Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2


қасына алды да: «Аллаһтың қалауы бойынша Мысырға



Pdf көрінісі
бет139/266
Дата17.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#116987
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   266
Байланысты:
ПАЙҒАМБАРЛАР ҚИССАСЫ(1)

қасына алды да: «Аллаһтың қалауы бойынша Мысырға 
бейбіт түрде кіріңдер», – деді. Әке-шешесін таққа көтерді. 
Барлығы 
(Юсуфқа) 
сәждеге жығылды»

1
Таң алдындағы уақыт (сәресі уақыты). 


155
 
 
Яғқубтың шариғатындағы сәжде, періштелердің Адамға 
қылған сәждесі сияқты құрмет мағынасындағы сәжде еді. Бірақ 
Ислам шариғатында құрмет сәждесі харам етілген.
Сонда Юсуф:
«Уа, әкетайым! Міне, бұрынғы көрген түсімнің жоруы. 
Раббым оны ақиқатқа шығарды. Сондай-ақ шайтан 
бауырларым мен менің арамды бұзғаннан кейін мені 
абақтыдан шығарып, сахарадан сендерді келтіріп, маған 
игілік көрсетті. Күдіксіз, Раббым қалағанына өте Мейірімді. 
Ол – толық Білуші, хикмет Иесі. Раббым маған патшалық 
беріп, түстердің жоруын үйреттің. Көктер мен жердің 
Жаратушысы, Сен – дүние-ақыретте Иемсің. Мені бойсұнған 
күйде өлтіріп, игілермен бірге қыл!» – деді»

Міне, ұлы мағыналар мен ғибраттарға толы Яғқуб пен Юсуф 
пайғамбарлардың қиссасының жай-жапсары осылай. 
Юсуфтың қиссасынан алынар өнеге-ғибраттар 
1. 
«Юсуф пен оның бауыры әкемізге бізден сүйіктірек»
деген сөзден ұғарымыз: бір кісінің өз балалары мен қыздарын 
әртүрлі дәрежеде жақсы көруінде ешқандай ағаттық жоқ. Бірақ 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) мұны білдірмеуді ескерткен. Дінімізде 
балаларға деген сүйіспеншіліктің әр қилы көрініс табуына тыйым 
салынбаған. Бірақ олардың арасында әділ болуы және оларды 
алалап, араларында бір-біріне деген дұшпандық туғызбау үшін 
кісі өз сезімін жасыруы керек. 
2. Күнә істеуге ниет етіп, сосын тәубе етуді қалаған адамның 
тәубесі қабыл бола ма? Ғұламалар: «Тәубе есігі әрдайым ашық», 
– дейді.
Алайда күнә істеген кісіге өлім ол тәубе етпей тұрып келсе, ең 
қорқыныштысы сол болмақ. 
3. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   266




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет