Кафедра: қаржы және құқық 5B030100 – «Құқықтану»



Pdf көрінісі
бет43/55
Дата16.10.2023
өлшемі1,2 Mb.
#116299
түріПрактикум
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   55
Байланысты:
imashev kylmystyk

351-бабы
бойынша қылмыстық 
жауаптылық туралы ескертiледi, бұл туралы хаттамада белгi қойылып, ол 
арыз берушiнiң қол қоюымен куәландырылады.
Қылмыс туралы «домалақ арыз» қылмыстық iс қозғауға себеп бола 
алмайды. 
Кiнәсiн мойындап келу - адамның оған қатысты әлi күмән 
келтiрiлмегенде немесе аталған қылмысты жасағанына айып тағылмағанда 
өзi жасаған қылмысы туралы ерiктi мәлiмдеуi.
Аталған мәлiмдеменi жазбаша да және ауызша да нысанда жасауға 
болады және оны мәлiмдеушi қылмыстық процестi жүргiзетiн органға беруге 
тиiс. Ауызша мәлiмдеме хаттамаға енгiзiледi, хаттамада жасалған мәлiмдеме 
егжей-тегжейлi жазылады. Хаттамаға кiнәсiн мойындап келген адам және 
мәлiмдеменi қабылдаған лауазымды адам қол қояды.
Мемлекеттік органның лауазымды адамының немесе ұйымда басқару 
функцияларын атқаратын адамның қылмыс туралы хабарлауы жазбаша түрде 
жасалуға тиiс. Оған қылмыс туралы жасалған хабарды растайтын құжаттар 
мен өзге де материалдар қоса тiркеледi.


57 
Бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабар газетте немесе журналда 
жарияланғанда не радио, телевидение немесе телекоммуникациялық желілер 
арқылы таратылғанда қылмыстық iс қозғауға себеп бола алады.
Қылмыс туралы хабарды жариялаған немесе таратқан бұқаралық 
ақпарат құралдарында басқару функцияларын атқаратын адамдар қылмыстық 
iс қозғауға құқығы бар адамның талап етуi бойынша жасалған мәлiмдеменi 
растайтын өз қолындағы құжаттар мен өзге де материалдарды беруге
сондай-ақ мәлiметтердi ақпарат көзiн құпия ұстау шартымен берген 
жағдайларды қоспағанда, сол мәлiметтердi берген адамның атын атауға 
мiндеттi. 
Қылмыстық iстi қозғауға құқық берiлген лауазымды адамдардың және 
органдардың қылмыс туралы мәлiметтердi тiкелей анықтауы
Қылмыс туралы мәлiметтердi анықтау қылмыстық iстi қозғауға 
мынадай жағдайларда:
1) өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде анықтау органының 
қызметкерi, тергеушi, прокурор қылмыстың куәлары болғанда не қылмыстың 
iзiн немесе салдарын ол жасалғаннан кейiн бiрден байқағанда;
2) анықтау органы мен анықтаушы қылмыс туралы мәлiметтердi өз 
функцияларын жүзеге асыру кезiнде немесе басқа бiр қылмыс туралы iс 
бойынша анықтауды жүргiзу кезiнде алғанда;
3) тергеушi қылмыс туралы мәлiметтердi басқа қылмыс туралы 
қылмыстық iс бойынша тергеу кезiнде алғанда;
4) прокурор қылмыс туралы мәлiметтердi заңдардың орындалуына 
қадағалау жасаған кезде алғанда себеп болады. 
Қылмыс туралы арыздар мен хабарларды қабылдау мен қараудың 
мiндеттілігi
Қылмыстық iзге түсу органы кез келген жасалған немесе дайындалып 
жатқан қылмыс туралы арызды немесе хабарды қабылдауға, тiркеуге және 
қарауға мiндеттi. Арыз берушiге арызды немесе хабарды қабылдаған адамды, 
оны тiркеген уақыт пен арыз немесе хабар бойынша шешiм қабылдануға 
тиiстi уақытты көрсете отырып, қылмыс туралы қабылданған арыздың 
немесе хабардың тiркелгенi туралы құжат берiледi.
Қылмыс туралы арызды немесе хабарды қабылдаудан негiзсiз бас 
тартуға прокурорға немесе сотқа осы Кодексте белгiленген тәртiп бойынша 
шағымдануға болады.
Сотқа түскен қылмыс туралы арыз немесе хабар, жеке айып тағу iсiн 
қозғау жағдайларын қоспағанда, прокурорға жiберiледi, бұл туралы арыз 
берушiге хабарланады.
Сот қылмыстық, азаматтық немесе әкiмшiлiк iстi талқылау кезiнде 
қылмыс белгiлерiн байқағанда ол туралы жеке қаулы арқылы прокурорға 
хабарлауға мiндеттi. 


58 
Қылмыс туралы арыз немесе хабар бойынша шешiм ол түскен күннен 
бастап үш тәуліктен кешiктiрiлмей қабылдануға тиiс. Қажет болған жағдайда 
қосымша мәлiметтер алу, құжаттарды немесе өзге материалдарды талап етіп 
алу, тексеріп қарауды, іс үшін маңызы бар нәрселерді немесе құжаттарды 
алуды, сараптаманы жүргiзу үшiн бұл мерзiмдi анықтау органының бастығы, 
тергеу бөлiмiнiң бастығы он тәулiкке дейiн, ал ерекше жағдайларда - екі айға 
дейiн ұзарта алады, бұл туралы жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорға 
хабарлануға тиiс. 
Қылмыс туралы арызды немесе хабарды алған әрбiр жағдайда немесе 
қылмыс тiкелей анықталғанда анықтаушы, анықтау органы, тергеу бөлiмiнiң 
бастығы, тергеушi немесе прокурор мынадай шешiмдердiң бiрiн 
қабылдайды:
1) қылмыстық iс қозғау туралы;
2) қылмыстық iс қозғаудан бас тарту туралы;
3) арызды, хабарды тергеу ретiмен, ал жеке айып тағу iстерi бойынша - 
сот ретiмен беру туралы.
4) сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізуді қылмыстық іс жүргізу 
кодекстің 23-1-тарауында көзделген тәртіппен жүзеге асыру туралы. 
Қабылданған шешiм туралы арыз берушiге хабарланады және сонымен 
бiр уақытта оған шешiмге шағым беру құқығы түсiндiрiледi.
Арыз немесе хабар тергеу немесе соттау ретiмен жiберiлген жағдайда 
анықтау органы, тергеу бөлiмiнiң бастығы, тергеушi, прокурор қылмысты 
болдырмау немесе бұлтартпау, сонымен қатар қылмыс iзiн бекіту шараларын 
қолдануға мiндеттi. 
2.ҚР-ның қылмыстық іс жүргізу кодекстің 23-1-тарауында белгіленген 
жағдайларды қоспағанда, қылмыстық іс жүргізу кодексінiң 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет