Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық



Pdf көрінісі
бет76/132
Дата14.10.2023
өлшемі3,13 Mb.
#115145
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   132
Байланысты:
Акмеология оқулық

 
Әлеумет туралы ұғым 
Әлеумет
- қалың көпшілік, бұқара, халық. Әлеумет, социум 
(лат. Sosium - ортақ) - әлдебір мәнді қарым-қатынастағы
адамдардың өмір сүру жағдайларының бірлігімен сипатталатын 
тұрақты да үлкен қауым. Олар әлеуметтік мәдениеті де ортақ 
болады. Әлеуметтің ең жоғары түрі - тұтас әлеуметтік жүйе 
ретіндегі қоғам. 
«
Қоғам
» - деп аталатын адамдар қауымының күрделілігі, көп 
қырлылығы, сонымен қатар тұтастығы оны әлеуметтік жүйе ретінде 
қарастыру қажеттігін алға тартады. Қоғам біртекті емес: оның 
алуан реттегі әрқилы сипаттағы әлеуметтік құбылыстар мен 
үдерістердің бірсыпырасын қамтитын өзіндік түзілімі мен құрамы 
бар. Әлеуметтік жүйенің құрамдас элементері адамдар, әлеуметтік 
байланыстар мен іс-әрекеттер, әлеуметтік қарым-қатынастар мен 
Дербестік 
Индивид 
Жеке тұлға 
Адам 


177 
өзара әрекеттесулер, әлеуметтік институттар мен ұйымдар
әлеуметтік топтар, қауымдар, әлеуметтік нормалар мен құнды-
лықтар т.б. болып табылады. Олардың әрқайсысы өзара тікелей 
байланыс құрып, қоғам өмірінде ерекше орын алады. Әрі өзіне 
лайықты рөл атқарады. Ең алдымен, қоғамның құрылымын 
анықтап, оның маңызды элеметтенін ғылыми тұрғыда саралау, 
сандай-ақ әлеуметтік жүйе ретінде қарастырылатын қоғам 
өміріндегі олардың орны мен рөлін, өзара байланыстары мен 
әрекеттесулерін түсіндіру социология ғылымының басты міндеті. 
Әлеуметтік 
деген сөз латын тілінен аударғанда «қоғамдық» 
деген мағына білдіреді, яғни қоғамдағы адамдардың өмірімен 
және қарым-қатынасымен байланысты қоғамдық дегенді дәйек-
тейді. Бұл мағынада адамның әлеуметтік дамуы мен тәрбиесі 
туралы ғана емес, қоғамдағы әлеуметтік құндылықтарға, нормалар 
мен ережелерге бағдар алу туралы сөз етуге болады. 
Әлеуметтану категориясы тұлғаның қоғамдық қарым-
қатынастар жүйесіне енуі мен әлеуметтік тәжірибелерді игеру 
үдерісін түсіндіреді. Әлеуметтанудың категориялары алуан түрлі 
болып келеді. Бұған адам қоғамына тән қасеттердің бәрі кіреді: 
«әлеуметтік жүйе», «әлеуметтік байланыс», «әлеуметтік қатынас», 
«әлеуметтік үдеріс», «әлеуметтік тұлға», «әлеуметтік бірлік», 
«әлеуметтік құрылым», «әлеуметтік ұйым», «әлеуметтік институт», 
«әлеуметтік 
бақылау», 
«әлеуметтік 
басқару», 
«әлеуметтік 
ережелер», «әлеуметтік рөл», «әлеуметтік тәртіп», «әлеуметтік 
топ», «әлеуметтік қорғау», «әлеуметтік белсенділік» және т.б. 
категориялардың көмегімен нақтылы өмірдің үлгілері мен 
әлеуметтік мәні жасалды.
Әлеуметану категориясының ішінде ең басты категория ол – 
қоғам мен тұлға. Бұлар «әлеуметтік бірлікті», адамар арасындағы 
әртүрлі қарым-қатынастарды құрайды. Қарым-қатынас, байланыс-
тардың негізінде олардың күнделікті өмірі мен іс-әрекетінің мұң-
мұқтажы, талап-тілектерінің бірлігі жатыр.
Әлеуметтік бірлестіктер қоғамды қайта құру, өзгерту субъектісі 
болып саналады және бұл – әлеуметтік субъектінің өзін-өзі 
ұйымдас-тыруының тұрақты түрі. Әлеуметтік бірлестіктің 
түрлеріне: 
отбасы, 
әлеуметтік-таптық, 
топтық, 
ұлттық, 
территориялық, мемлекеттік және бүкіл адамзаттық қоғам 
бірліктері, қозғалыстары, т.б. жатады. 
«
Әлеуметтік құрылым
» - бұл өндірістегі қоғамдық еңбектің 
бөлінуінің реттелген жүйесі және осыған сәйкес меншікке, билікке, 


178 
басқаруға, қоғамдағы адамдардың құқық және міндеттеріне 
қатынастарының жүйесі. 
«
Әлеуметтік топ
» - адамдардың ортақ мүдде-талаптарына, 
құндылық-бағалықтары мен сана-ережелеріне қарай бірлесуі; 
«
Әлеуметтік жіктеу
» - бұл қоғамның құрылымы, оның жікке 
бөлінуі, әлеуметтік теңсіздігін айтамыз. 
Әлеуметтік құндылық
. Қоғамдық қатынастарды, мұң-
мұқтажды, талап-тілектерді анықтайтын тұлғалық құндылықтарды 
нұсқау. Бұлар адамдардың тәртібінің іштей реттелуі, басқарылуы 
арқылы белгіленеді. 
«
Әлеуметтік нормалар
» - (ережелер) қоғамда қалыптасып
реттеліп, отыратын ережелер жиынтығы.
«Әлеуметтік статус» - адамның қоғамдағы орны мен жағдайы. 
«
Әлеуметтік рөл
» - атқаратын қызмет түрі. 
Әлеуметтік 
құбылыстар мен үдерістерді және олардың 
арасындағы байланыстарды, қатынастарды біліп-таныуда әлеумет-
тену жалпы теориялық ғылыми зерттеу әдістеріне сүйенеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет