130
ТӘУЕЛСІЗДІК
ДӘУІРІ
кеттік қызметкерлердің, ауыл тұрғындарының, зиялы қауымның – барлық
орта топтың негізін құрайтын адамдардың мүдделерін қорғайтынын көр-
сетті. Партия қоғамды одан әрі демократияландыруды, халықтың тұрмыс
деңгейін арттыруға бағытталған экономикалық және саяси реформаларға
белсенді ықпал етуді, сонымен қатар ел азаматтарын отаншылдық рухта
тәрбиелеуді негізгі мақсатымыз деп білді.
1999 жылдың наурызында «Азамат» азаматтық қозғалысы, Ғалым Әбіл-
сейітов басқарған Қазақстанның «Азамат» демократиялық партиясы (ҚДП)
болып қайта құрылды. Партия басты мақсатын экономикалық және саяси
реформалар, азаматтық қоғам мен демократиялық құқықтық мемлекетті
қалыптастыру деп жариялап, өзін елдегі негізгі оппозициялық күш ретінде
көрсетті .
Сонымен қатар, Қазақстан әйелдерінің
қоғамдық мәртебесін арттыру
жолында Раушан Сәрсембаеваның төрағалығымен Қазақстан әйелдер ұй-
ымдарының Саяси альянсы құрылып, ол 1999 жылдың маусымынан бастап
жұмыс істей бастады.
Осылайша, 1990 жылдың аяғында еліміздің қоғамдық өміріне белсене
араласқан партиялар қоғамның әртүрлі топтарын біріктірді.
Алға қойған
мақсат-міндеті әртүрлі партияларға тек бір ғана шектеу қойылды: Консти-
туция және заң жолымен тыйым салынған – сословиелік, діни, рулық, тағы
да басқа осы тәріздес бағыт ұстанған партиялар құруға жол берілмеді.
1999 жылдың қазанында Мәжіліс сайлауы өтті. Бұл сайлау алғаш рет
бұрынғыдай
мажоритарлы жолмен емес, аралас жүйе бойынша өткізіл-
ді . Депутаттыққа бір мандатты 67 аймақ бойынша 595 кандидат тіркелді:
қоғамдық бірлестіктерден – 74 кандидат, өзін-өзі ұсыну тәртібімен 394 кан-
дидат дауысқа түсті.
Сайлауалды жарысқа 10 партия қатысып, бірақ белгіленген жеті про-
центтік тосқауылдан тек «Отан» РСП (30,89 процент дауыспен), КПК (17,75
процент), ҚАП (12,63 процент) және АҚП (11,23 процент) партиялары ғана
өтті. 10 депутаттық мандаттың партиялық тізім бойынша сайлауға түскен
кандидаттарға берілуі елде көп партиялы жүйе қалыптастырудағы алғашқы
қадам болды.
Бұл сайлауларда Қазақстан партияларының (сайлауалды
жарысқа
10 партия қатысты) саяси өмірге белсенді қатысуға дайындығы сыннан
өтті. Сайлаушылардың берілген дауыстарына пара-пар партия өкілдік-
терін енгізу тепе-тең дауыс беру жүйелерін енгізу жолындағы алғашқы
қадам болды.
ҰЛЫ БЕТБҰРЫС. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫНЫҢ БАСТАЛУЫ
131
Достарыңызбен бөлісу: