Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық



Pdf көрінісі
бет75/132
Дата14.10.2023
өлшемі3,13 Mb.
#115145
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   132
Байланысты:
Акмеология оқулық

 
Қоғам және жеке тұлға
Жеке тұлғаның барлық анықтамалары оның дамуының екі 
қарама-қайшы көзқарастарымен негізделеді. Бірінің көзқарасы 
бойынша әрбір жеке тұлға өзінің туылған қасиеттері мен 
қабілеттерінің қатынасында қалыптасады және дамиды, мұнда 
әлеуметтік орта онша үлкен маңызға ие болмайды. Ал екінші 
көзқарастардың өкілдері жеке тұлғаның туылған ішкі белгілері мен 
қабілеттерін толығымен терістейді және жеке әлеуметтік тәжірибе 
барысында толығымен қалыптасатын құбылыс деп санайды. Бұл 
жеке тұлғаның қалыптасу үдерісіндегі көзқарастар болып 
табылады. Бұл құбылысты таңдауда жеке тұлғаның биологиялық 
ерекшеліктерімен қатар оның әлеуметтік тәжірибелері де есепке 
алынады.
Жеке тұлға
дегеніміз жігерлі қызмет пен қарым-қатынас 
барысында индивидтің әлеуметтік қатынас жүйесіне енуі, 
қоғамның дамуының өкілі ретінде адамдардың әлеуметтік 
қасиеттерінің толықтығы.


175 
Жеке тұлға әртүрлі әлеуметтік және мәдени тәжірибелердің 
түрлеріне қатысты биологиялық организм ретінде дамиды. Мұнда 
жеке тұлғалық белгілердің қалыптасу үдерісіне әсер ететін туған 
қабілеттері, даму қарқыны терістелмейді. 
Жеке тұлға белгілерінің пайда болуы мен дамуын талдау үшін 
жеке тұлғалардың қалыптасуына әсер ететін мынадай факторларды 
бөліп 
көрсетеміз: 
1)Биологиялық 
тұқымқуалаушылық;
2) Физикалық қоршаған орта; 3) Мәдениет; 4) Топтық тәжірибе;
5) Индивидуалды тәжірибе. 
Адамдардың қоғамға енуі әртүрлі әлеуметтік қауымдар, топтар 
арқылы жүреді. Адам әлеуметтік жүйелердің элементі болып қана 
қоймай, сонымен қатар өзі өзінің көптүрлілік құрылымымен
күрделі әлеуметтік жүйе болып табылады.
Индивид ұғымы адамның сол немесе басқа әлеуметтік
қауымдастықтың жалғыз өкілі ретінде көрінуі (жұмысшы, фермер, 
бизнесмен және т.б.), сонымен қатар нақты адамдардың ақиқат 
өмірі мен қызметінің спецификалық ерекшеліктері индивид 
ұғымына кірмейді. 
Жеке тұлға ұғымы адамда оның өмірлік қызметінің әлеуметтік 
бастауын сипаттауға көмектеседі. Адам әлеуметтік байланыстарда, 
әлеуметтік институттарда, мәдениетте, яғни, қоғамдық өмірде басқа 
адамдармен қарым-қатынас үдерісінде жүзеге асырылатын 
қасиеттерді жасайды.
Жеке тұлға ұғымы әрбір адамда әлеуметтік мағыналы 
белгілердің индивидуалды бейнеленуін және оның негізгі барлық 
қоғамдық 
қатынастардың 
жиынтығы 
ретінде 
бейнеленуін 
көрсетеді.
Жеке тұлғалар мен оның әлеуметтік жүйелердегі орнымен 
байланысты мәселелер жиынтығын талдай отырып, жеке тұлға 
социологиясы бірнеше категорияларды пайдаланады (бейімделу, 
белсенділік, тәрбие, мүдде, мотив, қажеттілік, тәртіп, әлеумет-
тендіру және т.б.). Қызмет пен мәдениеттің субъектісі болып 
табылады . 
Индивид дегеніміз
– бұл халық, қоғам, тап, әлеуметтік топ 
сияқты әлеуметтік қауымдастықтың жеке алғандағы дараланған 
мүшесі. 
Адам дегеніміз
жер бетіндегі тірі организмдер дамуының 
жоғары сатысы. 


176 
Жеке тұлға дегеніміз
- индивид дамуының қорытындысы және 
мұнда барлық адамдық қасиеттер толық көрініс табады. Индивид, 
адам, жеке тұлғаны дербестендіреді (Сурет 21). 
Тұлғаның міндетті түрдегі сипаттамалары болып: өзіндік 
өзгешеліктер, сана, бағалы бағдарламалар мен әлеуметтік 
қатынастар қоғамға деген біршама дербестік және өзіндік іс-
әрекеттері үшін жауапкершілік болып табылады.
Сурет 21 – Дербестікті құраушылар
Индивид - адам - тұлға - қоғамды алға қарай дамыту үшін 
еңбек етуі, қызмет істеуі керек. Ал еңбектің, қызметтің түрлері 
әрқилы, бірақ та олардың ең мақтаулы елеушісі басқа қызметтердің 
барлығының материалдық негізін құрайтыны, яғни адамдардың 
өмірлік қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталғаны өндірістік 
қызмет болып табылады. Қажеттіліктің мүддеге айналуы, ал 
мүдденің мақсатқа айналуы бұлар - адамдар қызметінің екінші 
сатысы болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет