Кафедра: қаржы және құқық 5B030100 – «Құқықтану»


Тақырып 4:Қылмыстық қудалау және ақтау



Pdf көрінісі
бет22/55
Дата16.10.2023
өлшемі1,2 Mb.
#116299
түріПрактикум
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   55
Байланысты:
imashev kylmystyk

 
Тақырып 4:Қылмыстық қудалау және ақтау 
 
Дәріс сабағында қарастырылуға жататын сұрақтар: 
1.
Қылмыстық қудалаудың мәні, маңызы және нысандары. 
2.
Қылмыстық процестегі ақтаудың ұғымы. 
 
1. Қылмыстық қудалаудың, маңызы және нысандары. 
Жасалған қылмыстың сипаты мен ауырлығына қарай қылмыстық 
қудалау мен сотта айыптау жекеше, жекеше-жариялы және жариялы түрде 
жүзеге асырылады.
Қылмыстық қудалау жекеше түрде жүзеге асырылуы мүмкiн 
қылмыстар.
Қылмыстық қудалау Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 
105, 114-баптарында, 123, 130, 131, 139, 140, 146-баптарында, 144-бабында 
(бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 149-бабында (бiрiншi бөлiгiнде), 204-
бабында (бiрiншi бөлiгiнде), 351-бабында (бiрiншi бөлiгiнде) көзделген 
қылмыстар туралы iстер бойынша жекеше түрде жүзеге асырылуы мүмкiн. 
Егер әрекет дәрменсiз немесе басқаға тәуелдi жағдайдағы не басқа да 
себептер бойынша өзiне тиесiлi құқықтарды өз бетiнше пайдалануға 
қабiлетсiз адамдардың мүдделерiн қозғайтын болса, прокурор жекеше 
айыптау iсi бойынша жәбiрленушiнiң шағымы болмаған кезде де сотқа 
дейінгі тергеп тексеруді бастауға құқылы.
Қылмыстық қудалауды жекеше-жариялы түрде жүзеге асыру
Жекеше-жариялы тәртiппен жүзеге асырылатын қылмыстық қудалау 
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 106-бабында (бiрiншi 
бөлiгiнде), 107-бабында (бiрiншi бөлiгiнде), 120-бабында (бiрiншi бөлiгiнде), 
121-бабында (бiрiншi бөлiгiнде), 138, 142-баптарында, 189-бабында (бiрiншi 
және екiншi бөлiктерiнде), 198-бабында (бiрiншi бөлiгiнде), 199-бабында 
(бiрiншi бөлiгiнде), 202-бабында (бiрiншi бөлiгiнде), 204-бабында (екiншi 


27 
бөлiгiнде), 223-баптарында, 248-бабында (бiрiншi бөлiгiнде), 228-бабында, 
229-бабында (бiрiншi бөлiгiнде), 345-бабында (бiрiншi бөлiгiнде), 389-
бабында (бiрiншi бөлiгiнде) көзделген қылмыстар туралы iстер бойынша 
жәбiрленушiнiң шағымы болмаған кезде басталмайды және қылмыстық iс 
бойынша iс қозғалмайды.
Егер әрекет дәрменсiз немесе басқаға тәуелдi жағдайдағы не басқа да 
себептер бойынша өзiне тиесiлi құқықтарды өз бетiнше пайдалануға 
қабiлетсiз адамдардың мүдделерiн қозғайтын не басқа адамдардың, қоғамның 
немесе мемлекеттiң елеулi мүдделерiн қозғайтын болса, прокурор жекеше-
жариялы айыптау iсi бойынша жәбiрленушiнiң шағымы болмаған кезде де 
сотқа дейінгі тергеп тексеруді бастауға құқылы. 
Қылмыстық қудалауды жүзеге асырудың жалпы шарттары.
Қылмыстық сот iсiн жүргiзу мiндеттерiн орындау мақсатында 
қылмыстық қудалаудың түсу органы өз құзыретi шегiнде қылмыстың 
белгiлерiн тапқан әрбiр жағдайда қылмыс оқиғасын белгiлеуге, қылмыс 
жасауға кiнәлi адамдарды анықтауға, оларды жазалауға заңмен көзделген 
барлық шараларды қолдануға, сонымен бiрдей кiнәсiз адамдарды ақтау 
шараларын қолдануға мiндеттi.
Қылмыстық қудалау органы жәбiрленушiге сот әдiлдiгiне қол жеткiзуiн 
қамтамасыз етуге және қылмыспен келтiрiлген зиянды өтеу шараларын 
қолдануға мiндеттi.
Қылмыстық iс бойынша объективтi зерттеу жүргiзуге кедергi келтiру 
мақсатында қылмыстық iзге түсу органына қандай түрде болса да ықпал ету 
заңмен белгiленген жауаптылыққа әкеп соқтырады.
Қылмыстық қудалау органының заңға сәйкес қойылған талаптарын 
барлық мемлекеттiк органдар, ұйымдар, лауазымды адамдар және азаматтар 
орындауға мiндеттi. Аталған талаптарды орындамау заңда белгiленген 
жауаптылыққа әкеп соғады. 
Қылмыстық қудалау органы қылмыстық қудалауды жоққа шығаратын 
жағдайды байқағаннан кейiн сотқа дейiнгi iс жүргiзудiң кез келген 
сатысында қылмыстық iсті тоқтату туралы қаулы шығарады. Прокурор iстi 
соттың басты талқылауына жолдамас бұрын айыптау актісін мақұлдамай, істі 
тоқтатуға да құқылы.
Сотта қылмыстық қудалау жоққа шығаратын мән-жайды байқаған 
мемлекеттiк айыптаушы айыптаудан бас тарту туралы мәлiмдеуге мiндеттi. 
Мемлекеттiк айыптаушының айыптаудан бас тарту туралы мәлiмдемесi, егер 
жекеше айыптаушы айыптауды қолдауын жалғастырса, қылмыстық iстi 
қараудың жалғастырылуына кедергi келтiрмейдi.
Қылмыстық қудалауды жоққа шығаратын мән-жайларды байқаған сот 
қылмыстық iстi тоқтату туралы мәселенi шешуге мiндеттi.
Қылмыстық iс қысқартылғанға дейiн айыпталушыға (күдіктіге) iстi 
тоқтатудың негiзi мен осы негiз бойынша оны тоқтатуға қарсылық бiлдiру 
құқығы түсiндiрiлуге тиiс.


28 
Қылмыстық iстiң тоқтатылғандығы туралы жәбiрленушiге хабарланады, 
ол қылмыстық процестi жүргiзушi органның қаулысына жоғары тұрған сотқа 
немесе жоғары тұрған прокурорға шағымдануға құқылы. 
Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген негiздер бойынша 
қылмыстық iстi тоқтатуға, егер күдіктітi, айыпталушы немесе жәбiрленушi 
оған қарсылық бiлдiрсе, жол берiлмейдi. Мұндай жағдайда iс бойынша iс 
жүргiзу әдеттегi тәртiппен жалғастырылады 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет