ҚИЯҒА ҚҰЛАШ СЕРМЕУ.
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
215
лығып жатты. Мұның бәріне сеп болған жайт: біздің негізгі экспорттық
байлықтарымыздың – қуат көздерінің, металдың және астықтың әлемдік
бағасының һәм жаһандық сұранысының өсуі арқылы Қазақстан дүние на-
рығына екпіндей енген еді.
Экономикадағы оң үрдістер мемлекеттік бюджеттің ахуалына да тиімді
әсерін тигізді. 2003 жылы бюджет кірісі бірінші рет триллион теңгелік меже-
ден асты. Қазақстан ХВҚ қарыздарын мерзімінен бұрын қайтарды.
Осыған
орай, еліміздің халықаралық беделі едәуір биіктей түсті.
2003 жылдың қарашасында мен кезекті рет Ли Куан Ю мырзамен кез-
дескенімде, осынау тәжірибесі мол шығыс саясаткері мені одан сайын қа-
наттандырар сөздер айтып еді. «Он жыл ішінде Қазақстан таңғаларлық та-
бысқа жетті, мен мұны тіптен күтпеген едім. Сіздер көршілеріңізден озып
кеттіңіздер. Тек олардан ғана емес», – деген-ді ол.
ХВҚ сарапшылары 2004 жылы: «Қазақстанның икемді экономикалық
саясаты оның әлемдегі ең шапшаң дамып келе жатқан елдің біріне айна-
луына мүмкіндік берді», – деп атап өтті.
2004 жылдың қарашасында Қазақстан қаржыгерлерінің Алматыда өт-
кен төртінші конгресінде сөз сөйлеген Бүкіләлемдік
банктің президенті
Джеймс Вулфенсонның лебізі есіме түседі. Ол Қазақстанның экономика-
лық жетістіктеріне тәнті екенін сүйсіне айтқан еді. «Бүкіл әлемде экономика
жылына 4–5 процентке өссе, Қазақстанда 9
процентке өсіпті, – деп еді
ол. – Қазақстандықтардың мақтанатындай да жөні бар. Мен елдеріңіздегі
ілгерілеу бағытындағы бағдарламаларды
жоғары бағалаймын және пер-
спективалық даму жоспарында табиғи ресурстарға ғана емес,
адам ре-
сурсына да сенім арту керектігі жөніндегі Нұрсұлтан Назарбаевтың ойын
қолдаймын. Ең басты байлық – халық, сондықтан да адамдардың, әсіресе
жас ұрпақтың денсаулығына, тәрбиесіне және біліміне барынша көп көңіл
бөлген жөн».
Мұнымен қатар, тағы бір маңызды жайт – Қазақстан мемлекеттік билік-
тің әлсіреуіне, саяси жүйе тепе-теңдігінің бұзылуына жол берген жоқ. Алға
қойылған мақсатты бүкіл деңгейі мүлтіксіз атқарған күшті, жауапты, орта-
лықтандырылған мемлекеттік вертикаль – міне, Қазақстан жетістігінің басты
шарты осы.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, инвестициялық цикл, әдетте онжыл-
дықты қамтиды және электоралды циклдарға қарамастан, ұлттық экономи-
каның орнықтылығын талап етеді. Сондықтан мен тиянақты, дәйекті түр-
де, бір қадам да кері шегінбестен, экономикалық өрлеу сатысында саяси
тұрақтылықты қамтамасыз етер барлық тактикалық іс-әрекеттерге бардым.