Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2



Pdf көрінісі
бет228/266
Дата17.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#116987
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   266
Байланысты:
ПАЙҒАМБАРЛАР ҚИССАСЫ(1)

Сондай-ақ 
олардың 
бақылаушысы едік»
3
, – дейді. 
Бұл айтылған кереметтерге қоса, Сүлеймен желге билік 
жүргізді. Аллаһ тағала бұл жөнінде:
«Оған бұйрығымен қалаған жеріне жүретін пайдалы желді 
бағындырдық»
4
, – деген. 
Сүлеймен желдерді қай тарапқа бағыттаса, сол тарапқа олар 
бұлт апарып жаңбыр жаудыратын. Ол сондай-ақ жай желдерге 
ғана емес, дауылды желдерге де үкімін жүргізді. Аллаһ тағала:
«Сүлейменге дауылды желді бағындырдық. Оның 
әмірімен Біз мүбәрак еткен жерге жүреді»
5
, – деп айтқан. 
1
«Сад» сүресі, 37-39 аяттар. 
2
«Сәбә» сүресі, 12-13 аяттар. 
3
«Әнбия» сүресі, 82-аят. 
4
«Сад» сүресі, 36-аят. 
5
«Әнбия» сүресі, 81-аят. 


253
 
 
Сүлеймен пайғамбар желдерге Құдыста отырып билік ететін. 
Құдыс қаласы желдердің орталығы еді. Осы аталмыш желдің 
көмегімен Сүлеймен алыс-шалғай жерлерге аз уақытта жетіп 
баратын. Бұл үшін оның бөрене, тақтайлардан біріктіріліп 
жасалған сал іспеттес үлкен кілемі бар еді. Егер ол бір алыс 
сапарға шығуды қаласа, бүкіл әскері осы кілемнің үстіне 
отыратын да, жел оны астынан көтеріп алып ұшып тиісті жерге 
жеткізетін. Бұл желдің жылдамдығы сондай, Сүлеймен әскерімен 
бір айлық жолды қажет ететін мекенге таң мен түс арасында 
барып, түс пен кеш арасында қайтып үлгеретін делінген.
Аллаһ тағала: 
«Сүлейменге таңертең бір айлық, кешке бір 
айлық 
(қашықтықты басып өтетін)
желді 
(бағындырдық)
»
1
, – 
деген. 
Сүлеймен пайғамбардың тағы бір мұғжизасы – Аллаһ тағала 
әкесі Дәуітке темір өңдеу қабілетін дарытқаны сияқты оған мыс 
көздерін берді. Аллаһ тағала бұл жайлы:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   266




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет