НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19


Ұлттық компаниялар: мемлекет мүддесі үшін



Pdf көрінісі
бет66/265
Дата17.10.2023
өлшемі3,95 Mb.
#117459
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   265
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

Ұлттық компаниялар: мемлекет мүддесі үшін 
Өнеркәсіптік кәсіпорындарды жекешелендіру бізді экономикалық са-
ладағы ұлттық мүдделерді қорғау шараларын іске асыруға міндеттеді: ұлт-
тық экономикамыздың іргетасы іспетті қоғамымыздың игілігіне айналған 
өндіріс орындары, сонымен қатар қашанда мемлекеттің басты назарында 
болатын табиғи монополиялар салалары қорғалуы тиіс еді.


ҰЛЫ БЕТБҰРЫС. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫНЫҢ БАСТАЛУЫ
135
Мен 1998 жылдың шілдесінде «Табиғи монополиялар және реттелетін 
нарықтар туралы» заңға қол қойдым. Өндірістің технологиялық ерекшелі-
гіне байланысты, бәсекелестікке жағдай тудыру мүмкін болмағанда неме-
се бұлай етудің еш қажеттігі жоқ кезде табиғи монополия болатыны осы 
заңнамалық актіде көрсетілді. Табиғи монополияға: темір жолдар, мұнай 
мен газды тасымалдауға арналған құбыр жүйелері, электр және жылу 
желілері, телекоммуникация, авиация, әуежайлар, атом өнеркәсібі, сумен 
қамтамасыз ету, пошта байланысы жатқызылды. 
Аталған салалардың маңыздылығын ескере отырып, мен олардың 
әрқайсысынан – бақылау пакеті мемлекет меншігінде болатын ұлттық ком-
паниялар жүйесін құруға шешім қабылдадым. Коммерциялық пайда табуды 
көздейтін мақсаттардан басқа, мұндай компаниялар коммерциялық емес, 
яғни мемлекет және қоғам қажеттіліктерінен туындайтын әлеуметтік-эко-
номикалық және инфрақұрылымдық мәселелерді шешуді міндетіне алады.
Осылайша, 1997 жылы салалық нарықта жетекші рөл атқаратын не-
гізгі ұлттық компаниялар құрылды. «Мұнайгаз» мемлекеттік компаниясы 
«Қазақойл» ұлттық компаниясы болып қайта құрылды. «Оңтүстікмұнай-
құбыры» мен «Орта Азия және Қазақстан магистралдық мұнай құбырла-
ры» өндірістік бірлестіктерінің бірігуі нәтижесінде, кейіннен «Қазтрансойл» 
болып атауы өзгерген «Қазақмұнайқұбыры» Ұлттық компаниясы пайда 
болды. Алматы, Целинная және Батыс Қазақстан темір жолдары қарқын-
ды даму жолына түскен экономикамызға сапалы көлік-логистикалық қыз-
мет көрсету үшін құрылған «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы-
ның қол астына кірді. Елдің бірыңғай электр энергетикалық жүйесі KEGOC 
(Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) акционерлік қоғамының 
басқаруына берілді. «Волковгеология» геологиялық барлау компаниясы
үш кен басқармасы (Далалық, Орталық, Алтыншы) және Үлбі металлургия 
зауыты, уранды және оның қосылыстарын, сирек металдарды, атом стан-
саларына арналған ядролық отындарды, арнайы жабдықтарды, екі мақсат-
та қатар қолданылатын материалдар мен технологияны – барлау, өндіру, 
қайта өңдеу және экспортқа шығарумен айналысатын «Казатомпром» ұлт-
тық компаниясы құрамына кірді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет