НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19



Pdf көрінісі
бет65/265
Дата17.10.2023
өлшемі3,95 Mb.
#117459
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   265
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

 4. 
ОҢ
 
ӨЗГЕРІСТЕР
 
ЖОЛЫНДА
ЭКОНОМИКАЛЫҚ
 
САЯСАТ
 
ЖӘНЕ
 
ЭКОНОМИКАНЫ
 
ТҰРАҚТАНДЫРУ

ӘЛЕУМЕТТІК
 
РЕФОРМАЛАРДЫҢ
 
БАСТАЛУЫ
 
Экономикалық қайта құру 
мен жекешелендірудің жаңа кезеңі 
Б
ір мың тоғыз жүз тоқсаныншы жылдардың бірінші жартысы Қазақстан 
Республикасының нақты егемендігін алуымен, мемлекеттігіміздің негізін 
қалыптастырумен, саяси және әлеуметтік-экономикалық тұрақтандыруға 
жұмсаған ерен еңбегімізбен ерекшеленеді. 
Бұл жолда қол жеткізген үлкен жетістігіміз 1995 жылғы Конституция бол-
ды. Жаңа мемлекеттің берік іргетасы қаланғаннан кейін ел экономикасы-
ның дамуына жаңа серпін беретін өзгерістер қажет болды. Ең алдымен, 
болашағымызды айқындайтын негізгі стратегиялық маңызды мәселелерді 
шешу керек еді. Сонымен қатар алдымызда нарықтық реформаларды 
аяқтау және экономиканы қарқынды дамыту міндеті тұрды. 
Бұған дейін атқарған қызметіміздің барлығы осы міндеттерді орындауға 
алғышарттар жасап берді. 1995 жылға қарай Қазақстан экономикасы экс-
портты және ауылшаруашылық өнімдерін ұлғайту есебінен алғаш рет оң 
сауда теңгеріміне қол жеткізді. Сол жылы Үкімет, менің тапсырмам бойын-
ша, өндірістің құлдырауын болдырмауға және халықтың тұрмыс деңгейін 
арттыруға бағытталған 1996–2000 жылдарға арналған индикативтік жоспар 
әзірледі. Дегенмен, экономикадағы осындай жүйелі өзгерістер қарқынын 
күшейту қажет болды. Биліктен жылдам нәтиже талап етіп, шыдамсыздық 
танытушылар да аз болған жоқ. Мұндайда мен – еліміз экономикалық ре-
форма жасауға тек 1993 жылдың қарашасында, айналымға ұлттық валюта 
– теңге енгізілгеннен кейін ғана нақты кіріскенін сыншылардың есіне сала-
тынмын. Кеңестік шаруашылық үйіндісінен – жаңа өмірге икемді экономика 
құрып, еркін нарықтық қатынастарға белсене араласып кету үшін екі жыл 
жеткіліксіз мерзім еді. Бұл – Қазақстанның үлкен жолға енді ғана қадам 
басқан кезі болатын. 
1995 жылдың соңында менің тапсырмам бойынша 1996–1998 жылдарға 
арналған Жекешелендіру және мемлекеттік меншікті қайта құрылымдау 
бағдарламасы әзірленді. Бағдарлама келесі жылдың ақпанында бекітілді. 


134
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
Жаңа үшінші кезеңде отандық өнеркәсіптің көшбасшылары – ірі кәсіп-
орындар және электр энергетикасы мен мұнай өнеркәсібі сияқты стратегия-
лық салалар нысандары жекешелендірілді. Бұдан былай мемлекеттік мен-
шік жеке қолға тек бір ғана жолмен – сатып алу жолымен көшетін болды. 
Экономиканың барлық салалары үшін арнайы бағдарламалардан басқа, 
кәсіпорындар үшін жеке жобалар әзірленді. Бұл жобалар сарапшылар
бағалауы негізінде, орталық және жергілікті биліктерден түскен ұсыныстар-
ды ескере отырып жасалды. 
Атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша, 14,5 мыңнан астам мемле-
кеттік меншік нысандары жекешелендірілді. Осы кезеңде өндіріске капитал 
салуға жеткілікті ресурстары бар өзіміздің отандық инвесторлар алғаш рет 
белсенділік танытты. 
Ірі кәсіпорындарды сенімді басқаруға беру және одан кейін сату нәтиже-
сінде мемлекеттік және жекеменшік капиталының қатысуымен жаңа өнер-
кәсіп алыптары – «Қазақмыс», Еуразиялық топ, «Қазмырыш», «Қазхром» 
және т. б. құрылды. 
1999 жылы басталған жекешелендірудің төртінші кезеңінде барлық мем-
лекет меншігі республикалық және коммуналдық болып екіге бөлінді. Ком-
муналдық меншікке – мемлекетке тиесілі әртүрлі бизнес-құрылымдардағы 
акциялар, 953 акционерлік қоғам мен серіктестіктер үлестері өтті. Бұл ны-
сандар жергілікті билік органдарының шешімі бойынша жекешелендірілуі 
мүмкін еді.
Жалпы алғанда, 1991–2000 жылдар аралығында жүргізілген жекешелен-
діру (шағын, жаппай, жеке) барысында жеке қолға жалпы сомасы 215,4 мил-
лиард теңге болатын 34,5 мың нысан көшті. Жекешелендіру процесінде 
қоғамда әр алуан пікір тудырған олқылықтар болғанына қарамастан, осы-
ның негізінде жекеменшік иелері мен еркін кәсіпкерлердің жаңа әлеу меттік 
топтары құрылды. Жекешелендіру процесі елдің әрі қарайғы әлеу меттік-
экономикалық дамуында жағымды ықпалы болды. Осылайша, Қазақстан 
экономикасы ырықтандырылған нарық жолына нық қадам басты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет