Кафедра: қаржы және құқық 5B030100 – «Құқықтану»


Тақырып 5: Қылмыстық процестегі дәлелдемелер және дәлелдеу



Pdf көрінісі
бет24/55
Дата16.10.2023
өлшемі1,2 Mb.
#116299
түріПрактикум
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   55
Байланысты:
imashev kylmystyk

 
Тақырып 5: Қылмыстық процестегі дәлелдемелер және дәлелдеу 
 
Дәріс сабағының қарастырылуға жататын сұрақтар: 
1.Қылмыстық процестегі дәлелдемелердің ұғымы 
2. Қылмыстық процестегі дәлелдемелердің қайнар көздері және дәлелдеуге 
жататын мән-жайлар 
3. Қылмыстық процестегі дәлелдеу ұғымы және түрлері 
4. Дәлелдемелерді жинау, зерттеу, бағалау 
 
1.
 
Қылмыстық процестегі дәлелдемелердің ұғымы. 
Заңда дәлелдемелердің анықтамасы берілген — 
бұлсотта іс жүргізуді 
жүзеге асыратын органдардың заңда белгіленген тәртіппен қылмыстық 
заңмен тиым салынған әрекеттердің болғандығын немесе болмағандығын, 
айыпталушының бұл әрекетті жасағандығын немесе жасамағандығын, 
және айыпталушының кінәлігін не кінәлі емес екендігін, сондай-ақ істі 
дұрыс шешу үшін маңызы бар өзге де мән-жайларды анықтайтын заңды 
түрде алынған іс жүзіндегі деректер. 


30 
Бұл деректер: күдіктінің, айыпталушының, жәбірленушінің, куәнің 
көрсетулерімен; сарапшының қорытындысымен; заттай айғақтармен; іс 
жүргізу әрекеттерінің хаттамаларымен және өзге де құжаттармен 
анықталады. (ҚПК 111 бабы.). 
Дәлелдемелерді жіктеудің
1
теориялық та, практикалық та маңызы бар. 
Теориялық маңызы мынадан көрінеді: жіктеу зерттелетін объектілерге 
жүйелік көзқарастың негізі болып табылады. Қызмет ретінде дәлелдеу 
процесінің күрделілігі мен әр қилылығына, іс жүргізушілік дәлелдеуге 
тартылатын объектілердің шексіздігіне, сондай-ақ дәледдемелер мен 
мазмұнының алуан түрлілігіне байланысты дәлелдемелерге қатысты бұл өте 
маңызды. Дәлелдемелерді жіктеудің практикалық маңызы туралы айта келіп 
А.А.Хмыров былай деп атап өтеді: (дәлелдемелерді жіктеу) "оларды 
жинаудың, зерттеудің және бағалаудың ерекшеліктерін алдын ала 
аныктайды, жекешелеген дәлелдемелер түрлерінің іс жүргізушілік режимін, 
сондай-ақ оларды пайдаланудың жолдары мен әдістерін, оларды 
дәлелдеудегі маңызын дұрыс анықтауға көмектеседі. Жіктеу істің мөн-жайын 
жан-жакты, толық және объективті түрде зерттеуге жәрдемесуі тиіс және 
жинақталған дәлелдемелер жиынтығын бір жүйеге түсіруге, дәлелдеуте 
жататын іс жағдайларының кайсысы жеткілікті түрде толық аиықталғанын, 
қайсысы әлі де анықталмағанын не қосымша нақтылауға мұқтаж екенін 
білуге көмектеседі". 
Әділеттілік үшін атап өту қажет, жоғарыда айтылғанындай зерттеу 
объектісінің көп кырлылығына байланысты қандай да бір негізі немесе 
белгісі бойынша дәлелдемелерді толық жіктеу мүмкін емес. Мынаны да есте 
ұстау керек: дәлелдемелерді жіктеу дәлелдемелердің қайсысы "жақсы" деген 
сүраққа жауап бермейді. Мәселені осылайша қою бірде бір дәлелдеменің күні 
бұрын аныкталған күші болмайтындығы туралы қылмыстық іс жүргізушілік 
ережені мағынасынан айырады. Сонымен, дөлелдемелерді жіктеудін, 
практикалық маңызы іс бойынша анықталған дәлелдемені бағалау кезінде 
соттың қорытынды ережелерінің сипатына қолданылмайды. 
Дәстүрлі түрде қабылданған жіктеу мынадай негіздер бойынша бөлуді 
қарастырады:
1) дәлелдемелер мен олардың кездерінің байланысы бойынша;
2) дәлелдемелердін сипаты. 
Дәлелдемелер мен олардың көздерінің байланысы бойынша 
дәлелдемелер мынадай түрге болінеді:
а) жекеше және заттық; 
ә) әуел бастағы және іс жүргізу барысындағы;
б) сапалы және сапасыз. 
Жекеше және заттық дәлелдемелер дәлелдемелік ақпараттың 
қалыптасу тетігін сипаттайды және осы тетіктің ақпаратты сақтаушысымен 
байланысын анықтайды. Егер ақпараттың көзі адам болса (айыпталушының, 
күдіктінің, куәгердің жауаптары, сарапшы корытындысы), онда ол жекеше 
дәлелдемелерге жатады. Егер ақпарат заттар мен құжаттарда болса, бұл 


31 
орайда құжаттар адамдардың жауап беруін тіркемеуге тиіс, онда олар заттық 
дәледемелерге жатады. 
Дәлелдемелерді 
жекеше 
және 
заттық 
деп 
бөлу 
олардың 
қалыптасуының негіздері мен тетіктерін саралаудан көрінеді. Мұндай 
саралау дәлелдемелерді жинаудың, тексерудің және бағалаудың тиімді 
әдістемесі мен тактикасын жасау үшін қажет. 
Бастапқы және туынды дәлелдемелер
.
Бастапқы дәлелдемелнрге тікелей бастау көзден шыкқан және ақпарат 
сақтаушысы мен акпарат арасында кандай да бір аралық буын жоқ 
дәлелдемелер жатады. Мәселен, өзін қызықтырған фактіні тікелей 
қабылдаған куәгердің жауабы бастапқы дәлелдемелер болып табылады. Осы 
топқа 
барлық 
уакытта 
"дәлелдеу 
тақырыбының 
құрамдас 
материалдандырылған "бөліктері ретінде" заттык айғақтар да жатады". 
Дәлелдемелерді бастапқы және туынды деп бөлудің маңызы 
дәлелдеменің тікелей бастапқы көзден қаншалықты деңгейге ұлғайғанын 
анықтаудың практикалық қажеттілігіне байланысты.
Сонымен бірге туынды дәлелдеудің мәні туралы мәселеде белгілі бІр 
күрделілік бар. В.Д.Арсеньев әділетті түрде атап өткеніндей, туынды 
дәлелдемелерді қалыптастыру процесінің кездейсоқ, сондай-ақ жасанды 
сипаты болады. Қылмыстық процесті жүзеге асыратын адамның еркінен тыс 
орын алатынның бәрі де кездейсоқ сипатта болады (мәселен, тікелей куәгер 
мен өзге де адамдардың арасында істің мән-жайы туралы кездейсоқ пікір 
алмасу). Сот ісін жүргізуде туынды дәлелдемелерді сапалы түрде 
қалыптастыру процесі де жүреді. Мәселен, "егер оқиғаның басы-қасында 
болған куәгер тергеушіге жауап берсе, соңғысы істі түпкілікті шешетін сотқа 
қатысты жауап беріп (куәгер белгілі бір себептермен тікелей жауап беруге 
келе алмаса) туынды дәлелдеменің көзі ретінде шыға алады. Осы се-бепке 
байланысты тікелей жауап алу, тінту жүргізу және өзге де іс-әрекет 
хаттамасы хаттамалардың өзінде тіркелген дәлелдемелерге қатысы жөнінен 
туынды болып табылады. 
Айыптау және ақтау дәлелдемелері

Қаралып отырған жіктеу дәлелдеменің айыптау тақырыбына катысын 
білдіреді. 
Айыптауға заңға қайшы іс-әрекет жасаған адамның кінәлілігін немесе 
адамның жауапкершілігін ауырлататын мән-жайды сөзсіз анықтайтын іс 
жүзіндегі деректер жатады. Актауға айыптауды жоққа шығаратын не 
адамның 
жауапкершілігін 
жүмсартатын 
мән-жайды 
анықтайтын 
дәлелдемелер жатады. Ақтау дәлелдемелерінің бір түріне алиби жатады. 
Дәлелдемені актауға және айыптауға жатқызудың құбылмалы сипаты 
бар. Қылмыстық сот ісін жүргізудің әр түрлі сатыларында белгілі бір ақпарат 
ақтау сипатында да, айыптау сипатында да көрінуі мүмкін. 
Тікелей және жанама дәлелдемелер
.
Логикалық сипаттағы мұндай жіктеу дәлелденетін мән-жайды негіздеу 
процесінің құрылымын білдіреді. Осы кұрылылымдық айырмашылығын 


32 
негізге ала отырып, бірқатар зерттеушілер тікелей дәлелдемені — бір 
сатылыға, ал жанаманы — көп сатылыға жатқызады. 
Дәлелдемелерді тікелей және жанама деп бөлу — іс бойынша барлық 
анықталған ісжүзіндегі деректердің жиынтығын бағалау негізінде істі мәні 
бойынша шешу туралы талаптардың, маныздылығын кемітпейді. Тікелей 
дәлелдемелердің болуы жанама дәлелдердің "қажетсіздігін" білдірмейді. 
Онын үстіне ізделетін фактілер жанама дәлелдемелердің негізінде ғана 
дәлме-дәл анықталуы мүмкін. Соңғы жағдай жанама дәлелдемелерді өзара 
байланысы жоқ үзік-үзік мәліметтер ретінде қарауды жоққа шығарады, 
өйткені керісінше жағдайда әрекеттің логикалық дәлме-дәл өлшенген 
суретін қайта қал-пына келтіруге болмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет