НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19



Pdf көрінісі
бет68/265
Дата17.10.2023
өлшемі3,95 Mb.
#117459
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   265
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

Ауыл шаруашылығындағы реформалар
1996–1997 жылдарда Қазақстанда 162 мемлекеттік ауыл шаруашылығы 
кәсіпорны жекешелендірілді. Бірақ нарықтық жағдайда көптеген ауыл 
тұрғындары мүліктік жарналар мен шартты жер үлестерін өтеусіз алса да, 
меншігіне алған шаруашылығын дұрыс жолға қоя алмады. Соның салда-
рынан көптеген өндірістік кооперативтер өз активтерін тиімді пайдаланып, 
іске жаратудың орнына, қайта өңдеуші және қызмет көрсетуші ұйымдар-
дың акцияларын арзанға сатып, көп ұзамай-ақ негізгі және айналым қара-
жатынан айырылып қалды. 
1990-шы жылдардың екінші жартысында дағдарыс зардабынан әлі оңа-
ла алмаған шаруашылықтарда егін шығымы нашар болып, мал басы мен 
құс саны азайды. Баға теңсіздігі, баспа-бас айырбас және өнім нарығының 
тарылуы салдарынан ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының борышы 
күннен-күнге өсіп, 1998 жылдың басында 120 миллиард теңгеден асып кет-
ті. Ауылды дағдарыстан шығару үшін мемлекет шаруасы әбден кері кет-
кен жүздеген ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын банкрот деп таныды. 
Екі жыл бойы жүргізілген банкроттау шарасы нәтижесінде оларды қорда-
ланған қарыздарынан құтқарып, ауыл шаруашылығы активтерінің меншік 
иелерін ауыстырды. Банкроттауға дайындық кезінде өндірістің негізгі қара-
жаты жалақы үшін төленуге тиіс берешекті өтеу есебінен еңбек ұжымда-
рына және негізгі кредитшілерге бөліп берілді. Еңбек ұжымдары қарыз 
ауырт палығынан құтылған жаңа кәсіпорындар құруға мүмкіндік алды. 
Дәл осы тәсілмен елде мыңдаған шаруа қожалықтары құрылды. Әйтсе де 
инвес торлар аграрлық сектормен жұмыс істеуге пәлендей құлық таныта 
қойған жоқ. 1990-жылдардың соңында ауыл шаруашылығына салынған 
инвестициялар үлесі 0,4 процентке кеміді. Оның үстіне сол кезде еліміз-
де ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен өнімге тапсырыс беру ісінің 
жолға қойылмауы жағдайды тіпті қиындатып жіберді. 
Нарықтық экономиканың әрі қарай дамуы жер қатынастарын қайта 
қарап, батыл шешімге келуді талап етті. Қарыз ауыртпалығынан құтылған 
жаңа шаруашылықтарға үлкен үміт артылса да, ауыл шаруашылығы ай-
налымында қаржы-қаражаттың болмауы – саланың дамуына қолбайлау 


ҰЛЫ БЕТБҰРЫС. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫНЫҢ БАСТАЛУЫ
139
болып, адымын аштырмады. Коммерциялық банктер кепілге қоятын өтімді 
мүлкі жоқ шаруа қожалықтарына несие беруден бас тартты.
Қиындықтан шығудың қажетті жолы – жерге жекеменшік енгізу сияқты 
болып көрінді. 1995 жылғы Конституцияда жерге мемлекеттік меншік те, 
жекеменшік те бола алатыны көрсетілді. Қоғам жерді жекеменшікке беру-
ге толық дайын емес еді. Ірі латифундистердің – алпауыт жер иелерінің 
пайда болу қаупі қоғамды қатты мазалады. 1999 жылдың шілдесінде әзір-
леніп, Парламентке ұсынылған ауыл шаруашылығы жерлеріне жекеменшік 
құқығын белгілеген «Жер туралы» заң жобасы сынға ұшырап, қайта қарау-
ға жіберілді.
Толыққанды нарықтық экономика жағдайында жерге жекеменшіктің 
болуы міндетті нәрсе деп білгендіктен, жер реформасы туралы талас-тар-
тыс басталған кезде-ақ осы пікірімді дәйекті түрде қорғап, табанды түр-
де жақтап сөйледім. Халық мүддесін қорғау – мемлекет басында отырған 
адамның ең бірінші парызы. Сондықтан қоғамдық көзқараспен санасу қа-
жет деп біліп, ерте ме, кеш пе мемлекет шешуші қадам жасайтынына сене 
отырып, ойланып әрекет жасадық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет