Байланысты: Ясауи университетінің хабаршысы №1, 2023-464-478
ISSN-p 2306-7365 ISSN-e 2664-0686 ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ , №1 (127), 2023 474
«белорустардың орыстардан тым алшақ екендігі, чехтар және словактармен жақындығы
барлығы анықталды».
Белорустарға қарағанда Финляндия финдері орыстарға генетикалық негізде ең жақын
халық болып шықты. Y-хромосомы бойынша, орыстар мен Финляндия финдерінің ара
қашықтығы бар-жоғы 30 бірліктік шаманы көрсеткен (бұл өте жақын туыстықты көрсетеді).
Ал орыс пен фин-угор халықтары (марийлер, вепсалар, мордовалар және басқалары)
арасындағы алшақтық бар-жоғы 2–3 бірлікті шамада екендігі білінген. Басқашалап айтқанда,
орыстардың да, фин-угорлардың да бір-біріне өте жақын, өзара бауырлас халықтар екендігі
байқалған.
Жоғарыда айтылғандармен қатар, зерттеулер нәтижелері бойынша, орыстардың
татарлармен (орыстар барлық түрк-моңғол текті халықтарды «бұлар татарлар» деп
атамалайды) ара қашықтығы Финляндия финдерімен бірдей, яғни 30 бірлікті шамада
көріністенген. Демек, орыстардың тең жартысының Финляндия финдерімен сияқты,
татарлармен де шығу тектері бір туыстықтары бары білінген.
Украиндықтардың шығу тектері туралы жинақталған мәліметтер де зерттеушілерді
қатты таң қалдырған.
Мысалы, шығыс украиндықтардың шығу тектерінің орыстардың, комилердің,
мордовалардың, марийлердің шығу тектерімен бірдейлігі анықталған.
Ал, батыс украиналықтардың генетикалық тектері, тіпті, күтпеген нәтижеде көрінген.
Олардың генетикалық қалыптары тура татарлардікімен бірдей қалыпта білінген. Ешқандай
да айырмашылық болмаған.
Осылайша, патшалық Ресей және Кеңес тарихшылары негіздеп берген, бірақ осы
уақыттарға дейін «шынайы» екендігіне шаң жұқтырылмай жүрген «Шығыс славяндары»
атты теорияның, яғни орыстардың, белорустардың, украиндардың түпкі шығу тектері бір
өзара бауырлас халықтар екендігінің жалғандығы ашылып қалды [18].
Қорыта айтқанда, еуропалық және орыстық прогресшіл ғылыми басылымдарда
жарияланған ғылыми негізділігі жоғары еңбектерде растамаланғандай, түп негіздегі арғы
түрктекті халықтар еуразиялық кеңістікте орнықтырған мәдениеттер мен тұрмыс қалыптары
адамзаттық өркениетті барынша іргелендіре түскен.
Түп негіздегі арғы түрктекті халықтар ең алғашқылар болып дүниеге бірегей көзқарас
пен діни сенімді (Тәңірге табынушылықты) орнықтырды. Нақ солар ең алғашқылар болып
жер бетінде ірі мемлекеттер құрды. Қоғамдық өмірді құқықтық негіздерде реттеуді
қалыптастырды. Ең алғашқы болып кен өндірді, металл қорытты, еңбек және соғыс
құралдарын темірден жасап пайдаланды. Сөйте жүріп, түп негіздегі арғы түріктекті халықтар
ең алғашқы болып адамзат өркениетінің қарыштап дамуына ықпал етуші болып есептелетін
технологиялық революцияның жандануына себепші болды.
Осындай, сондай-ақ адамзат қоғамының өркениетті дамуына қосқан өзге де жетістікті
үлестері түпкі түрктекті халықтардың болмыстық тарихын жалған ойлардан құрастырылған
шөп-шалам мен қоқыстардан тазартып, жаңаша бағамдауларға жол ашуда.
Атажұртта қалған Маң жауынгерлерінің Маң қолы атануы Жоғарыдағы талдаулар барысында анықтап алғанымыздай, ж.с.д. 14–13-ші
мыңжылдықтарда Шығыс Саян тауларында орын алған жанартаулардың атқылауынан,
сондай-ақ ж.с.д. 10-шы мыңжылдықта Орталық Азияны түгелге жуық қамтыған
қуаңшылықтан жан-жаққа үдере көші-қон түзген аталастарына ілеспей қалған түпкі
түріктекті жұрттар бұынғыша атажұрттарында өмірленіп жатты. Солардың бірі Маң жұрты
болатын. Маңдар мекендеген өңір Мұзтауды ортасына ала Алтай аймағын Саян таулары
баурайларымен жалғастырып жатқан шөбі шүйгін, суы мол құйқалы бір атырап болатын.
Өңірде айналасын күркіретіп Енесейге барып құятын Абақан, Үлкен Кем, Кіші Кем, Обь
өзенін өз суларымен толықтыратын Катунь, Би және Шуй сарқырамалары ағып жататын.
Міне осы өңірді жерсінген Маңдар өсіп-өніп, көбейе түсті. Қияндармен (хяньюндермен)