Байланысты: Ясауи университетінің хабаршысы №1, 2023-464-478
ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ , №1 (127), 2023 ISSN-p 2306-7365 ISSN-e 2664-0686 473
қарай орыс тарихамасында «үндіеуропалық халық» деген жалған термин мен теория пайда
болды.
Мұның да өзіндік себептері болды. Оны ДНК-генеалогия зерттеу тәсілін
негіздеушілердің бірі американдық ғалым М. Клесов өзінің 2021 жылдың 19 июнь күнгі
«You Tubе»-дегі дәрісінде төмендегіше түсіндіреді.
Соғыс алдында литван текті археолог Мария Гимбутас ханым Каспий теңізінің
шығысы мен Еділ өзенінің төменгі ағысы маңында археологилық қазбалар жүргізеді... Бірақ
фашистерге ілескен бұл ханым алдымен Германияға, әрі АҚШ-қа жер ауады. АҚШ-та жүріп
ХХ ғасырдың 50-ші жылдары Ресейде жүргізген археологиялық қазбаларының нәтижелерін
жариялайды.
Орыс тілді археологтар «көнешұңқыр» мәдениеті де атап жүрген мәдениет ошақтарын
«Қорған мәдениеті» деген терминмен алмастырып алып, «үндігермандық жұрттар» ең
алғашында Каспий теңізі маңы мен Еділ өзенінің төменгі ағысында өмір сүрді. Олар осы
өңірлерден Еуропаға қарай кеткен деп елді дүрліктіреді.
Ал, бұған қарсылық білдірген орыс тілді тарихшылар Каспий теңізі маңында үндіиран
тілді (Сталиннің анықтамасы) сақтар өмірленген. Міне, осылар күллі еуропалық
халықтардың пайда болуының қайнарында тұрған деп даурықты... Осылайша, тарих
ғылымында «үндіирандық тілді жұрттар» ұғым-түсінігі қалыптастырыла бастады.
Шынында да, М. Гимбутас ханым арехологиялық қазбалар жүргізген өңірлерде түпкі
тектері орталықазиялық гаплотоптардан (ру-тайпалардан) бұтақтанған түрік текті «Маң»
жұртының өмірленгені рас, дау тудырмайтын факт. Маңдардың германдықтардың ел болып
қалыптасуына тигізген еңбектері де зор.
Ал, қазіргі, яғни бүгінгі таңда, - дейді ойын одан әрі қарай сабақтаған А. Клесов, -
Каспий теңізі маңында сонау есте жоқ ескі замандарда өмірленген жұрттарды:
1. М. Гимбутас ханымның «үндігермандық»; 2. Сталиннің «үндіирандық» халықтар деп
атамалауының бір жақтылығы білініп қалды.
Өйткені жоғарыда анықтап алғанымыздай, орталықазиялық түпкі гаплотоптардан (ру-
тайпалардан) 200-ге жуық әртүрлі этностар өсіп-өнген. Солардың бірі – R1bJ1b топты жұрт.
Міне, осы топты жұрт және R1bC2а топты жұрт Каспий теңізін айналып, Кавказды басып
өтіп, Анадолы арқылы Балкан түбегіне барған. Онда өсіп, өніп көбейе түскен олардың
бірқатары Таяу Шығысқа, біршамасы Еуропаға, қалғандары кері көшіп Каспий теңізінің
теріскейін ала бұрынғы ата-баба жұртына қоныстанған. Міне, осы жұрт бұдан 23 000 жылдай
бұрын Алтай-Саян таулары мен одан арғы өңірлерде аяқтанған жұрттардың ұрпақтары-
тұғын. Бұл ғылыми тұрғыда дәлелденген ақиқатты шындық. Көші-қон түзіп барып күллі
Таяу Шығыс пен Еуропаның тең жартысына қоныстанған, араға бірнеше мың жыл салып
қайтадан ата-баба қонысына көшіп-қонған жұрт баяғы түріктекті халықтардың ұрпақтары
болатын. Демек «үндіеуропалықтар» деп аталып жүргендердің түріктекті халықтар екендігін
терістеудің өзі де ұятты [17].
Осыны аңғарған прогресшіл орыс ғалымдарының өздері орыс шовинист тарихшылары
тарапынан көрер көзге бұрмаланып, жазбаланып келген еуропалық халықтардың болмыстық
тарихын қайта таразылап, жалған түсіндірмелерден тазарта бастады. Айталық Ресей
медицина академиясының адам генетикасының популяциясы лабораториясы ғалымдары
жүргізген зерттеу нәтижелері орыстардың және солармен түп тектері бір – туыстас делініп
келген жұрттардың шығу тектері кімдерден екендігін анықтап берді.
Бұл зерттеудің бірқатар мәліметтерін «Власть» журналы өз оқырмандарына ұсынған.
Мәліметтерге қарағанда, орыстар ешқандай да «шығыстық славяндар емес», финдер
болып шықты.
Генетикалық негізі бойынша белорустар «шығыстық славян емес», керісінше
«батыстық», яғни поляктармен түбі бір туыс халық болып шықты. Сонымен қатар