136
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
камызға тікелей капитал салатын шетелдіктерді ынталандыру үшін нақты
шаралар қабылдады.
1996 жылдың қарашасында Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік ко-
митет құрылып, оның басшысы Премьер-министрдің
бірінші орынбаса-
ры мәртебесіне ие болды. 1997 жылдың 28 ақпанында қабылданған «Қа-
зақстанға тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы» заң шетел
инвесторлары үшін жасалатын жеңілдіктер жүйесін кеңейтті. Табыс және
жер салығының, сонымен қатар мүлік салығының мөлшері: келісімшарт
жасалған сәттен бастап, алғашқы бес жылда – 100 процент,
келесі бес
жылда 50 процентке дейін төмендетілді. Заң, сондай-ақ импортталатын
жабдықтарды, инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қажетті шикізат
пен материалдарды кедендік баж салығынан толық және ішінара босатуды
қарастырды.
Тәжірибе көрсеткендей, бұл шаралар елімізге келетін инвестиция ағы-
нын күшейтуге ықпал етті. Сол уақытта ұлттық экономикаға бай ресурсы,
жаңа технологиялары мен орасан зор көлік-логистикалық арналары бар
ірі трансұлттық корпорацияларды тарту – халықаралық бизнес-қоғамдас-
тықтың алдында еліміздің беделін көтеру үшін де керек еді.
Сол уақытта бізде «Үкіметпен, мысалы, АҚШ-тың үкіметімен келіссе жет-
кілікті, инвестициялар өз-өзінен суша ағып келіп жатады» деген қалыпта-
сып қалған қасаң түсінік болды. Әлі есімде, АҚШ Президенті Билл Клинтон
маған бір күні былай деді: «Өзіміздегі компанияларға қысым жасай алмай-
мын. Бірақ саған берер кеңесім – Қазақстанда
жұмыс істейтін барлық аме-
рикалық мұнайшыларды жина. Олар бұл кездесуге экономиканың басқа
секторларының адамдарын тартсын. Бәріне де Қазақстандағы мүмкіндік-
терді айтып түсіндір. Бұл – менің министрлерімнің өтініштерінен әлдеқайда
тиімдірек болар еді». Мен осылай жасадым. АҚШ-қа барған кезімде Ва-
шингтондағы бірқатар ірі компаниялардың басшыларын жинадым. Заңна-
мадағы өзгерістер туралы, елімізде құрылған шетелдік инвесторлар кеңесі
жөнінде, капиталды қорғаудың сенімді кепілдемесі туралы, келешектегі
жоспарларымыз жайлы айтып бердім. Сөзім далаға кеткен жоқ. Сол кезде-
суде мен: «Ізгі ниет, ықыластарыңның белгісі ретінде, Астанада «Қазақстан»
спорт кешенін салып берсеңдер, тіпті құба-құп!» деген едім. Инвесторлар
сөзге келген жоқ. Сол бойда-ақ 10 миллион доллардан астам сома тұратын
құрылысты қаржыландыруға келісті, Астанаға оралғаннан кейін, тура көз
алдымда кешенді жеделдетіп салып берді.
Кейінірек Алматыда Қазақстанның бірінші инвестициялық саммиті ұй-
ымдастырылды. Оған ірі халықаралық компаниялар басшылары келді. 1997
ҰЛЫ БЕТБҰРЫС. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫНЫҢ БАСТАЛУЫ
137
жылдың 5 маусымында мен әлемдік бизнестің бетке ұстар өкілдері алдын-
да
сөз сөйлеп, жас мемлекетіміздің болашағы мен әлеуеті туралы жан-
жақты толық ақпарат бердім.
Нәтижесінде, 1997 жылдың қыркүйегінде Қазақстан экономикасындағы
тікелей шетел инвестицияларының көлемі 7 миллиард долларға артып,
шетел компанияларының келісімшарт негізінде бекітілген ұзақ мерзімді ин-
вестициялық міндеттемелері 60 миллиардтан астам долларға бағаланды.
Шетелдік капитал салымының көлемі бойынша Қазақстан жаңа тәуелсіз
елдер арасында алдыңғы орындардың біріне шықты: Орталық Азиядағы
барлық тікелей инвестициялардың 80 процентінен астамы Қазақстанның
үлесіне тиді.
1990-шы жылдардың екінші жартысында
Қазақстан экономикасы-
на келген ірі инвесторлар АҚШ, Ұлыбритания, Түркия, Оңтүстік Корея,
Франция және Жапония компаниялары болды. Қазақстан халықаралық
бизнестің айтарлықтай қаржылық қолдауына ие болып, жаңа сауда
кеңістігіне кірді, сондай-ақ жаңа технологияларды және озық басқару
әдістерін үйренуге қол жеткізді. Шетелдік инвестиция көмегі арқасында
ірі кәсіпорындардың тоқтауына жол берілмеді
және сол кезеңдегі өткір
әлеуметтік мәселелерді оңтайлы шешуге де сырттан келген инвестиция-
лардың көмегі көп болды.
1998 жылдың қыркүйегінде, менің төрағалығыммен, құрамына Қазақстан
жобаларын жүзеге асыруға қатысқан 11 шетелдік ірі компания мен халықа-
ралық ұйымдардың басшылары кіретін шетел инвесторларының кеңесі
құрылды. Иинвесторлармен жүйелі түрде тең құқықты, тиімді диалог жүр-
гізу үшін мемлекетке тұрақты негізде жұмыс істейтін осындай кеңесші-кон-
сультациялық орган керек еді. Кеңестің бірінші отырысы Оңтүстік-Шығыс
Азияның қаржы нарығындағы бұрын-соңды болмаған катаклизм кесірі-
нен әлем экономикасының басына ғаламдық дағдарыс бұлты үйірілген
қиын-қыстау шақта Алматыда өтті. Бірақ әлем экономикасының шат-шәле-
кейін шығарған осындай дағдарыс Қазақстанға шетелден келіп жатқан
ауқымды инвестициялар ағымына тоқтау сала алмады. Бұған себеп болған
басты фактор – Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық тұрақтылық еді.
Шетел инвесторлары кеңесінде сөйлеген сөзімде Қазақстанмен іскерлік
ынтымақтастықтағы барлық шетел компанияларын
жаңа бизнес-жоспар
негізінде жұмыс істеуге шақырдым. Тек табиғи ресурстар өндіруге ғана қа-
тыспай, дайын өнім шығаруға да атсалысу жөнінде ұсыныс жасадым. Мұн-
дай жағдайда шетелдік инвесторлар еліміздің аумағында толық өндірістік
жүйе қалыптастырар еді. Біз іскер серіктестерімізге Қазақстанның экономи-
138
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
калық саясаты алыс келешекті ойлап жүргізілетінін және «Қазақстан-2030»
стратегиясы шетелдік инвестицияларды көбірек тарта отырып,
жоғары
деңгейдегі экономикалық дамуға қол жеткізуді көздейтінін түсіндірдік.
Достарыңызбен бөлісу: