салы, сөздіктегі сөз графикалық сөздермен сәйкес келе бермейді.
«Летучая мышь»
сөздікте бір сөз болып есептелінеді, себебі басқа
тілдерге бір сөзбен аударылады, яғни оның ағылшынша балама-
сы —
Bat.
Бірақ бұл сөз графикалық сөз ретінде бір сөз деп таныл-
майды, екі сөз болып саналады. Өйткені графикалық бір сөз бо
лып саналу үшін олар бірігіп жазылуы керек еді.
Сондай-ақ
фонетикалық бір сөз болу үшін сөз бір екпінге ие болуы керек,
бірақ кей тілдерде сөздер жеке екпінге ие болмауы да мүмкін.
Мұны автордың өзі де айтып, көрсеткен.
Фонетикалық сөздер мен графикалық сөздер сөз формасына
байланыстыра талқыланса, дұрыс нәтиже беруі мүмкін. Сөйлесу
кезінде бір сөзді екінші бір сөзден ажырату оңай бола бермейтіні
сияқты, жалаң сөзді күрделі
сөздерден, күрделі сөзді сөз тіркес-
терінен ажырату да даусыз бола бермейді. Тіпті кейде аналитика-
лык форманың құрамындағы сөздерді (атаушы сөздер мен көмек-
ші сөздерді) қалай атаудың өзі де түркологияда талас тудырып
жүр. Бұл мәселелерді С. Е. Яхонтев көрсеткен сөздердің түрлері
арқылы шешу мүлде мүмкін емес. Мысалы, графикалық сөз болу
үшін сөздер бірге жазылады,
бөлек жазылса, екі сөз болып сана
лады.
Байдалы
— бір сөз де,
тау ешкі
— екі сөз. Дұрыс сөздердің
бірге не бөлек жазылуын орфографиялық принциптер белгілеп
береді. Ал орфографиялық принциптер сөздердің, тіл элементте-
рінің бір белгісіне қарап белгіленеді. Бірақ бұл принцип те тілдік
заңдылықтарды барлық кезде дөп баса бермейді. Мысалы, 1978
жылы жарық көрген қазақ тілінің
орфографиялық сөздігінде
жо-
ңыищабас
(өсімдік атауы) бірге жазылса,
тау сағыз
(бұл да шөп
атауы) бөлек-бөлек жазылған. Бір таңданарлық жағдай сол —
бұл сөздердің екеуі де шөп атауы, екеуі де зат есімдердің тіркесуі
негізінде жасалған. Орфографиялық сөздіктің авторлары (1978
жылы жарық көрген)
күрделі сөздің бірге не бөлек жазылуын
мағынасына да, екпініне де, тіпті сөздердің морфологиялық түр-
лену ерекшелігіне де (күрделі сөздердің
элементтері арасына
басқа сөз салу, салмауына, әр компоненттердің жеке-жеке қосым-
ша қабылдамайтындығына, тек соңғы сыңарының қосымша қа-
былдамайтындығына т. б.) қарамастан,
тіркескен сөздердің ара-
қатынасына негіздеп шешкен. «Егер бір ғана заттың атын білдіре-
тін тіркестің соңғы сөзі өз ара бір-біріне ұқсас, тектес заттардың
аты болып келіп, алдыңғы сөзі сол заттардыц ішінен оның нақты-
лы бір түрін ажыратып көрсету үшін қолданылатын болса, онда
ондай лексикалық тіркестің әр сыңары бөлек-бөлек жазылады...
Мысалы,
Достарыңызбен бөлісу: