Кафедра: қаржы және құқық 5B030100 – «Құқықтану»


 Қылмыстық процестегі дәлелдемелердің қайнар көздері және



Pdf көрінісі
бет25/55
Дата16.10.2023
өлшемі1,2 Mb.
#116299
түріПрактикум
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   55
Байланысты:
imashev kylmystyk

 
2. Қылмыстық процестегі дәлелдемелердің қайнар көздері және 
дәлелдеуге жататын мән-жайлар. 
Дәлелдеме көздері немесе дәлелдеу тәсілдері ҚПК-нің 113-бабының 3-
бөлігінде егжей-тегжейлі тізбеленген және мыналарды қамтиды: 
А) куәгердің жауап беруі, жәбірленушінің жауап беруі, күдіктінің 
жауап беруі, айыпталушының жауап беруі (ҚПК 115-б); 
Б) сарапшының қорытындысы (ҚПК 116-б); 
В) заттық дәлелдемелер (ҚПК 118-б);
Г) процестік әрекеттердің хаттамалары (ҚПК 119 б) 
Д) құжаттар (ҚПК 120 б). 
Кең ауқымды мағынасында дәлелдеудің көздері деп деректердің 
тікелей көздерін, сондай-ақ оларды алудың әдістерін, дәлелдеу барысындағы 
тексеру мен пайдалануды түсіну керек. 
"Көз" ұғымын кең ауқымды мағынада түсіндірудің кұқықтық негізі 
бар. Мәселен, ҚПК-нің 112-бабында былай деп белгіленген: көзі белгісіз 
немесе сот мәжілісінде анықталуы мүмкін емес көздің мәліметтеріне 
негізделген куәгердің және жәбірленушінің жауаптары дәлелдемелер 
сипатында қызмет ете алмайды. Бұл ереже көз фактілер туралы мәлімет 
сақтаушы деп есептеуге мүмкіндік береді. Дәлелдемелер сипатында 
сақтаушылар емес, оларда негізі қаланған ақпарат есептеледі. 
3.
 
Қылмыстық процестегі дәлелдеу ұғымы және түрлері. 
Дәлелдеу тақырыбы әрбір қылмыстық іс бойынша анықталуға 
жататын жағдайлардың жүйесін білдіреді. Мұндай жағдайлардың тізбесі 
ҚПК-нің 106, 531-баптарында берілген, бірақ толық қамтылмаған. Әрбір 
нақты жағдайда бұл тізбе Қылмыстық кодекс баптарының диспозициясы 
тұрғысынан толықтырылады, нақтыланады. Қылмыстың кодекс бойынша, 
сондай-ақ ҚК-тің жалпы бөлімінің тиісті ережелерімен айыптауға баға 
беріледі. 
Анықтау, алдын ала тергеу жүргізу және істі сотта талқылау кезінде 
делелдеуге жататын жағдайлардың тізбесі мыналарды қамтиды: 


33 
1) оқиға және қылмыстық заңда көзделген қылмыс кұрамының 
белгілері (уақыты, орны, қылмысты жасаудың тәсілі және басқа да 
жағдайлары); 
2) қылмыстық заң тыйым салған әрекетті кім жасағаны; 
3) адамның қылмыстық заң тыйымсалған әрекетті жасау кінәсі, онын 
кінәсінің нысаны, жасалған әрекеттің себептері, құқықтық және іс жүзіндегі 
қателіктер; 
4) айыпталушы жауапкершілігінің деңгейі мен сипатына ыкпал ететін 
жағдайлар; 
5) айыпталушының тұлғасын сипаттайтынжағдайлар; 
6) жасалған қылмыстың салдары; 
7) қылмыс келтірген зиянның сипаты мен мөлшері; 
8) әрекеттің қылмыстылығын жоққа шығаратын жағдай; 
9) қылмыстық жауапкершілік пен жазалаудан босатуға әкеліп соғатын 
жағдай. 
Дәлелдеу тақырыбы ұғымы біріншіден, объективтік шындыққа қол 
жеткізу деңгейі көзқарасы тұрғысынан дәлелдеу барысының өзін, екіншіден, 
қатыстылығы және іске жіберілетіндігі, толықтығы, объективтілігі және жан-
жақтылығы, 
дұрыстығы 
және 
сенімділігі 
көзқарасы 
тұрғысынан 
қалыптасатын (немесе қалыптасқан) дәлелдемелер жүйесі тұрғысынан 
сипатталатын дәлелдеу шектері ұғымымен тығыз байланысты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет