Байланысты: Ясауи университетінің хабаршысы №1, 2023-464-478
ISSN-p 2306-7365 ISSN-e 2664-0686 ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ , №1 (127), 2023 472
«Генеалогия ДНК-сы деректері мен тілдік айғақтарға сүйенген бірқатар зерттеушілер
германдықтарды осы Маң жұртының ұрпақтары болып қалуы мүмкін делініп осы күнге
дейін айтылып келген жорамалды пікірді растамалай бастады.
«Байырғы көне дерек көздерінде «герман» аталымының «ерман», «эрман», «ирман»
деген нұсқалары көріністеніп қалатын. Мысалы IХ ғасырда өмір сүрген араб географы
Мұхаммед ибн әл-Хваризми Германияны: «Ирманйа, а она – земля ассакалиба» [13, 48-б.],
деген дерек берген. Мұндағы ассакалибаның Геродот жазатын «сколоттар» екенін, ал оның
түрікше «асколыты» деп аталатынын тілші ғалымдар әлдеқашан делелдеп қойған болатын»
[14, 152-б.].
Маңдар болмысына қатысты арғы-бергі ғалымдар тарапынан деректелген жоғарыдағы
мағлұматтар әрі лингвист, әрі тарихшы қазақ ғалымы К. Салғараұлы тарапынан қуаттала
түседі.
Каспий теңізінің шығыс жағалауларын мекендеген маңдардың, - дейді ол, - «Тунгр»
(тұң-ар) тайпасы жұрты Батысқа жылжыған. Олар көше-көше келіп, Рейн өзенінен әрі қарай
өткен. Сүйткен тунгрлер осы өңірлерді мекендеп отырған галлдарды талқандап, оларға иелік
еткен. Бағынышты халықтарға өсіп-өнген өңірлерінде аталғандай өздерін «ер+ман»
дегіздіртіп ататқан. Осы «Ерман» аталымының алғашқы бөлігіндегі «ер» (эр, ир) түсінігі
байырғы түрктің «батыр», «нағыз» деген ұғымын білдіреді. Ал, екінші жартылығындағы
«Маңы» этнонимдік аталым. Сонда «ерман» аталымы «батыр маң», «нағыз маң» болып шыға
келеді. Ежелгі «ерман» (эрман, ирман) аталымы бертін келе тіл өзгерістеріне қарай «German»
деп аталымдалып кеткен. Ежелгі заман тарихшыларының германдықтарды ірі денелі, өжет,
аяушылығы аз, қатыгез жауынгер жұрт ретінде сипаттаулары да пікірімізді тұздықтата
түседі. Римдік тарихшы Тацит (58–117 жж.) «напротив, слово Германия новое, недавно
вошедшее в обиход, ибо те, кто первыми переправились через Рейн и прогнали галлов, ныне
известные под именем Тунгров, тогда прозывались германцами. Таким образом,
наименование нового народа постепенно возобладало и распространилось на весь народ;
вначале все из страха обозначали его по имени победетелей, а затем, после того, как это
название укоренилось, он и сам стал называть себя германцами [15, 354-б.]. Демек,
германдықтардың түп тегі маңдардан бастау алатындығының анық-қанығы негізделген
ақиқатты шындық [16, 95–102-бб.].
Орыс шовинист тарихшылары ойдан шығарып алып, дәріптеп жүрген «үндіеуропалық
халық» деген термин қалай пайда болды, енді соның мән-мағынасын талдап көрелік.
А. Гитлер билікті иеленісімен немістердің рухын, саяси және еңбек белсенділігін
көтеру үшін біршама идеологиялық шараларды жүзеге асырды. Сондай шаралардың бірегейі
ретінде немістердің арий текті таза қанды норд тұлғалы халық екендігін дәлелдеуге күш
салды.
Арий текті таза қанды норд тұлғалы неміс халқының шығу тегі мен пайда болған
өңірлерін іздестіртіп Кавказға, Тибетке, Үндістанға, Иранға экспедициялар аттандырды.
Бірақ әлі күнге дейін арий текті халықтың нақты қай аймақта және кімдерден пайда
болғандығы белгісіз. Осыған қарамастан «арий» текті халықтың болғандығы туралы
біржақты, көбіне-көп ойдан «құрастырылған» ұғым-түсінікті теориялар Еуропаны кезіп
кетті. Том-том түсіндірмелер жазылды.
Сталин көзі тірісінде орыс тарихнамасына «арий текті жұрт» терминін «үндігерман
тілді халық» дегіздіртіп, ендіртті. Түріктекті «Маң» халқынан бұтақтанған сақтарды «үнді-
иран» текті жұрт дегіздіртіп, жаздыртты. Орыс тарихнамасы осы «жалған» сталиндік
түсіндірмелерден әлі күнге арыла алмай, жазбаларының ғылымилығын жоғалтып алып жүр.
Басқашалап айтқанда, батыс ғалымы тарапынан күлкіге қалып жүр.
Сталин о дүниелік болып кеткеннен соң «фашистерде іштей кегі бар» орыс тілді яхуди
текті ғалымдар «үндігерман тілді жұрт»» терминін өзгерттіртіп, «үндіеуропалық тілді
халық»» дегіздіртіп жазбалатып алды. Міне, осылайша ХХ ғ. елуінші жылдарынан бермен