Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық



Pdf көрінісі
бет74/132
Дата14.10.2023
өлшемі3,13 Mb.
#115145
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   132
Байланысты:
Акмеология оқулық

эмпатия.
Эмпатия адамның 
ішкі күйіне ене алуы, өзге адамның іс-әрекеті мен мазасыздануына 
эмоционалды ортақтаса алуы және қоршаған ортаға адекватты 
реакциясымен сипатталады. 


171 
Кесте 2 – Шетел ғалымдарының шығармашылық іс-әрекеттегі 
«тұлғалық жетілуі» түсінігіне көзқарастары 
Авторлары 
Тұлғалық жетілуі бойынша анықтамалар 
Роджерс К.
Мейлінше құзырлы және биологиялық тұрғыдан 
қаншалықты қажет болса, соншалықты ағзаны 
күшейтетін мөлшерде қабілетті болуға ұмтылыс. 
Өзгенің жеке тәжірибесін оның өзіндік сипатынан 
эмпатиялық түсіну - адамның өзгеріске мотивациясын 
қалыптастырушы қатынас құруға мүмкіндік береді.
Франкл В.
Адам үшін тұлғаның шығармашылық ойлау 
позициясын иелену маңызды. Тұлға белгілі бір ойға 
бағыт ала отырып, рефлексия негізінде өзін-өзі 
дамыту қабілеттілігі артып, өзі үшін «ең өзекті» ойды 
көруге мүмкіндік алады; өзінің ішкі әлемінен тапқан 
ойды іске жарату мөлшеріне қарай, ол өзін-өзі жүзеге 
асырады.
Юнг К.Г.
Шығармашылықтағы 
дербестік 
– 
«өзін-өзі 
жетілдіру», «өзін-өзі жүзеге асыру» үдерісі немесе 
«шығармашыл» болу қажеттілігін білдіретін үдеріс. 
Ол - іштей басқарушы фактор, «эго» мен танымнан 
ерекше. «Эго»-ның өсуі - әлем мен өзі туралы білім 
қорының молаюына байланысты. Ал оның көрінісі 
адамның оны бағалауына байланысты. 
Адлер А.
Тұлғалық 
мақсаттарға 
ұмтылудан 
бастап, 
әлеуметтік бағытта даму мен ортаны конструктивті 
игеруге дейінгі қозғалысты қамтиды. Тұлғаның 
әлеуметтену 
үдерісіндегі 
және 
мақсатқа 
шығармашылықпен ұмтылу арқасында тұтастыққа қол 
жеткізудегі ішкі психикалық күштерінің дамуын 
білдіреді.
Маслоу А.,
Эриксон Э.
Іштей бірлікке жету, кезекті дағдарысты бастан 
өткізген соң өзіндік шығармашылық ойларды 
жүйелеу; Қол жеткен базалық нәтижелер негізінде 
жоғары қажеттіліктерді қанағаттандыру. Өсу, демек, 
әлеуеттік толысу. 
Менегетти А.
Рухани өсудің кепілі болып табылатын, жеке даму 
айғағы ретінде индивид өміріндегі нақты сәтте дұрыс 
нұсқаны таңдауға мүмкіндік беретін ішкі өлшемдерге 
сүйену. 


172 
Т. Шибутани, Т.П. Гаврилова, А.В. Петровский эмпатияның 
үш негізгі компонентін бөледі: 1) танымдық, өзара түсіністік пен 
өзге адамның күйін адекватты қабылдаумен байланысты; 2) 
эмоцио-налды – өзге адамның көңіліне ортақтасуы; 3) мінез-
құлықтық, әрекеттік компонент, өзара көмек көрсету мен қолдаудан 
тұрады. Ізгілендіру парадигмасы бойынша эмпатия мінез-құлықтың 
әлеуметтік мотиві деп анықталып, келесі қасиеттерден тұрады:
қатынас серіктестерінің бір-бірімен ашықтығы, бір-бірінің күйіне 
бағытталуы; бағалаудың болмауы; сенімділік; сезімдер мен күйлер-
дің шынайылығы. 
Эмпатия тұлғаның эмоционалды, адамгершілік қасиеті ретінде 
субъект - субъектік қатынастың қалыптасуында әлеуметтік-
эксперименттік маңыздылығымен анықталады.
Эмпатияның болмауы тіпті адамзат қарым-қатынасын физика-
лық объект ретінде қарастырады (Т.Шибутани). 
Психологиялық-педагогикалық зерттеулерде тұлғаның дамуы, 
соның ішінде, педагогтың тұлғалық-кәсіби даму мәселесіне ерекше 
орын берілген. Психологияда, педагогикада, акмеологияда көбінесе 
тұлғалық-кәсіби дамуды бірыңғай тұтас қарастырады (А.А.Деркач, 
Е.А.Климова, Е.Н.Шиянов, А.Р.Фонарев және т.б.). Басқа сөзбен 
айтқанда, кәсіби даму мәселесін қозғағанда тұлғалық даму туралы 
да айтылады және де тұлғалық-кәсіби дамуға да баса көңіл 
бөлінеді. 
Ғалымдар 
кәсіби-тұлғалық даму
түсінігінің мәнін әртүрлі 
анықтайды. Кең тұрғыда, кәсіби-тұлғалық даму - тұлғаның қалып-
тасу үдерісі және кәсіби қызмет пен кәсіби өзара байланыстар 
нәтижесіндегі кәсібилік.
Кәсіби-тұлғалық даму үдерісінде тұлға төмендегі прогрессивтік 
құрылымдық өзгеріске ұшырайды: тұлғаның бағыттылығы 
(қызығушылықтар шеңбері кеңейіп қажеттіліктер жүйесі өзгереді, 
жетістіктер уәждері өзектеленіп, өзін-өзі іске асыру және өзін-өзі 
дамыту мұқтаждықтары өседі; тәжірибесі көбейеді және біліктілігі 
жоғарылайды; жеке күрделі қабілеттері дамиды; қызмет ерекше-
лігімен белгіленетін кәсіби маңызды сапалары дамиды; тұлғалық 
іскерлік сапалар дамиды; психологиялық даярлық жоғарылайды;
кәсібиліктің акмеологиялық инварианты дамиды. 
Кәсіби-тұлғалық даму «қосыла өсірілу», адам психикасын 
арттыру тұрғысынан қарастырылады. Өйткені маманның психоло-
гиялық жаралуы адам психикасында жаңа сапалардың пайда 
болуын немесе бұрын-соңды болмағанын, болса да басқа түрде 


173 
болғанын, сонымен қатар, кәсіби қызмет пен кәсіби қатынастың 
жаңа түрлерінің пайда болғанын білдіреді. 
Кәсіби-тұлғалық даму мәселесі психологияда бірнеше ғылыми 
бағытта зерттеледі. 
Бірінші бағыт
мамандық психологиясының 
ғылыми негізін жасау болып табылады. С.Г.Гелдерштейннің, 
М.А.Рыбаковтың, К.К.Платоновтың және т.б. еңбектері, 
кәсіби өзін-
өзі анықтау, кәсіби жарамдылық, кәсіби іріктеу және кәсіби 
даярлау, кәсіби біліктілік 
сияқты маңызды психологиялық 
категориялардың мазмұнын анықтайды. Бұл бағыттың шеңберінде 
профессиографиялық амалдың әдістері де жетілдірілді. 
Келесі бір бағыт
қызметтің әр алуан түрлеріндегі тұлғаның 
даралық-психологиялық және нақты қасиеттерін зерттеумен 
тікелей байланысты болды. Бұл бағыттың шеңберінде 
маманның 
маңызды психологиялық кәсіби қасиеттерін қалыптастыру және 
дамыту тұжырымдамасы
жасалды. 
Кәсіби шеберліктің психологиялық негіздерін жасаумен 
байланысты 
үшінші
бағыт 
психологиялық еңбек
бағыты тұрғысынан 
қарастырған (Е.А.Климова, А.К.Маркова, К.К.Платонов және т.б. 
ғалымдар). Бұл бағыт бойынша 
кәсіби өзін-өзі жетілдірудің, 
біліктілікті жоғарылатудың, кәсіби құзыреттіліктің, кәсіби 
икемділіктер мен дағдыларды дамытудың жағдайлары және 
факторлары
зерттеледі. 
Төртінші бағыт
акмеологиялық - кемеліне келген тұлғаның 
дамуын анықтау, сонымен қатар болашақ мамандарды 
кәсібилілікке 
оқыту, олардың қызметтерін жетілдіру мен үйлестіру
сұрақ-
тарымен байланысты акмеологиялық заңдылықтарды және 
детерминантты зерттеуге бағытталған (А.А.Бодалев, А.А.Деркач, 
Н.В.Деркач, Н.В.Кузьмина, А.П.Реан және т.б. ғалымдар). 
Маманның кәсіби-тұлғалық дамуының мәнін, оның ішінде 
білім беру субъектісін акмеологиялық амал арқылы талдау 
тұлғаның кәсіби даярлығы кезіндегі заңдылықтарды ұғынуға, 
даралық және шығармашылық бастамалары арақатынастығын 
белгілеуге, оның өзінің болашақ жұмысын саналы орындауын 
қолдауға мүмкіндік туғызады.
Кәсіби-тұлғалық даму тұлғаның үдемелі өзгеруіндегі мақсатқа 
бағытталған күрделі үдерісі, әлеуметтік сапаларды, кәсіби 
құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған жеке белсенділігі, 
заманауи қоғамның даму ерекшеліктеріне сәйкес үнемі кәсіби өсуге 
дайындығы, педагогикалық іс-әрекеттің ізгілендіру қағидаларын 
қабылдауы және қолдана білуі. 


174 
Нақ әрекет кезінде тұлға қалыптасады, жеке дара адам болады, 
дүниеге, қоғамға, өзіне деген көзқарасын қалыптастырады. 
Көптеген әрекеттердің арасында субъектінің белсенділігінің негізгі 
қалыбын жасайтын, кәсіби әрекет басты орын алып, адам өмірінің 
маңызды бөлігі арналған. «Көптеген адамдар үшін нақты осы 
әрекет түрі олардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға, өздерінің 
қабілеттерін ашуға, белгілі бір әлеуметтік дәрежеге жетуге 
мүмкіндік береді». Кәсіби әрекет кезінде тұлғаның өзгеруі ерекше 
қарқынды жүреді, өйткені ол субъектінің негізгі белсенділігін өзіне 
аудартады. 
Кәсіби маман болу және кәсібилікті қалыптастыру үдерісі 
адамның өмірлік әрекетінің маңызды құрамдас бөлігі болып 
табылады. Тұлғаның кәсіби дамуы оны адам өмірлік мақсат етіп 
алғанда ғана белсенді, кәсіппен байланысты мәселелер өмірлік 
жоспарлар мен мақсаттарға, тұлға болашағының құрылымына 
айналады. Адамға кәсіби болу әсерінің күштілігі сонша, ол 
адамның өмірлік салтын түпкілікті өзгертеді. Жаңа әдеттердің, 
көзқарастардың, бағалаулар мен қатынастардың пайда болуынан 
көрінеді. Кәсіпқойлық кәсіп талап ететін кейбір индвидуалды 
психологиялық құрылымды бейімдеу нәтижесінде «пайда болады» 
деп айтады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет