155
Креативті акмеологияның рефлексиямен байланысы
Адам
өрлеуінің
объективті
көрсеткіштерінің
(немесе
бағыттарының) және оның субъективті даму көрсеткіштерінің
бір-бірімен өзара әрекет жасауды рефлексивті көрсеткіш
қамтамасыз етеді, бұл фактор психологиялық-экономикалық
тұрғыдан алғанда адамның кескіні капитал сапасында жүйе
жасаушы фактор болып табылады. Өйткені, рефлексия -
субъектінің өзіндік санасының мазмұнын қайта жасаушы әрі
қайта ой елегінен өткізуші өзіне талдау жасаушы құрал ретінде
басқа барлық объективті көрсеткіштердің өрлеуіне немесе өсуіне
және адамның капитал санатындағы субъективті дамуында өзара
бір-біріне ықпал жасауды әрі бір-біріне сәйкес үйлесімділікте
болуды қамтамасыз етеді.
Бүгінгі кәсіби білім беру жүйесі тек жасы үлкен аудиторияны
(студентер мен өзінің кәсіби дәрежесін жоғарылату үшін келген
мамандар әрі технологияны меңгергендер) ғана қамтиды, бұл
басқаруды белсенді етудің маңызды шартының бірі, яғни адами
қорларды капитализациялауды жүзеге асыру шарты. Себебі
үздіксіз білім беру жүйесінде үлкендердің кәсіби шеберлігін
дамыту әрі зерттеу арқылы ХХ ғасырдың соңғы үшінші
жартысында пайда болған психологиялық ғылымның жаңа
саласы акмеология ғылымы аталған мәселенің жетістікке
жетуіндегі мақсатты бағыттарды айқындайды (К.А.Абульханова
О.С. Анисимов, А.А. Бодалов, Э.В. Сайко, А.А. Деркач, В.Г.
Зазыкин, Е.А. Климов, Ю.В. Синягин, Н.В. Кузьмина, Р.Л.
Кричевский, А.К. Маркова, И.Н. Семенов, Л.А. Степанова, Е.А.
Яблокова және т.б.) адами қорларды басқаруды өзектілеудің
құралдарын белгілеу үшін және кәсіби білім беру үдерісінде
қатысушылардың рефлексивті-шығармашылық мүмкіндігін дамыту
құралдарын анықтау үшін акмеология ғылымының зерттеулеріне
жүгінеміз.
Бұл үшін тұжырымдамалық-әдіснамалық негіз ретінде
рефлексиялық психологияның, акмеологияның және рефлексивті
педагогиканың ғылыми мектептеріндегі (В.Г. Аникина, И.В. Байер,
Т.Г. Болдина, Е.П. Варламова, Р.Н. Васютин, И.М. Войтик, Г.И.
Давыдова, В.М. Дюков, Н.Б. Ковалева, О.Д. Ковшуро, С.В.
Кузнецов, А.В. Лосев, П.А. Оржековский, Г.Ф. Похмелкина, Ю.А.
Репецкий, И.А. Савенкова, И.Н. Семенов, С.Ю. Степанов және
басқалар) жинақталған сынақ-тәжірибелік зерттеулер тұлғаның
рефлексиясын, ойлауын, басшылардың қызметін, сонымен бірге,
156
рефлексивті - инновациялық жобалар мен басқару және кәсіби
білім беру саласындағы менеджерлердің кәсіби - шығармашылық
өсуінің тәжірибелік рефлетренингтері мен рефлеттехнологияларын
қолданбалы жетілдіру болып табылады.
Кәсіби білім беру жүйесінде рефлексивті-психологиялық
тәсілді жүзеге асыруда мамандарды дайындаудың әртүрлі
өткелдерін және олардың кәсіби шеберлігін жетілдіру жолдарын
да ескеру өте маңызды. Бұл көзқарастардың арасындағы негізгісі
келесілері: жасерекшелік, білімділік, кәсіби, креативті, рефлексивті.
Кәсіби көзқарас кәсіпке қатысты мәселелерді шешуге
бағытталған әлеуметтік тәртіптегі еңбек ету ортасындағы
үдерістегі құзіреті мен білімдерінің нәтижесінде субъектінің алға
немесе жинақтаған тәжірибесін жүзеге асырумен байланысты,
осының нәтижесінде нарықтық әлеуметтік-экономикалық қарым-
қатынастардың интеграцияланған жүйесінде мемлекеттік немесе
жеке ұйымдарға сәйкестендірілген рентабельдік менеджменттегі
адами капиталдың өрлеуін қамтамасыз етеді.
Рефлексивті көзқарас (тұлғаның «Мен» өзін-өзі дамытушы
даралығын өзі түсінуі немесе мойындауы әрі ұжымда орындауға
белгіленген еңбек ету үдерістеріндегі коммуникациялармен
кооперациялардағы әріптестерін түсінушілікпен қараумен байла-
нысты) адамның креативтіленуін, өзін-өзі жетілдіруін, өзін-өзі
дамытуын,
кәсіби
шеберлігін
жасаудағы
психологиялық-
акмеологиялық және әлеуметтік-биологиялық көзқарастардың
өзара бір-бірімен тиісті іс-әрекеттерді қамтамасыз ететін жүйе
жасаушы фактор болып табылады, нәтижесінде, оның әлеумет-
тенуі мен капитализациялану үдерісі пайда болады. Бұл үшін білім
беру жүйелерінде жағдайлар жасалуда.
Коммуникативті рефлексия болашақ мұғалімдерге оны
басқалардың қалай қабылдайтынын, бағалайтынын және ол
қатынастардың мәнін түсінуге мүмкіндік береді. Тұлғалық
құрылымдық тестімен жұмыс жасау арқылы педагогтар қарым-
қатынастар жүйесін қайта жасауға және бағалауға, бөлуге
мүмкіндік алды, сонымен бірге, «Мен-өзектінің» және «Мен-
рефлексивтінің» бірімен бірінің қақтығысуын жеңуге де мүмкіндік
берді. Зерттеу жұмысының нәтижесі «педагог - болашақ мұғалім»,
«болашақ мұғалім - болашақ мұғалім» қарым-қатынастарын
өзектілеуде маңызы бар.
«Педагог» пен «болашақ мұғалім» іс-әрекеттеріне жасалатын
талдаулар сюжеттік-рөлдік ойындар арқылы әрбір педагогтың
157
қажетті және маңызды рефлексиялары туралы әңгімелейтін
арнайы курстар тәжірибесі жүргізілуде. Педагогтың орнында
болашақ мұғалім соның міндеттерін орындауға қабілеттілігі
төртінші-бесінші курстарда мектептегі педагогикалық тәжірибелік
жұмыстарда болады.
Рефлексия - бұл, ең алдымен, ішкі қажеттіліктерін
(қажеттіліктер-қабілеттер) түсінуге және өзін өзектілеуге бағыт-
талған өзіндік тәжірибелік іс-әрекеттерін түсінуге бағытталған
өзін-өзі тануға адамның қабілеттілігі. Рефлексия, кез-келген ойлау
қызметі сияқты сыртқы кескіні болмайды. Нақты бекітілген белгісі
болмаса да, қосалқы белгілерін бақылауға болады: эмоционалды
күйі, мінез-құлқының көріністері және т.б.
Рефлексиялық үдерісте, яғни студент өзін «болашақ мұғалім»
және «педагог» сапасында түсіну кезінде әрі оған талдау жасауда,
сабақ барысында қандай сәттердің болғанын түсінеді, жағдайдың
өзін және өзін таниды. Рефлексия жеке және топпен бірге жүзеге
асады, бұл үдерістердің екеуі де ауызша немесе жазбаша түрде өтуі
мүмкін. Рефлексия уақытында болашақ мұғалімдер мынадай
сұрақтар көмек береді: «Іс-әрекет үдерісінде не алғыңыз келеді?»,
«Шын мәнінде не алдыңыз?», «Шынайы нәтижелер мен күткен
нәтижелердегі жоспарлар бір-біріне қаншалықты сәйкес?»,
«Сәйкестенбеуінің себебі қандай?». Рефлексияның нәтижесінің
студенттердің алдағы іс-әрекеттерін жоспарлауының негізі болуы
маңызды.
Негізгі стратегия рефлексивті кәсіби білімдерді меңгеруді
қамтамасыз ететін шарттарды жасауды, кәсіпқой маманның бір
тұтастықтағы өзіндік рефлексивті мінез-құлқын ынталандыруды
құрайды.
Рефлексия адамға алған нәтижелердің тұжырымын жасауға,
алдағы іс-әрекеттерінің мақсаттарын белгілеуге, өзінің кәсіби
жолын түзетуге көмек береді (Сурет 20).
Рефлексия – қалыптасып аяқталмаған кәсіби сапаларының
тізбегін ғана жасамайды, сонымен бірге, оларды көбейтуді,
дамытуды, қарқындылауды ынталандырады.
Басқа кәсіби сапаларға қатысты рефлексия басты маңызға ие,
сондықтан ЖОО-дағы оқу үдерісі болашақ мұғалім бірінші курстан
бастап рефлексиялары қарқынды әрі мақсатты қалыптасуы керек.
Рефлексияның екі деңгейін бөлу маңызды: өзінің рефлексия.
158
Сурет 20 – Рефлекциядағы іс-әрекеттерінің мақсаттары
оқытуды ұйымдастыру бойынша («педагог» ұстанымынан)
рефлексия.
Психологиялық ғылымдарды дамытудың бүгінгі уақыттағы
кезеңінде рефлексияға көп назар аударылуда. Рефлексияны
дамытуды алғашқы баспалдақтарынан кәсіби сапаларын қалып-
тастыру керек, себебі басқа сапаларға реклексиялық сапалар
түзетушілік, ұйымдастырушылық, интеграциялық қызмет етеді.
Оның қалыптасқандық сатысы педагог-психологтың қаншалықты
өзінің кәсіби қызметі барысын тиімді жүзеге асыруда өзінің
тұлғалық сапаларын түзетеді, интеграциялайтынына байланысты
белгілі болады.
Рефлексивті, креативті ойлау қабілетін дамыту, оның мәнін
кәсібіне байланысты мәселелердің шығармашылық шешімін
жасауда түсіну болашақ мұғалімдердің танымдылық үдерістерін
белсенділеуге ықпалын жасайды, сонымен бірге, кәсіби құзіретті-
ліктерін өсіру үшін жүйелі жұмыс жасайды. Болашақ мамандар-
дың кәсіби-рефлексивті қабілеттері мен біліктіліктерін дамытудың
маңызды рөлі ЖОО-ның оқытушыларына жүктеледі, сондықтан
олардың өздері бірінші орында жоғары кәсіби-рефлексиялық
деңгейді меңгерулері керек және оқыту мен тәбиелеудің, кәсіби
мәселелерді шешудің озық технологияларын меңгеулері тиіс, кейін
бұларды болашақ мұғалімдерге үйретуге қолайлы болады.
Креативті психологияда рефлексияны қоғамды, ғылымды, білім
беру жүйесін гуманизациялау жолдарының бірі деп қарастырады.
Рефлексия оқыту іс-әрекеттерінде ерекше мәні бар. Оқыту іс-
Достарыңызбен бөлісу: |