НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19



Pdf көрінісі
бет108/265
Дата17.10.2023
өлшемі3,95 Mb.
#117459
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   265
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

2012 жылғы Парламент сайлауы
2011 жылдың 10 қарашасында Мәжілістің елу үш адамнан тұратын депу-
таттар тобы, Мемлекет басшысы ретінде, маған төртінші шақырылымдағы 
Мәжілісті тарату жөнінде ұсыныс жасады. Бұл қадамның басты себебі ретін-
де, олар қатері мен ауқымын болжап болмайтын әлемдік қаржы-экономи-
калық дағдарыстың жаңа толқыны жақын қалғанын алға тартты. Осыған 
байланысты, депутаттардың пікірінше, барынша тезірек, әлемдік экономи-
калық дағдарыс асқынып кетпей тұрып, Қазақстанда сайлау циклын өткізіп 
алуымыз керек, содан соң бүкіл мемлекеттік органдар, Үкімет пен Парла-


ҚИЯҒА ҚҰЛАШ СЕРМЕУ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
207
мент ештеңеге алаңдамастан, дағдарысқа қарсы қажетті шараларды атқа-
румен айналыса береді. Бұдан бөлек, депутаттар экономиканың тұрақты 
өсуін сақтау, сайлау циклын жеделдете өткізу арқылы әлеуметтік жаңғыру-
ды жүзеге асыру мақсатында жүргізіліп отырған саясаттың сабақтастығын 
қамтамасыз етуді аса маңызды қадам санады.
Ішкі саяси көзқарас тұрғысынан зер салғанда, қолданыстағы заңнамаға 
сәйкес келесі Парламент, сайлау нәтижелеріне қарамастан, кемінде екі сая си 
партиядан жасақталуға тиіс-тін. Демек, көппартиялы Парламент жасақтауға 
мүмкіндік беретін осы бір демократиялық механизмді жүзеге асыру көкейге 
қонымды болар еді. Бұл қадам Қазақстанның көппартиялылық пен саяси 
плюрализм идеяларын ұстанудан айнымайтынын да айқындай түспек.
2012 жылы Парламент Мәжілісінің ғана емес, мәслихат депутаттарын 
да сайлау мерзімі таяп қалған болатын. Осыған орай, Парламент мүше-
лері биліктің заң шығарушы тармағының барлық деңгейіндегі сайлауларды 
біріктіре қатар өткізіп жіберуді жөн деп тауыпты. Бұл шешім әлемдік дағда-
рыс жағдайында сайлау циклын ұзақ кезеңге созып жіберместен, мұндай 
ауқымды шараларды ұйымдастыруға, өткізуге жұмсалатын бюджет қара-
жатын едәуір үнемдеуге мүмкіндік берер еді.
Мен халық өкілдерінің келтірген осындай дәлелдерімен, жалпы алған-
да, келістім. Сөйтіп, 2011 жылдың 16 қарашасында Мәжілісті тарату және 
кезектен тыс сайлау күнін белгілеу туралы Жарлыққа қол қойдым.
Мәжіліс сайлауы 2012 жылдың 15 қаңтарында болды, оған сайлаушы-
лардың 75 проценті қатысты. ОСК-нің түпкілікті мәліметі бойынша, Парла-
ментке үш партия өтті: сайлаушылардың 80,99 процент дауысын жинаған 
«Нұр Отан», сосын «Ақ жол» – 7,47 процент және ҚХКП – 7,19 процент. 
Осылайша, «Нұр Отан» партиясына 83 мандат берілді, «Ақ жол» партия-
сына – 8, ҚКХП-ға – 7 орын тиді. Келесі күні, 2012 жылдың 16 қаңтарында, 
Қазақстан халқы Ассамблеясынан 9 депутат сайланды. Мәжіліс төрағасы 
болып Н.Нығматулин сайланды.
Халықаралық байқаушылар бұл сайлаудың айқын, ашық және бәсекелі 
болғанын, ел азаматтары жүрек қалауын еркін білдіре алғанын айтты. Сай-
лау Қазақстан қоғамы демократиялануының едәуір өсе түскенін көрсетті.
Пропорционалды жүйемен сайланған Парламентке тұңғыш рет өз 
бағдарламаларымен негізгі қоғамдық-саяси трендтерді іс жүзіне асырып 
жүрген үш саяси партия енді. «Ақ жол» оңшыл-либералдық ұстанымға 
адалдығын сақтады, ҚКХП дәстүр бойынша солшыл көзқарас ұстанды, ал 
«Нұр Отан» болса, саяси центризм қағидаларынан айнымайтынын аңғартты.
Енді Парламент партиялары ықпалдастықтың жаңа тұрпатын түзіп, үш 
фракция бас қосқан палатада жұмыстың өзара сындарлы механизмін қа-


208
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
лыптастыруы керек болды. Негізінен «Нұр Отан» халықтық-демократиялық 
партиясы мүшелерінен құралған білікті қауым тұтас Парламент құрылымы-
ның мығымдығын қамтамасыз етті. 
2012 жылғы Парламент сайлауы либералды жаңғыру жолындағы елеу-
лі қадам болды. Бұл Мәжіліс сайлауының маңызды ерекшелігі – елімізде 
тұңғыш рет көппартиялы Парламент сайланды.
Жалпы алғанда, 2010–2012 жылдар Қазақстанның ұстанған үдемелі де-
мократиялық жаңғыру бағытынан таймайтынын байқатты. Өз өкілеттігімді 
онжылдық мерзімге ұзартудан бас тарта отырып, мен демократия прин-
циптері мен Конституцияның мызғымайтынын дәлелдеуге тырыстым.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет