Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


д р аб тілді ислам философиясы



Pdf көрінісі
бет85/305
Дата17.10.2023
өлшемі20,78 Mb.
#117665
түріОқулық
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   305
Байланысты:
Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3

д р аб тілді ислам философиясы
89
коғамның барлық мүшелерінің дербес құқықтарын қамтамасыз ету үшін жеткілік- 
хі қоғамдық ықпалға ие билеуші таңдап алуы тиіс. Билеуші билікке тек «’асабият» 
феноменінің көмегімен жетеді, кім болса да, әйтеуір бір индивид билікке ерекше 
қасиеттерінің (шыққан тегі, қабілеттілігі, байлық жэне т.б.) арқасында ие болса 
және топтың ерекше мүшесі, жетекшісі ретінде мардымсыса немесе «Вахий» (ар. 
«ашу») феноменінің арқасында билік бір қолдан бірнеше қолға ауысса, бірақ бүл 
ясолы олардың арасындағы нақты шайқастың нэтижесінде емес, құдайылық ашы- 
лудың шешімі бойынша орын алған.
Адамның парасаты мсн мүмкіншіліктерінде өркениеттің шынайы себебі 
жасырын жатыр; солай бола түра ибн Халдун адамдардың бір қоғамға бірігуіне 
бір ғана табиғи инстинкт (ар. «гаризат») жеткілікті деп санайтын жэне Монтес- 
кьеден бұрын айтқан Аристотельге қарсы шығады. Ибн Халдун үшін эрбір адам 
- терең әлеуметтенген жэне өзінің өмір сүретін қоғамының айнасы. Қатаң детер- 
минділеуден оны тск қоғамдағы адамдармен қарым-қатынас үрдісі барысындағы 
нақты таланты құтқара алады.
Адам - періштелер әлемі мен жануарлар әлемінің арасында орналасқан тір- 
шілік иссі. Адам екі әлеммен де байланыс орнатуға қабілетті. Ерік-жігер, пиғьш 
жэне ойлау, міне осы үш сипаттама оны екі әлемнен де ерекшелеп тұрадьт. 
Солардың ішінде бастысы ойлау күші болып саналады немесе тек соның негізін- 
де ғана адам тандау жасай алады. Алайда ибн Рушдтағы секілді ибн Халдунда да 
«болмыс» пен «бейболмыстың» кеңістігі, «жалған» жэне «жалған емес» құдай- 
лық алдын ала анықтаумен анық сызып көрсетілген. Үздіксіз ойлау адамға «әл- 
‘ақл ат-тамйизийге» («дискрименттік парасат») иелік етуге көмектеседі, бұл 
ақыл оған сезімдік элемнің шекарасын еңссруге мүмкіндік береді жэне болашақ 
оқиғалардың барысын болжауға үйретеді. Заттардың абстрактілі формасы 
(«м’акулят») парасатқа физикалық элем заттарының энтелехиясын көруге жэ­
не осы әлемдегі заттар мен оқиғалардың жұмыс істеу мэнін түсінуге мүмкіндік 
береді. Ибн Халдун үшін бүл бір жағынан «теоретикалық ойлау» («назар») деп 
аталады. Заттарды қабылдаудың осы деңгейіне жету үшін көптеген әдістер бар, 
мысалы, адам белгілі бір уақытқа дейін өзінің тамағын, ішетін суын, ұйқысы мен 
айналасындағы адамдармен қарым-қатынасын шектеуі тиіс.
Алайда адам қоғамда өмір сүруі керек. Өзін жауларынан қорғау жэне өзінің 
қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін адам қоғамға мұқтаж болады. Бұл тек оның 
тұқымын жалғастыруға ғана мүмкіндік беріп қоймай, өзінің басты мақсатын жү- 
зеге асыруға да көмектеседі, яғни ол -Жердегі Алланың өкілі болу жэне Алланың 
есімдерінің ең күрделі көріністерін бейнелеуші өркениетті қалыптастыру. Бұл, 
сонымен қоса ибн Халдун негізін қалауға тырысқан «өркениет туралы ғылым- 
ның» пэні. Жоғары дамыған өркениетті немесе мэдениетті қүру адам туынды- 
сының басты мақсаттарының бірі деп Қасиетті Қүранға сүйене отырып, санаған 
ойшыл («Ақиқатында, мен Жер бетінде өкілімді жасағым келеді!» - деп айтты 
сенің Құдайың» (2:30)).
Бұл жағынан алғанда, география тарихтың алғышарты болып саналады, өйт- 
кені ол географиялық орналастыруларды жэне өркениеттің физикалық қасиет- 
терін зерттейді. Сондықтан ибн Халдун «өркениет туралы ғылымды» түсіндіру-


90
III 
тарау. О ртағасы рльщ философия
ден емес, адамдар өмір сүретін географиялық сол элемді жай ғана бейнелеуден 
бастайды.
Ибн Халдун көшпенділер өмірі жайлы өте көп айтты. Сонымсн, ол былай 
дейді, - көшпенділер өздерінің өмір бақи жиған-тергендерін сақтай алмайды, сон- 
дықтан олар қолда барларын қанағат тұтады. Мұның барлығы олардың мекенде- 
ген жерлеріндегі табиғи жағдайды бақылауда ұстауға қабілетсіздіктерінен бастау 
алады.
Адамның табиғаты былайша қалыптасқан, яғни ол жай ғана өмір сүріп немесе 
басқаларына өмір сүруге көмектесіп қана қоймай, сонымен бірге басқаларынан 
асып түсуді де ойлап жүреді. Сонымен бірге көшпенділер өмірі өзара көмек 
пен серіктестікті қалайды, өйткені өз кезегінде, «рөлдерді бөлу» жэне басқару- 
шыларды таңдауды жөн көреді.
Онтологиялық жағынан көшпенділік өмір қаншалықты қажетті? Мұндай 
қажеттілік жоқ, керісінше, жай ғана орналасқан жерінің трансформациясы туралы 
сөз болып отыр, яғни көшпенділік пен отырықшы өмір жиі бірін-бірі алмастырып 
отырады. Көшпендінің отырықшы тұрғынға айналуы тіпті де міндетті емес; негі- 

зінен, сирек болса да, ксрісінше жағдайлар орын алып тұрады. Отырықшы және 
көшпенді өмірдің арасындағы байланыс күрделі, көшпенділік өмір барлығының 
негізі, ал отырықшы өмір оның негізінде қалыптасқан; алайда отырықшы өмір 
қажетті заттарға емес, сонымен бірге қосымша заттарға мұқтаждықты басынан 
өткеруші көшпенділер үшін жиі күтілген мақсатқа айналады. Отырықшылыққа 
көшу көшпенді өмірдің заңды аяқталуының бірі болып саналады.
Ибн Халдун бойынша, адам өзінің туысқандарына табиғи жақындықты се- 
зінеді, қиын жағдайда оларға көмектескісі келіп түрады. Алайда «туысқандық 
байланыс» ұғымы - жалған; шындап келгенде, бұл жерде ең маңызды рөлді 
«қандас туысқан» концепциясы алады. Туысқандық байланыстың мәні бір ата- 
анадан туған адамдардың бірігіп өмір сүруі және олардың арасында терең рухани 
біртүтастықты қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Өркениеттің дамуына климат, географиялық орны, ауаның құрамы, жемісті- 
лігі және жердің дымқылдығы секілді бірнеше маңызды факторлар ықпал етеді. 
j
Географиялық орны дінге, құндылыққа, парасатқа, тәнге, тері мен көздің тү- 
сіне эсер етеді. Философ, бір-бірінен ең бірінші, температурасы жағынан ерек- 
шеленетін Жердің жеті өңірінің бар екендігі (яғни Шалғайдағы Оңтүстік өте ыс- 
тық, ал Шалғайдағы Солтүстік өте суық; ортада орналасқан өңірлер барлығынан 
қоңырсалқындығымен ерекшеленеді деген ұсыныс) туралы түжырымнан құтыла 
алмады. Температура адамдардың темпераменттеріне, киімдеріне, тамақтарына, 
ғылымы мен сәулет өнеріне жэне тіпті дінге де эсер етеді, сонымен, «Оңтүстіктің 
немесе Солтүстіктің шалғай өңірлеріндегі тұрғындар қандай да бір дінмен таныс 
емес, сол уақытгарда көптеген пайғамбарлар ортаңғы үш өңірде пайда болған 
еді». Соңғыларына ибн Халдун Жерорта теңізін, Оңтүстік Араб елін, Ирак, Үн- 
дістан, Қытай мен Андалусияны жатқызады.
Ойшыл сол уақыттағы климат адамның мінезіне әсерін тигізеді деген танымал 
теорияға көп назарын аударады. Сонымен, суық пессимизм мен негізсіз муңаюға 
эуестендіреді, ал ыстық артық оптимизм мен бос қуануға әуес қылады. Сонымен 
бірге ойтттыл Джин Бодин мен Монтескье секілді өркениетгің климаттың эсерін




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет