Түзілімінің тым тереңде жатқандығын дәйекті дәлелдермен негіздеп берді. Сол түпкі түрік текті түзілімдердің қатарында Маң жұрты да аталады



Pdf көрінісі
бет13/17
Дата16.10.2023
өлшемі0,84 Mb.
#116422
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Ясауи университетінің хабаршысы №1, 2023-464-478

ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ

№1 (127), 2023
 
ISSN-p 2306-7365 
ISSN-e 2664-0686 
 
475 
одақтасып Нгуий (Ngui-go, go-сы қытай тілінде «мемлекет» деген ұғым-түсінікті білдіреді) 
мемлекетін орнықтырды. Сөйтіп, шығысы – Тұнық мұхиты, теріскейі – тайганың оңтүстігі, 
батысы – Оңтүстік Сібір, түстігі – Тибет тауларынан Янцзы өзені жағалаулары аралығын 
сонау есте жоқ замандардан бермен қарай мекендеп келе жатқан әскери күш-қуаты мықты 
мемлекетті Хунгурлармен иық тірестірді.
Бұрынарақтағы тарихи әдебиеттерде өзектелмеген бұл мәліметті ғылыми айналымға 
қосқан ескілікті иероглифтерді оқып, мән-мағыналарын түсіндірудің хас шебері қытай 
оқымыстысы Ван Говей болды. Ол ескілікті тарихи жазылым «Цзячувэньдегі» көне 
тексттерді аудармалап, ж.с.д. 3-ші мыңжылдықта қазіргі қытайдың батысында түздік Нгуий 
(Ngui-go) атты мемлекет болғандығын анықтап берді. Сол замандарда, - дейді ол, - барлық 
арғы түздіктер Нүкіз (нохой, ноғай) атанды. Бірақ барша түздіктер осылай аталғанымен, түп 
төркінде олардың бәрі хуньюйлерден (хунгурлардан) бұтақтанған жұрттар деп танылатын 
[19, 34–35-бб.]. 
Қытай оқымыстысы Ван Говей анықтап берген бұл мағлұмат өзге ғалымдардың 
еңбектеріндегі мазмұндаулармен де толыға түседі. 
Мысалы, - дейді қазақ тарихшысы Ж. Байжумин, - ж.с.д. 3-ші мыңжылдықта қазіргі 
Қытайдың теріскей-батысында маңдар құрған Нгуий мемлекеті (Ngui-gо) мәнжүр тілді орман 
тайпаларын өздеріне бағындырды. Нгуий (Ngui-go) мемлекеті билігіне өткен мәнжүр тілді 
орман халықтары маңдардың әскерлерін «маң қолы» деп атамалап кетті. Олардың «Маң 
қолы» дегендері «Маң әскері» дегендері көрінеді. Себебі көне мәнжүр тілінде «Қол» түсінігі 
«Әскер» деген ұғымды білдірген. Ерте және орта ғасырлар тарихнамасында далалық 
халықтар арасында «Моңғол» этнонимді жұрт болғандығы мүлдем аталмайды. Бұл этноним 
Шығыс хан ордасында оған император лауазымын ұлықтаған құрылтайда ойда-жоқтан 
туындаған. Ордада тіркелген қытай елшісі генерал Мэн Хунның айтуынша осы құрылтайға 
дейін «моңғол» деген атауды ешкім білмеген. Құрылтайда Шыңғыс ханды, оның арғы ата-
бабаларын көпірте мақтаған ақылгөйлердің бірі «арғы ататек тарихындағы ержүрек 
мэнвулерді (маңдарды)» еске түсірген. Бұл мақтаудың Шыңғыс ханға ұнағандығы соншалық, 
ол бірден қарауындағы барша халықты «Маң қол» деп атамалауға бұйрық берген. Келе-келе 
«маң қол» аталымы тіл өзгерістеріне қарай «Моңғолға» айналған [20, 59–60-бб.].
Бұл баяндама қытай тарихшысы Е Лунь-ли еңбегіне сілтемеленген төмендегі деректік 
мағлұматпен үйлесе жымдасады. 
«Қидандардан ары, теріскейге қарайғы өңірлерде «Маң-го» (Маң мемлекеті) 
орналасқан. Халқы шөбі шүйгін, суы тұнық жайылымды жерлерді қуалап көшіп-қонып 
жүреді. Тұрақты мекен-жайлары жоқ. Күмбез тәрізді киіз үйлерде тұрады. Киімдерінің 
алдыңғы өңірлерін солдан оңға қарай ашады. Ет жеп, қымыз ішеді. Киімді теріден тігіп
жүннен тоқиды. Оларда мүйіз нақышты садақ, ысқырма жебе, сауыт, қылыш, қанжар, 
семсер, найза, шоқпар, балта, шақан және басқа да ұрыс қарулары мол. Адамдары атқа 
мықты, садақ тартуға шебер, шоқпар, балта, шақан сілтеуге ұста, жаратылыстарынан жауыз 
болады. Үнемі ұрыс-керіс іздеп жүреді. Ел тонайды. Барымтаға үйір. 
Дегенмен қидандармен соғысуға батпайды. Олармен ауыс-түйіс жасап жылқы, өгіз, 
қой, ешкі, жүннен тоқылған бұйымдармен сауда-саттық жасайды. Олардың тұрғылықты 
жерлерінен Ляо мемлекетінің жоғары астанасына дейін 4000 ли (2000 км) болып қалады [21, 
304–306-бб.]. 
Сүй шуда (Суң әулетінің тарихы) былай деп жазылған. 
«Солтүстікте өте биік таулар бар. Сол таулардың арғы жағында өз бастауын Цзюйлунь 
көлінен алып, шығысқа қарай Шицзяньхэ өзені ағады. Осы өзеннің оңтүстігін ала «Мэн-ву» 
(маңбы) жұрты мекендейді». Осыған қарап Е.И. Кычанов Маң жұртының мекенін былай 
анықтайды. «Цзюйлунь көлі бұл қазіргі Хулуньчи (Хулунь-нор, Далай-нор) көлі. Бұл көлге 
Керулен өзені құяды. Ал Ванцзяньхэ өзені бұл Аргунь өзені. Өйткені жазылымға қарағанда 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет