29
тәртібімен тек қылмыс жасады деген айыптау бойынша оның қылмыстық
ізіне түсу басталған немесе сот ол жөніндегі
қылмыстық істі өз қарауына
қабылдаған жағдайда ғана ақтауға болады.
Сонымен, қылмыстық іс жүргізушілік ақтауды тек бастапқы сәт сотқа
дейінгі тергеп тексеру, ал түпкі сәт— соттың ақтау шешімін шығаруы болып
табылатын шектерде ғана жүзеге асыруға болады. Бұл жағдайда адамның өзі
жөнінде сотқа дейінгі тергеп тексерудің басталғандығы туралы білуінің,
сондай-ақ ақтау негіздері бойынша істің тоқтатылуына оның қарсылық
білдіруінің ешқандай маңызы жоқ.
Негіздер бар болған жағдайда қылмыстық іс жүргізушілік ақтауды
қолдану — соттың қылмыстық ізге түсу органының міндеті. Ақтау негіздері
анықталған жағдайда қылмыстық іс сотқа дейінгі іс жүргізудің
кез келген
сатысында токтатылады.
Ақтау қылмыстық процесті жүргізуші органның заңсыз іс-
әрекеттерінің салдарынан келтірілген зиянды өтеуге бағытталған шешімдер
қабылдауды қамтиды. Сол органдардың қатарына сот, қылмыстық ізге түсу
органдары (прокурор, тергеуші,
анықтау органы, анықтаушы) жатады.
Айыпталушыны қылмыстық іс жүргізушілік ақтау үшін негіздердің байқалуы
қылмыстық процесті жүргізуші органның іс-әрекеттері заңсыз болғанын
білдіреді. Заңдылықтың бұзылуына жол берген органның анықталуы нақты
ақтау негізімен, қылмыстық процесс сатысымен және қылмыстық іс жүргізу
субъектілерінің шеңберімен байланысты. Бұзылған құқықты қалпына
келтіруге бағытталған өзге де жалғас нысандардың
таңдалуы заңдылықтың
бұзылғанына қандай органның жол бергеніне байланысты. Заңдылықтың
бұзылуына жол берген органның анықталуы келтірілген зиянды өтеу
көздерін анықтауға ықпал етпейді, бірақ
заңдылықтың бұзылуына себеп
болған мән-жайларды жою үшін оның маңызы бар.
Достарыңызбен бөлісу: