териалдық жағы болып саналатындығы.
Бұл қағида, әрине, тіл-
дер тек дыбыстар тізбегінен ғана жасалынады деген пікірге алып
келмеуі керек. Жас балаға тіл үйреткенде дайын сөздерді (мағы-
на мен дыбыстар бірлігін) үйретеміз де, оған біртіндеп мағынаны
ажыратуды көрсетеміз. Екінші сөзбен айтқанда, тіл үйренгенде әр
адам жаца тіл не жаңа сөз жасамайды,
ертеден келе жатқан, ата-
бабадан мүра болып берілетін даяр форманы қабылдайды, біртін-
деп оны үйренеді. Тіл үйренгенде тіл үйренуші адам сөздің жеке
фонемалық элементтеріне, сөздердің
грамматикалық формалары-
на назар аудармайды. Сөйлем құрап, оның ең жоғарғы формасы-
на көтерілгенде ғана сөздердің тұлғасына, байланысу тәсіліне,
сөздердің
сөйлемдегі орын тәртібіне, т. б. көңіл аударады.
Сөз бір дыбыстан да, дыбыстар тіркесінен де жасалынады. Сөз
құрамындағы дыбыстардың орналасуында да белгілі бір заңды-
лықтардың бар екендігін жоққа шығаруға болмайды. Сондай-ақ
сөздердің түрленуінің де, тұлғаларының. өзгеруінің де тілдік заң-
дылықтарға бағынатындығы анық. Салыстырыңыз:
қазақ тілінің
заңдылығы бойынша
ң
мен
й
дыбыстары сөз басында,
б, ғ, г, д
дыбыстары сөз соңында, ерін дауысты дыбыстары сөздің екінші
буындарында кездеспейді. Ал
а, е, ы, қ, т, м, ж, н, с
сияқты дыбыс
тар
буын талғамайды, сөздің барлық деңгейінде қолданыла бере-
ді. Демек
еж
не
ақы
сияқты дыбыстар тізбегінің қолданылуы
қазақ тілінің дыбыс заңдылығынан тыс жатқан құбылыс емес, бі-
рақ олар сөз емес. Ал
Достарыңызбен бөлісу: