Кафедра: қаржы және құқық 5B030100 – «Құқықтану»


Тақырып 8:Процессуалдық мәжбүрлеу шаралары



Pdf көрінісі
бет27/55
Дата16.10.2023
өлшемі1,2 Mb.
#116299
түріПрактикум
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   55
Байланысты:
imashev kylmystyk

 
Тақырып 8:Процессуалдық мәжбүрлеу шаралары 
 
Дәріс сабағында қарастырылуға жататын сұрақтар: 
1. Қылмыстық процестегі мәжбүрлеу шараларының ұғымы және түрлері 
2. Ұәстау мәжбүрлеу шараларының ретінде. 
3.Қылмыстық процестегі бұлтартпау шаралары 
4.Қылмыстық процестегі өзге де мәжбүрлеу шаралары 
1. Қылмыстық процестегі мәжбүрлеу шараларының ұғымы және 
түрлері. 
Қылмыстарды тергеу барысында қылмыстық процестің міндеттерін 
орындау үшін қылмыстық қудалау органдары қылмыстық іс бойынша 
маңызы бар дәлелдемелерді анықтауға бағытталған процесуалдық қызметті 
жүзеге асырады. Қылмыстарды тез және толық ашу, оларды жасаған 
адамдарды әшкерлеу және қылмыстық жауапқа тарту, әділ сот талқылауы - 
қылмыстық заңды дұрыс қолдану болып табылады. Әрине, тергеу іс-


35 
әрекеттерін жедел түрде жүргізу барысындағы көп жетістіктерге жетуге 
болады. Бірақ та қылмыстарды тез арада ашу, оларды жасаған адамдарды 
қылмыстық жауапкершілікке тарту, қылмыстық іске қатысушылардың 
құқықтары мен мүдделерінің қорғалуына сәйкес келе бермейді. Себебі, 
жоғарыда аталып өткен міндеттері орындауда табыстарға жету үшін заң 
қылмыстық іс жүргізуге мәжбүрлеу шараларын қолдануды бекітті. 
Қылмыстық іс жүргізудің мәжбүрлеу шараларын қолданудың ерекшелігі сол: 
бұл шараларды жекеше іс жүргізудің қатысушаларына қатысты қолдану 
барысында олардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына 
бірқатар шектеулер қойылған. Яғни, мәжбүрлеу шаралары қылмыскердің 
қылмысты ары жалғастыруының жолын кесуді, және олардың тергеу мен 
соттан бой тасаламауын қамтамасыз етеді.
Қылмыстық процестің мәжбүрлеу шаралары – қылмыстық-процестік 
кодексі заңымен бекітілген, қылмыстық істерді тергеу мен шешуді 
қамтамасыз етуге және қылмыстық сот ісінің тапсырмаларын шешу үшін 
бағытталаған, қылмыстық сот ісінің қатысушыларына және басқа тұлғаларға 
қатысты жүргізілген іс бойынша жауапкершілікті өздеріне жүктеген заңды 
тұлғалар мен органдар арқылы қолданылған мемлекеттік мәжбүрлеудің 
тәсілдері. Мәжбүрлеу шараларының ерекшелігі сол, ол қылмыстық іс 
жүргізудегі көптеген іске қатысушыларға қатысты қолдануы. Олардың 
ішіндегі ең негізгісі болып күдікті мен айыпталушы табылады. 
Мәжбүрлеу шараларын жүзеге асыру адамдардың жекеше басының 
бостандығын және өзге де құқықтарын шектеуге соқтыратын болғандықтан, 
ол шараларды қолдану заңдылық принципін қатаң сақтауды талап етеді. 
Сондықтан, мәжбүрлеу шараларын қолдану үшін заңмен көзделген негізідң 
болуы қажет және ондай шара қылмыстық іс жүргізу органдарының дәлелді 
қаулы шығаруы немесе хатттама жазуы арқылы рәсімделіп қолданылады. 
Мәжбүрлеу шарасын қолдануға жекеше тұлғаның өзінің немесе оның 
мүддесін қорғайтын адамның келісімі қажет етілмейді. Өйткені, мұндай 
шараның мәнісі процеске қатысушы жекеше тұлғаларды қылмыстық іс 
жүргізу тәртібін сақтауға еріксіз көндіру болып табылады. 
Сонымен, процессуалдық мәжбүрлеу шаралары деп қылмыстық іс 
жүргізу міндеттерін орындауды қамтамасыз ету мақсатында өкілетті 
мемлекеттік органдар заңның талаптарын сақтай отырып жекеше тұлғаларға 
қолданылатын еріксіз көндіру амалдарын айтамыз. Бұл шаралар, олардың 
сипатына қарай, әр түрлі болып келеді. Олардың кейбірі тек күдіктіге ғана 
қолданылатын болса, екіншілері – айыпталушыға, ал басқа түрлері өзге 
қатысушыларға да қолданылады. Осындай жағдайларға байланысты ҚПК-де 
көзделген мәжбүрлеу шаралары 3 топқа бөлінеді: 
1)
күдіктіні ұстау; 
2)
бұлтартпау шаралары; 
3)
өзге мәжбүрлеу шаралары.


36 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет