164
-
тәжірибеге ұмтылушылық
- жаңа проблемаларға икемді,
мәселені шешуге бейімділік;
-
талқылауға икемділік
- тапсырманың шегіне шыға алу;
-
ой ұшқырлығы
- тез арада, кенеттен шешім шығару тәсілдерін
өзгерте алу қабілеттілігі;
-
ойлау ерекшелігінің болуы
– өзінше әрекет ету, даралық
ерекшелік, ерекше шешім шығару.
Креативтілікті қалыптастыру мәселесіне сәйкес жазылған
еңбектерді саралай келе, креативтіліктің құрылымдық бөліктерін
бөліп көрсетуге болады: аса сезгіштік, ой ұшқырлығы, жаңаға
ұмтылушылық, шығармашылық қабілеттер, өзіндік ой-пікірлерде
тұра білу, өзіне сын көзбен қарау, қисынды ойлау, жаңаны
сезгіштік, күмәншілдік, әр нәрсеге күмән келтіру т.б.
Креативтілік арқылы адам өмір шындығында өзін-өзі тануға
ұмтылып, ізденеді, өзінің істеріне есеп беріп, кемшіліктеріне сын
көзбен қарай алады.
Жеке тұлғаның креативтілігін, шығармашылық дербестігін
қалыптастыру өте маңызды, күрделі және көп салалы мәселе болып
есептеледі. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың
өшуіне жол бермеу адамның рухани күшін нығайтып, өзін-өзі
тануына көмектеседі.
Креативтілікті қалыптастыру шығармашылыққа жетелейтін
қабілеттер мен шығармашылық қызметің сапасын анықтайтын,
жаңаны тану мен жасауға бейімделуге апаратын әрбір жеке тұлғаға
тән интеллектуалдық үрдіс ретінде сипатталады.
Болашақ мұғалімдердің интеллектуалдық капиталы осы
көрсетілген барлық талаптардан тұратындықтан, қазақ тілінен
алынатын білім де оны биік деңгейде, яғни ғылыми жаңалықтар
ашу, жоғары технологияларды күнделікті қолдану сияқты
талаптарға сай болуы керек. Қазақ тіліне деген қызығушылықты,
адамның креативтік қабілетін ашу, оның шығармашылық ойлауын
қалыптастыру,
әлемді
өзінше
тани
білуге
жетелеу
арқылы дамытуға болады. Қазақ тілін үйрену тартымды да адамға
ой салар, ойын өрістетер, оның қалыптасқан мәдени білімін
жетілдірер тәсілдерге толы болғанда нағыз білім беру құралы
болмақ.
Қазақстан Республикасының үздіксіз
білім беру жүйесі
саясатының басты мақсаттарының бірі жан-жақты, жоғары білімді,
шығармашылық қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.
Достарыңызбен бөлісу: