56
Қылмыстық iс қозғауға себептер мен негiздер:
Қылмыстық iс қозғауға мыналар себеп болады:
1) азаматтардың арыздары;
2) кiнәсiн мойындап келу;
3) мемлекеттік органның лауазымды адамының немесе ұйымда басқару
функцияларын атқарып отырған адамның хабарламасы;
4) бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабар;
5) лауазымды адамдардың және қылмыстық iс қозғауға құқық берiлген
органдардың қылмыс туралы мәлiметтердi тiкелей анықтауы.
Қылмыстық iс қозғауға:
1) қылмыстық iс бойынша iс жүргiзудi
болдырмайтын мән-жайлар
болмаған кезде, қылмыс белгiлерiн көрсететiн жеткiлiктi деректердiң болуы;
2) егер өтініш берілген сәттен бастап екі ай ішінде осы мерзімде
жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары арқылы адамның тұрған жерін
анықтау мүмкін болмаса, адамның жоғалып кетуі негiз болып табылады.
Азаматтардың қылмыс туралы арыздары
ауызша немесе жазбаша
болуы мүмкiн. Жазбаша арызға оны берiп отырған адам қол қоюға тиiс.
Тергеу iс-әрекетiн жүргiзу кезiнде немесе сот талқылауы барысында
жасалған қылмыс туралы ауызша арыз тиiсiнше тергеу iс-әрекетiнiң немесе
сот отырысының хаттамасына енгiзiледi. Өзге
жағдайларда жеке хаттама
жасалады. Хаттама арыз берушi, оның тұратын жерi немесе жұмыс орны,
сондай-ақ оның жеке басын куәландыратын құжаттар
туралы мәлiметтердi
қамтуға тиiс. Хаттамаға арыз берушi және арызды қабылдаған лауазымды
адам қол қояды.
Арыз берушiге әдейi жалған сөз жеткiзгенi үшiн Қазақстан
Республикасы
Қылмыстық кодексiнiң
Достарыңызбен бөлісу: