Бұлтартпау шараларын өзгерту. Қамаудың мерзімін ұзартудың тәртібі Алдын ала тергеу және анықтау барысында бұлтартпау шаралары
өзгеруі мүмкін. Тергеу барысында анықталған мән-жайларға бұлтартпау
шаралары қатаң түрге, немесе жеңілірек түрге өзгеруі мүмкін немесе мүлдем
тоқталылуы мүмкін.
Мысалы ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат беру
түріндегі бұлтартпау шарасын күдікті, айыпталушы бірнеше рет бұзса,
уақытылы тергеу органдарына келмесе, соттан немесе тергеуден жалтартқан
жағдайларда ол қамау түріндегі бұлтартпау шарасына өзгертілуі мүмкін. Ол
туралы қылмыстық ізге түсу органдары тиісті қаулы шығарады онда,
бұлтартпау шарасын өзгертудің себебі мен негіздері көрсетіледі және оған
қатысты қосымша материалдар қаулыға қосымша ретінде тіркелуі мүмкін.
Бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу қолданылған күдіктілер мен айыпталушыларды, ұсталғандарды ұстау орындарында ұстау Бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу қолданылған күдіктіні,
айыпталушыны тергеу изоляторларына әкелу шалғайлығына немесе тиісті
қатынас жолдарының болмауына байланысты мүмкін болмаған жағдайда
мұндай адамдар прокурордың қаулысы бойынша, сондай-ақ прокурор, оның
орынбасары санкцияландырған анықтаушының немесе тергеушінің қаулысы
бойынша 30 тәулікке дейін уақытша ұстау изоляторларында ұсталынады.
Осындай тәртіппен ол адамда тергеу іс-әрекеттерін жүргізу немесе істі
соттың қарау үшін аталған мерзімге тергеу изоляторларынан уақытша ұстау
изоляторларына ауыстырылуы мүмкін. Мұндай адамдарды қамауда ұстаудың
тәртібі мен шарттары заңдармен айқындалады.
Бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу қолданылған күдіктіні,
айыпталушыны тергеу іс-әрекеттерін жүргізу үшін бір тергеу изоляторынан
басқа тергеу изоляторына ауыстыру (этаптау) прокурордың қаулысы
бойынша немесе анықтаушының, тергеушінің прокурор санкция берген
қаулысы бойынша жүзеге асырылады.
Жалпы, қылмыстық іс жүргізу заңында бұлтартпау шаралары келесідей
түрлерге бөлінген: ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат
беру; жекеше кепілдік; әскери бөлімдер командованиесінің әскери
қызметшілерді байқауы; кәмелетке толмағанды қарауына беру; кепіл; үйде
қамап ұстау; қамауға алуды жатқызуға болады.