(Яғқуб)
: «Мен күйзелісімнен де, қайғымнан да Аллаһқа ғана шағым айтамын әрі Аллаһтан сендер білмеген нәрсені білемін», – деді. Сосын оның жүрегінде үміт оты жанып: «Ей, ұлдарым! Барыңдар да, Юсуф пен інісін іздестіріңдер және Аллаһтың мархабатынан күдер үзбеңдер. Өйткені Аллаһтың рақымынан қарсы болған қауым ғана күдер үзеді», – деді» .
Олар әкелерінің тілін алып жолға шықты. Бірақ оларда
пұлдауға жарайтын ешқандай бұйым, зат жоқ еді. Мысырға
келген олар
«Юсуфқа барып кірген кезде: «Уа, уәзір! Бізге және отбасымызға ашаршылық тиді. Біз мардымсыз бір нәрсемен ғана келдік. Сонда да толықтай (астық)
өлшеп бер және бізге садақа да қыл. Күдіксіз Аллаһ садақа берушілерді марапаттайды», – деді» . Олар әр жылы келіп, бір жылдық астық
алып кетіп тұрған-ды. Бұл үшінші жыл еді. Бұл жолы оларда
астық сатып алатын еш нәрсе қалмаған болатын. Олар Юсуфтан
жалынып садақа сұрады. Сонда Юсуф:
«Сендер надандықтан Юсуф пен оның інісіне не істегендеріңді білесіңдер ме?» – деді. Олар: «Сен өзің шын Юсуфсың ба?» – деді» .
Арада бірталай уақыт өткен еді. Құдыққа тасталған кезде ол
жас бала еді. Ал қазір ол үлкен ер жігіт болған. Юсуф :
«Мен – Юсуфпын, мынау – інім. Расында, Аллаһ бізге игілік жасады. Шын мәнінде, кім Аллаһтан қорқып, сабыр етсе, күдіксіз Аллаһ игілік істеушілердің еңбегін зая қылмайды», – деді. Олар: «Аллаһпен ант етеміз! Рас Аллаһ сені бізден артық қойды. Өйткені біз қателескен едік», – деді. (Сонда Юсуф)
: «Бүгін сендерге сөгіс жоқ. Аллаһ сендерді кешіреді. Ол – мейірімділердің ең Мейірімдісі. Енді мына жейдемді апарып, әкемнің бетіне жабыңдар, көз жанары