НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19


Астананы көшіру: күмән, тәуекел, сенім



Pdf көрінісі
бет58/265
Дата17.10.2023
өлшемі3,95 Mb.
#117459
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   265
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

Астананы көшіру: күмән, тәуекел, сенім 
Жаңа бастамаға сенімсіздік танытып, сары уайымға салынатындар 
аз емес екенін білсем де, Астананы көшіру туралы шешімге келдім. Сол 
шешімімді кейінге қалдырғым келмеді. Мемлекетіміз, қоғамымыз және эко-
номикамыз үшін стратегиялық мәні бар шешімді кейінге қалдырғым кел-
меді. 1994 жылдың 6 шілдесінде Жоғарғы Кеңес алдына астананы көшіру 
туралы мәселені төтесінен қойдым. 
Астананы Алматыдан – республиканың орталық өңірі Ақмолаға көшіру 
қажеттігін логикалық тұрғыдан дәлелдеп, мұндай шешімге негіз болған 
нақты себептерді ашып көрсетуге арналған Парламент сессиясының пле-
нарлық мәжілісіндегі сөйлеген сөзімді осы күнге дейін ұмытпаймын. Мін-
берге шықтым. Ішкі толқынысымды басып, сәл кідірдім де, өз ойымды 
дәлелдеуге көштім. 
Баяндамама дейін-ақ «Астананы Ақмолаға көшіру туралы қарар қабыл-
данады екен» деген сөз депутаттық корпусқа тарап, мемлекеттік қыз-
меткерлер арасында талқыға түскен екен. Ұзынқұлақтан жеткен хабар бір 
басқа, ал ресми мәлімдеменің жөні бөлек. Жылы орнын суытып, бейтаныс 
қалаға көшу кімге ұнай қойсын. Бір сөзбен айтқанда, астананы ауыстыру 
туралы шешімді депутаттар ду қол шапалақпен қарсы алмайтыны белгілі 
болды.
Дағдарыс жағдайында осындай орасан зор жобаны қолға алудың 
қаншалықты қажеті бар? Парламент мүшелерін мазалаған сұрақ осы еді. 
Көпшілігі мұны құрғақ қиял деп білді. Ал таяз ойлайтын кейбіреулердің 
ойынша, астананы ауыстыру мемлекет мүддесінен емес, менің себебі өз-
деріне ғана белгілі жеке қалауым екен. Қысқасы, дәл сол сәтте осы батыл 
бастаманы көп ешкім қолдай қойған жоқ.


120
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
Мен де табандылық таныттым. Келтірген дәлелдерімнің дұрыстығына 
депутаттардың көзін жеткізуге күш салдым. Ақыр соңында депутаттардың 
көпшілігі менің уәжіме тоқтады. Нәтижесінде Жоғарғы Кеңес аз ғана дауыс 
басымдығымен 1994 жылдың 6 шілдесінде «Қазақстан Республикасының 
астанасын көшіру туралы» қаулы қабылдады. Үкіметке мегажобаның техни-
калық-экономикалық негіздемесін әзірлеу тапсырылды.
Талқыға салынған шешімнің дұрыстығына күмәнмен қараушылардың 
қарсылығын жеңе отырып, мен межелеген жолмен жүйелі түрде қадам жа-
сай бердім. «Қазақстан Республикасының астанасы туралы» Жарлық 1995 
жылдың 15 қыркүйегінде, яғни Конституция қабылданғаннан кейін бірден жа-
рияланды. 
Осылайша, саясаткер және ел басшысы ретінде тәуекелге бас тіктім. 
Олай етпесіме болмады. Өйткені бүкіл әлем қауымдастығына, ең алдымен, 
өзімізге, тәуелсіз Қазақстанның қолынан не келетінін көрсетуіміз керек 
болды. 
Республикалық органдарды Алматыдан Ақмолаға көшіру үшін арнайы 
Мемлекеттік комиссия құрылды. Үкімет қаладағы жаңа нысандарды салуға 
қатысатын инвесторлар үшін жеңілдіктер бағдарламасын жасауға нұсқау 
алды. Бюджеттен тыс қаражаттарды жинақтау үшін арнайы «Жаңа астана» 
қоры құрылды.
Елімізге оңай соқпаған 1996 және 1997 жылдарда істің басы-қасында 
болып, нақты шешімдер қабылдау үшін және қарқыны күннен-күнге үдеп 
келе жатқан жұмыс барысын бақылау үшін өзім де Ақмолаға келдім. Жина-
лыстар өткіздім, құрылысшылармен сөйлестім.
Ақмоланың құрылысына Қазақстанның барлық облыстары қатысты. 
Астана көші басталар тұста әр аймақ мемлекеттік орган қызметкерлерінің 
отбасылары үшін көп пәтерлі екі үй салып беруді міндетіне алды. Бұл үй-
лердің тұрғындары кейін осы үйлерді «Алматының үйі», «Қарағандының 
үйі», «Қостанайдың үйі» деп атап кетті. Жаңа астанада сәулетшілердің, ин-
женерлердің, прорабтардың, құрылысшылардың, көші-қон жұмысын ұй-
ымдастырушылардың ерен еңбегінің іздері бар.
Ақмоланы екі жыл ішінде астана ету мүмкін еместей көрінген. Әйтсе де 
біз қиялдағы арманның нақты өмір шындығына айналуы үшін қолдан кел-
геннің бәрін жасадық. Сол бір қиындығы да, қызығы да көп болған, ерекше 
құлшыныспен, ертеңгі сәулелі күндерге деген нық сеніммен білек сыбана 
іске кіріскен кезде қасымнан табылған, жаңа астана құрылысына өлшеусіз 
еңбек сіңірген жандарды әрқашан ерекше ықыласпен, ризалық сезіммен 
еске алам. Олардың қатарында В. Ни, А. Бөлекбаев, А. Есімов, Ж. Кәріпжа-
нов, Ә. Жақсыбеков, Т. Досмұхамбетов, Н. Макиевский, Ф. Галимов, Б. Нұр-


ҰЛЫ БЕТБҰРЫС. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫНЫҢ БАСТАЛУЫ
121
пейісов, О. Песков, В. Иванов, К. Омаров, Р. Бекболатов, А. Аубеков, Н. Ти-
хонюк, А. Рустамбеков және басқалар бар.
1997 жылдың 20 қазанында оқиға барысын жеделдету үшін «Ақмола 
қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы» қау-
лы мәтінін ауызша айтып жазғыздым және дәл сол күні осы қаулыға қол 
қойдым. Бұл қаулы «Қазақстан-2030» Жолдауын жария еткеннен кейін тура 
10 күн өткен соң қабылданды. Мұның да символдық мәні бар деп білемін. 
Осы қаулыға сәйкес, Ақмола 1997 жылдың 10 желтоқсанынан бастап 
рес публика астанасы болды. 8 қараша күні қалаға Қазақстанның мемле-
кеттік символдарының эталондары: Мемлекеттік ту, Елтаңба және Прези-
дент байрағы салтанатты түрде әкелінді.
Көп ұзамай-ақ жаңа астанаға заман талабына сай жаңаша ойлайтын, 
ұйымдасып, тез, жанын салып жұмыс істей алатын білікті мамандар жедел-
детіп келе бастады.
10 желтоқсанда Ақмолада менің төрағалық етуіммен Парламент пала-
тасы мен Үкіметтің бірлескен отырысы болды. Осы атаулы күні астананы 
көшіру өз мәресіне жеткен саяси оқиға екені айтылды.
Қазақстан халқына арнаған үндеуімде: «Бүгін біз, Қазақстан Республи-
касының жоғарғы билік органдары, Ақмола қаласының 1997 жылғы жел-
тоқсанның 10-ынан бастап мемлекетіміздің астанасы екені жөнінде сал-
танатты түрде мәлімдейміз. Бұдан былай және ғасырдан-ғасырға осында 
– ұлан-байтақ елдің кіндігінде халық тағдыры үшін өмірлік маңызы бар 
шешімдер қабылданатын болады. Отанымыздың жүрегі енді осы жерде 
соғады. Осы жерден Қазақстан үшінші мыңжылдықтың табалдырығында 
өзінің тарихи тағдырын айқындайтын болады», – деген едім.
Бір күннен кейін,1997 жылдың 12 желтоқсанында, жаңа астанада бірқа-
тар ел басшыларының – С. Демирел (Түркия), И. Каримов (Өзбекстан), 
А. Акаев (Қырғызстан), Э. Рахмонның (Тәжікстан) қатысуымен жоғары дең-
гейдегі бірінші халықаралық кездесу өтті. 
1998 жылы әуежайдан келе жатқан жолда «Еліміздің жаңа орталығын 
«Астана» деп атауды дұрыс көрем» деп, ойымда жүрген сөздің ұштығын 
шығарып қалған едім. Кешқұрым резиденцияда астана атауына байланыс-
ты әңгімеміз жалғасты. «Астана» деп атауға не себепті ықыласым ауғанын 
айтып, дәлелді дәйектер келтірдім. «Біріншіден, «астана» сөзінің мағынасы 
айқын. Елдің бас қаласы ұғымын білдіреді. Екіншіден, саяси және тарихи 
тұрғыдан алғанда да, әркім әрқалай түсініп, қабылдайтындай атау емес. 
Үшіншіден, «астана» деген сөздің өзі қаланың атқаратын қызметін көрсетіп 
тұр. Мемлекеттік тілде айтсаң да, басқа тілде айтсаң да, құлаққа жағымды, 
айдынды атау. Оның үстіне: жаңа астаналар тұсаукесерінде қала атауы – 


122
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
әлем мемлекеттері бас қалаларының тізіміне еніп, қала символына айна-
луы да мүмкін», – деген едім. 
1998 жылдың 6 мамырында «Қазақстан Республикасының астанасы Ақ-
мола қаласының атауы – Астана қаласы болып өзгертілгені туралы» Жар-
лыққа қол қойылды. Астана деген жаңа атау қаланың мемлекеттік деңгей-
дегі бас ты қызметін дәл бейнелеп тұр. Тарихи сабақтастықты сақтау үшін 
Ақмола облысының атауын бұрынғыша қалдыру жөнінде шешімге келдік.
1998 жылдың 10 маусымында тәуелсіз Қазақстанның жаңа астанасының 
халықаралық тұсаукесері өтті. Салтанатты рәсім мерекелік той-думанға 
ұласты. Айтулы оқиға еліміздің барша халқының, сондай-ақ шетел жұрт-
шылығының назарында болды.
Елорданы Алматыдан қазіргі Астанаға көшіру жаңа мемлекетіміздің 
өмір жолындағы маңызды белес болғанын айтуымыз керек. Астаналық 
мәртебе қаланың қазіргі заманғы саяси-әкімшілік, экономикалық, оқу-
білім, мәдениет орталығы ретінде дамуына жаңа серпін берді. Жаңа аста-
наның бой көтеруі – еліміздің жедел дамуына жол ашар жақсылықтың басы 
сия қты көрінеді.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін құру туралы 
Жарлық – жаңа астананың мәртебесін биіктетер игі істердің басы бол-
ды. Көпшілік күтпеген бұл шешім Ақмоланы қайта салу қызу жүріп жатқан 
кезінде, 1996 жылдың мамырында қабылданды. Мұндай қадамға көптен 
көкейде жүрген ойымды іске асыру үшін бардым. Сол қиын-қыстау жыл-
дардың өзінде жаңа астананы еуразиялық және ғаламдық ауқымдағы ірі 
халықаралық және ғылыми-ағарту орталығы етуді ойлайтынмын. Көп ұза-
май, астананың басқа да жоғары оқу орындары – С. Сейфуллин атындағы 
Қазақ агротехникалық университеті мен Қазақ мемлекеттік медицина ака-
демиясы (бүгінде – Астана Медицина университеті) ірілендірілді. 
Жаңа астана алғашқы күндерден бастап-ақ қазақстандықтарды өзіне 
тарта бастады. 1998 жылдың өзінде Астанаға 14 мың адам келді, одан әрі 
де қала халқының саны өсе берді. 
Астананың экономикалық рөлі күшеюінің маңызы ерекше болды. 1996 
жылы Ақмолада арнайы экономикалық аймақ құрылған болатын. Астанаға 
инвестиция тартуға соның көп ықпалы болды. Тұрғын үй құрылысы жедел 
қарқынмен дамыды. Қала құрылысы жобаларына Түркиядан, Израильден, 
Италиядан және басқа көптеген елдерден келген инвесторлар белсене қа-
тысты. Қазақстан компаниялары айрықша белсенділік көрсетті. 
1998 жылдың 15 желтоқсанында, Тәуелсіздік күніне орай, жаңа астанада 
алғаш рет салтанатты жиын өтті. Сол жиында мен: «Сәулет өнері шебер-
лерінің шығармашылық соны ізденістерінен туған өзіндік сипаты ерекше 


ҰЛЫ БЕТБҰРЫС. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫНЫҢ БАСТАЛУЫ
123
әсем ғимараттары арқасында Қазақстанның енді ғана бой көтерген аста-
насы қайталанбас келбетке ие болады», – деген едім. Менің көкейімде: 
«Астана еуразиялық өркениет орталықтарының бірі болады. Есілдің сол 
жақ жағалауында су жаңа қала – болашақтың қаласы бой түзеуі тиіс» деген 
ой тұрды. 


124
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет