Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы



Pdf көрінісі
бет145/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   250
Байланысты:
Жануар кітап

Ac қорыту жүйесі 
түтік түрінде ауыз тесігінен басталып, артқы 
жағында аналь тесігімен аяқталады.
Зәр шығару жүйесі 
құрсақ кірпікшелілердікі сияқты прото- 
нефридиальды. Жұп түтіктері қысқа, ұштары жұлдызша клеткамен 
аяқталады.
Нерв жүйесі 
жұтқыншақ айналасындағы нерв сақинасынан және 
құрсақ нерв тізбегінен тұрады. Денесінің буынына сәйкес, әрбір 
зонита да ганглия клеткаларының жиынтығы байқалады.
Сезім мүшелері 
қылтаншылардан және жұптасқан қарапайым 
көзшелерден тұрады.
Жыныс жүйесі. 
Киноринхалар дара жынысты. Жыныс бездері 
жұп, жыныс жолдары дененің артқы бөлімінде ашылады. Жұмырт- 
қаларынан личинкалар шығып, бірнеше рет түлеп, ересек түрлеріне 
айналады. Түлеген уақытта денесіндегі тақталары жаңадан түзіледі.
Киноринхалардың шығу тегі толық зерттелмеген. Денесінің құры- 
лысына қарап оларды жұмыр құрттар типіне жатқызады. Кутикула- 
ның болуы, личинкаларының түлеу арқылы өсуі, дара жыныстылығы 
оларды нематодтармен, ал протонефридияның құрылысы 
құрсақ 
кірпікшелілермен жақындастырады. Кейбір ғалымдар киноринхалар- 
ды скребнилерге және түкті құрттардың личинкаларына ұқсатады.
ТҮКТІ Қ¥РТТАР КЛАСЫ 
NEMATOMORPHA
Бұл класқа буынаяқтылардың, әсіресе, насекомдардың дене 
қуысында паразиттік тіршілік ететін құрттар жатады. Денесі өте 
жіңішке, цилиндр немесе шаш тәрізді, ұзындығы бірнеше санти- 
метрден 1-1,5 метрге дейін болады. 225-ге жуық түрлері бар.
Қүрылысы мен физиологиясы. 
Денесі тығыз тері жамылғы - 
кутикуламен қапталған, оның астында бір қабатты эпителий және 
ұзына бойы бұлшықеттерден тұратын тері-бұлшықет қапшығы 
орналасқан.
Ac қорыту жүйесі 
ұзына бойы созылған тік түтік тәрізді, ал- 
дыңғы, ортаңғы және артқы ішектен тұрады. Көптеген түрлерінде 
алдыңғы ішегі редукцияға ұшырайды немесе мүлде дамымайды.
15—574


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет