10. КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ ҮШІН ПЕДАГОГ КАДРЛАРДЫ ДАЯРЛАУ Жоспар: 10.1 Кәсіптік білім беру жүйесінде педагогикалық кадрларды
дайындау мәселелері мен болашағы
10.2 Кәсіптік білім берудегі инновациялар
10.1 Кәсіптік білім беру жүйесінде педагогикалық кадрларды дайындау мәселелері мен болашағы Кәсіптік білім беру жүйесінде және жұмыспен қамту қызметінің
білім беру мекемелерінде білім беру бағдарламаларын, әдетте,
кәсіптік-педагогикалық қызметкерлер жүзеге асырады. Кәсіптік білім
беру мекемелерінің педагогикалық корпусының негізін оқытушылар
мен өндірістік оқыту шеберлері құрайды.
Қазақстанда ұзақ уақыт бойы өндірістік оқыту шеберлері
индустриялық-педагогикалық техникумдарда, ал оқытушылар
– жо-
ғары оқу орындарының инженерлік-педагогикалық факультеттерінде
дайындалды. Социалистік кезеңде өнеркәсіптік саланың басым дамуы
жұмысшы кадрлардың арнайы кәсіби-біліктілік құрылымын тудырды,
ол өз кезегінде кәсіби мектептің педагогикалық кадрларының
құрылымын да анықтады.
Қазіргі уақытта бастауыш және орта кәсіптік білім беру әлеумет-
тік сала, экономика, қызмет көрсету, денсаулық сақтау салаларына
көбірек бағдар ала бастады. Кәсіби-педагогикалық кадрларға қажет-
тілік артты және олардың біліктілік құрылымын кеңейту қажеттілігі
пайда болды [3].
Білім беру мекемелерін басқару автономды болды, Білім беру
мазмұны өңірлік ерекшеліктерге ие болды, мемлекеттік білім беру
стандарттары енгізілді. Іс-әрекеттердің келісімділігін жоғары және
орта кәсіптік оқу орындарының кәсіптік-педагогикалық білім беру
жөніндегі оқу-әдістемелік бірлестігі қамтамасыз етті.
Мысалы, 5В012000
– Кәсіптік оқыту мамандығы бойынша
бакалавриат түлегіне "Кәсіптік оқыту бакалавры" академиялық
дәрежесі беріледі» [22]. Бітірушілерге мамандануына байланысты