НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19



Pdf көрінісі
бет59/265
Дата17.10.2023
өлшемі3,95 Mb.
#117459
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   265
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

3. 
САЯСИ
 
ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ
 
ЖЕМІСІ
МЕМЛЕКЕТТІК
 
ҚҰРЫЛЫС
 
ЖӘНЕ
 
САЯСИ
 
ПРОЦЕСТЕР
 
Мемлекеттік басқару жүйесі. Кәсіби мемлекетке бет алу 
«Қ
азақстан-2030» стратегиясының негізгі бағыттарының бірі ретін-
дегі кәсіби мемлекет тұжырымдамасында орталық және жергілікті 
билік органдарының қалыптасуы мен қызметінің принциптеріне қатысты 
жеті тармақты нақтылап бердім. Олар: негізгі функцияларды атқаратын 
шағын үкімет, әрбір ведомствоның мемлекеттік стратегияны берік ұстануы; 
ведом ствоаралық және өңіраралық үйлестіру жұмыстарының мүлтіксіздігі; 
минис трлердің өкілеттіктерін кеңейту мен олардың жауапкершілігін артты-
ру; министрліктер ішіндегі орталықсыздандыру жүйесі (орталықтан – өңір-
лерге), белгілі бір мемлекеттік функцияларды жеке секторға беру; сыбайлас 
жемқорлыққа қарсы күрес; жалдау жүйесін жетілдіру, кадрларды дайындау 
және оларды ынталандыру жүйесін жетілдіру. 
Мен жаңа типтегі мемлекеттік қызметкердің қалыптасуына ерекше мән 
бердім. Мемлекеттік қызметкер ұлт қызметшісі, патриоты, сондай-ақ өте 
әділ, өз ісіне адал және кәсіби білігі жоғары адам болуы қажет. 
1999 жылдың 23 шілдесінде қабылданған «Мемлекеттік қызмет тура-
лы» заңда мемлекеттік лауазымдар саяси және әкімшілік қызмет болып 
екіге бөлінді. Мұның өзі мемлекеттік қызметтің кәсіби деңгейін арттыруға 
ықпал етті. Бұдан былай мемлекеттік қызметке білім-білік бәсекесінде озып 
шыққан маманның келуіне жол ашылды.
Мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуды біз орталық органдардан 
бастадық. 1997 жылдың наурызында министрліктер мен ведомстволар 
саны екі есе қысқарды және олардың жұмыс принципі түбегейлі өз-
герді. Енді әрбір тапсырманы нақты орындау мерзімі белгіленді. Мамыр-
да еліміздің әкімшілік-аумақтық құрылымына өзгеріс енгізілді. 19 облыс 
орнына –14 облыс, 230 аудан орнына 169 аудан құрылды. 1997 жылғы 
әкімшілік-аумақтық реформа негізінде сыртқы шекарасы мемлекеттік 
шекара болып табылатын облыстарды қайта құрудың үлкен маңызы бар 
еді. Шекаралас өңірлерді ірілендіру олардың жағдайын тұрақтанды-
рып, егемен Қазақстанның біртұтастығына ықпал етті. Іріленген облыс-
тар шекарамен шектес қалалардың атымен емес, Солтүстік Қазақстан, 


ҰЛЫ БЕТБҰРЫС. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫНЫҢ БАСТАЛУЫ
125
Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан болып, тұтастай 
өңірлердің атымен аталды. 
Нәтижесінде, мемлекеттік басқару жүйесі кәсіби, ықшам және саны 
жағынан да оңтайлы бола түсті. Осы кезеңде мемлекеттік қызметкерлер 
25 мың адамға қысқарды. Осылайша, бюджеттік қаражаттан миллиондаған 
теңге үнемделіп, сол уақыттың ең өткір мәселесі – зейнетақы мен жалақы 
төлеуге жұмсалды.
Мемлекеттік қызмет реформасы үлкен қоғамдық сілкініс туғызды. Оны 
жақтаушылар да, өткір сынағандар да болды. Біз сол кезде қарапайым 
логиканы басшылыққа алдық. Еңбек адамының үстінен қарайтын сонша-
ма бастықтың не қажеті бар? Олар халықтан жиналған салықтың есебі-
нен айлық алатын. Бұған өз облысының кірісі жетіп жатса жақсы. Жоқ, бұл 
үшін өзін-өзі қамтамасыз етіп отырған облыстар есебінен ақша аударуға 
тура келетін. Жылы орындарынан айырылған шенеуніктер, әрине, менің 
шешіміме қарсы болды. 
1998 жылдың 2 шілдесінде Қазақстан жаңадан тәуелсіздік алған мем-
лекеттердің ішінде бірінші болып «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес 
туралы» заңды қабылдады. Сол жылы осы заңның базасында мемлекет-
тік бағдарлама жасалды. Мемлекеттік бағдарлама орта мерзімдік кезеңге 
(1999–2000 жылдар) есептелді. 1999 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы 
қимыл жасайтын арнайы мемлекеттік комиссия құрылды. 
Сыбайлас жемқорлықпен күрес барлық деңгейде жүрді. Өз қызметін 
теріс пайдаланған жоғары шенді адамдар қызметінен айырылып, сотқа 
тартылды. Сарапшылар атап өткендей, өз ісіне бақылау бар екенін, мұнан 
былай жұмысы қатаң және принципті түрде бағаланатынын сезген шенеу-
ніктердің психологиясында өзгерістер көріне бастады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет