жылдың 24 тамызында «Күн тілі теориясы» жарияланғаннан бастап 1938 


49 
жылдың 10 қарашасы, Ататүріктің қайтыс болған күніне дейінгі кезең. Теория 
авторы – австриялық тіл маманы Герман Ф. Квергич (Hermann F. Kvergic).
Бұл теория бойынша: «Әлемдегі барлық тіл түрік тілінен шыққан. Алғаш 
тілдің пайда болуына әсер еткен фактор – Күн. Дүние мен адамзат тарихының 
дамуы, дін мен философияның пайда болуына ықпал еткен Күн тілдің пайда 
болуына да әсер етті. Алғашқы адамдар мән берген нақты және абстрактілі 
мағыналар арасында: Күн, Күн сәулесі, жарық, нұр, Күннің ыстығы, от, биіктік, 
үлкендік, көптік, күш, құдырет, негіз, иелік, көмек, уақыт, қашықтық, өмір, өсу, 
көбею, түс, су, жер, құрлық, топырақ, дауыс, сөз т.б. орын алған» деген 
тұжырымдар ұсынылды.
Аталмыш теория барлық көне тілдердің Күнді көрген бірінші адамның 
эмоциялары мен толқуынан туындағанын білдіріп, Күнге байланысты сөздердің 
көптігі мен көнелігіне назар аударды. Соған орай: «Ең алғаш айтылған сөз Күнді 
білдіретін 

(тор, желі, жүйе) сөзі еді, бұл түрік сөзі еді. Басқа сөздің бәрі осы 
сөзден тараған» деген тұжырым жасалды. Бұл кезеңде: «Түрік тілі көне тіл, 
барлық тіл түрік тілінен тараған. Демек түрік тіліне енген шет елдік сөздердің 
түбірі де түрікше, олай болса, ол сөздерді сол күйінде түрік тіліне қабылдай беру 
керек» деген ой-пікірлер басым бола бастады. Бұл бағыт Түркияда сол кезеңде 
көпшілік ықыласына бөленіп, аталмыш теорияға қатысты көптеген ғылыми 
еңбек, жүздеген мақала жарияланды. Соның нәтижесінде «Асыра сілтеушілік» 
кезеңінде басталған «Тілді бөгде элементтерден тазалау» науқаны тоқтап қалды.
Көрнекті түркітанушы Агах Сырры Левенд, осы кезеңде шет елдік 
сөздерге түрікше баламаларды табу жұмыстары тоқтап қалып [128, Б. 439-441], 
тіпті «Тіл төңкерісі» кері шегініп кеткендей әсерде болғанын айтты [129, б. 8].
Алайда көптеген ғалымдардың пікірінше, бұл теорияның авторы 
Ататүріктің өзі еді. Ол бұл теорияны «Асыра сілтеушілік» кезеңін тоқтату үшін 
ойлап тапты [130, б. 479]. Белгілі түркітанушы Зейнеп Коркмаз да осындай пікір 
айтады [131, б. 26].
Джеффри Льюис болса: «Ататүрік – әлемдегі барлық тіл түрік тілінен 
шықты деп айтқан адамға алданбайтындай ақылды. Мұндай сенімнің логикалық 
нәтижесі – барлық араб және парсы элементтерінің тілде қалуы еді, ал бұл оның 
мақсатына қарама-қайшы келді. Сондықтан аз уақыт ішінде болса да, ол 
реформистер тарапынан жасалған таза түрікше сөздерді меңгеріп, оларды 
көпшілік алдында сөз сөйлеп, не хат жазғанда барынша қолданды» деген 
тұжырымға келді [112, б. 75]. 
Льюис айтқандай, Ататүрік көреген адам еді және «Күн тілі теориясы» 
шетел тілдерінің түрік тіліне әсерін азайтпай, керісінше, бүкіл сөздер түрікше 
деп қабылданғандықтан, түрік тілі шетел тілдерінің тікелей ықпалына ұшырап, 
өзінің ұлттық сипатынан айрылып қалатынына әкеліп соғатынын түсінді.
Сондықтан Ататүрік «Түрік тілі қоғамының» барлық жұмыстарына өзі 
қатысып, атсалысты. Оның әсіресе әскери [132] және геометрия [133] 
терминдерін жасауға қосқан үлесі өте зор.
Осы үдерістің қалай жүзеге асқанын белгілі түркітанушы, профессор Суер 
Екер былай деп сипаттайды: ««Тіл төңкерісі» кезінде Ататүріктің қасында 


50 
білімді, этимология мен грамматиканы жетік білетін тіл мамандары жоқ еді. 
Қасында жүргендер болса, Ататүрікке жағынып, ол не десе сол дұрыс дейтін. 
Ататүрік – көптеген терминдердің авторы. Бірақ ол еш жерде мұны ашық түрде 
айтпаған» [134]. 
Тарихшы, ғалым Афет Инан да осы ойды растайды: «Мысалы, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   100




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет